---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-13-2033-zhylgha-dejin-munajdy-kim-basqarady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2033 ЖЫЛҒА ДЕЙІН МҰНАЙДЫ КІМ БАСҚАРАДЫ?

![Добыча нефти](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology.jpg)

Локализация – бұл патриоттық ұран емес, экономикалық есеп. Қазақстан мұнайы үшін 2033 жыл – жай ғана күнтізбедегі сан емес, ұлттық экономиканың ең үлкен емтиханы. Себебі Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сынды алып жобалардағы келісімдер осы жылдары аяқтала бастайды. Кейбірін қайта қарау қажеттілігі күн тәртібіне шығады. 30 жыл бойы оларды халықаралық консорциумдар басқарды. Технология да, басқару да, негізгі табыс та соларда болды.

[![ИИ-иллюстрация atlascompany / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology-1024x578.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology.jpg)ИИ-иллюстрация atlascompany / Freepik.com

**ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ: **

Кадр мәселесінде ілгерілеушілік бар. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтағы қатардағы қызметкерлер мен техникалық мамандардың 90%-дан астамы – Қазақстан азаматтары. Бұрғылаушылар, операторлар, механиктердің мықты мектебі қалыптасты.Бірақ проблема басқа жерде.

**Басқарушылық және ғылыми деңгейде тәуелділік**** сақталып отыр**

Күрделі мұнай-газ нысандарын жобалау - FEED деңгейінде отандық мамандардың үлесі аз. Халықаралық деңгейдегі бас инженерлер мен архитекторлар негізінен сырттан келеді.2. Технология саласында жағдай одан да күрделі. Қазақстан әлі де "тұтынушы" рөлінде, өзіндік өнімдер өте аз.Төмен деңгейлі локализация: Ел ішінде қарапайым металл конструкциялары, арнайы киімдер, құбырлар мен клапандардың кейбіртүрлері шығарылады.Жоғары технологиялық импорт: Ұңғымаларды цифрлық модельдеу, теңіз платформаларын басқару бағдарламалары, күрделі бұрғылау жабдықтары мен катализаторлар 100% шетелден әкелінеді. SLB, Baker Hughes, Halliburton сияқты алыптарға балама жоқ.Ғылыми-зерттеу әлсіз: Мұнай саласына арналған отандық ғылыми институттар мен инновациялық орталықтардың жаңа технологияларды ойлап табуға қаржысы да, техникалық базасы да жеткіліксіз.Яғни технология да, басқару да, негізгі табыс та әлі соларда

**АСТАНАНЫҢ**** АЛДЫНДАҒЫ ЕКІ ЖОЛБІРІНШІ ЖОЛ: ТҰРАҚТЫЛЫҚ, БІРАҚ ТӘУЕЛДІЛІК**

Келісімді шетелдік компаниямен ұзарту. Өндіріс тоқтамайды, инвестиция жалғасады. Қысқа мерзімде бәрі тыныш.Бірақ ұзақ мерзімде күрделі шешімнің бәрі әлі де шетелдік кеңседе қабылданады. Жаңа технологияны біз емес, олар игеріп, бізге "қызмет" ретінде сатады. Мемлекет бюджетке тек салық пен роялти алады.

Яғни қара алтын біздің жерімізден шыққанымен, оның ең қымбат бөлігі – ақыл мен технология – елден тыс қала береді.

**ЕКІНШІ ЖОЛ: ДЕРБЕСТІК, БІРАҚ ТӘУЕК****ЕЛ**

Операцияны біртіндеп ұлттық компанияға беру. Пайданың басым бөлігі ел ішінде қалады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз.Бірақ бұл жолдың бір ғана, алайда ең үлкен шарты бар: ұлттық маман.

Міне, осы жерде біз 30 жылдық қателігімізбен бетпе-бет келіп отырмыз

Бұрынғы Премьер-Министр Әкежан Қажыгелдин бұл мәселені 90-жылдардың өзінде көтерген. Ол кезде ел экономикасын аяғынан тұрғызу үшін шетелдік инвестицияға амалсыз бардық. Бірақ оның орнына 30 жыл уақытымыз болды."Трансұлттық компаниялар қыруар табыс тапты. Ал біз басқарушылық тәжірибені, бірегей технологияны толық игере алмадық. Егер 2033 жылы кеніштерді өзіміз басқара алмасақ, жауапкершілік ұлттық кадр даярламаған жүйеге жүктеледі", – деген еді ол.Бүгін сол сөз нақты экономикалық тәуекелге айналып отыр. Өйткені күрделі қысым, күкіртсутек, терең қабат – мұның бәрін басқара алатын инженерді бір күнде дайындау мүмкін емес.

**5. 62 МЛРД ТЕҢГЕ ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІЗДІК**

Соңғы жылдары мемлекет бұл алшақты жабуға тырысты. Жаңа ереже бойынша әрбір жер қойнауын пайдаланушы шығынының 1 пайызын кадр даярлауға жұмсауға міндетті. 3 жылда жиналған қаржы ондаған миллиардқа жетті.Бірақ нәтиже қайда? Ашық есеп жоқ.

Себебі ақшаның басым бөлігі қысқа мерзімді курсқа, формалды оқуға, қымбат шетелдік тренингке кетті. Ал толыққанды мұнай-газ инжиниринг мектебі, өндірісте жұмыс істейтін мықты инженерлер корпусы қалыптаспады.Бұл – ең қымбат қателік. Себебі біз зауытты салғанда ғана инженер іздейміз. Ал оны құрылыс жүріп жатқанда, технологияны бірге орнатып жүріп дайындау керек еді. Сол кезде ол жабдықты ішіне дейін білетін болады.

**6. ЭКОНОМИКА НЕ ДЕЙДІ?**

Шетелдік маманды ұстау – мемлекет үшін өте қымбат. Оның жалақысы, әлеуметтік пакеті, отбасымен бірге келуі – бәрі шығын. Ал өз маманымыз болса, ол ақша ел ішінде айналып, салық болып қайтады.Екіншіден, келісім үстеліндегі күш. Егер бізде "бұл жұмысты тек біз жасай аламыз" дейтін маман болмаса, ертең шетелдік серіктестің кез келген талабына келісуге мәжбүр боламыз. Бұл – тікелей экономикалық шығын.

**ҚОРЫТЫНДЫ: ****7 жыл – дайындық кезеңі.**

Министрлік жаңа модельді енгізіп жатыр: компаниялар кадр резервін алдын ала дайындауға, қазақстандық маманға басымдық беруге міндетті.Бірақ қағаздағы ереже жеткіліксіз. Нақты өндірістік тәжірибе, халықаралық стандарттағы білім, жауапкершілік алуға дайын басқарушы керек.Локализация – бұл "қазақылық" үшін емес. Бұл – таза экономика.

2033 жылға дейін Қазақстан тек «жұмыс күшін» емес, «технологиялық және интеллектуалдық меншікті» локализациялап үлгеруі керек. Әйтпесе, жобаларды өз қолымызға алған күннің өзінде, шетелдік технологиялық сервистерге миллиардтап төлеуді жалғастыра береміз.Егер 2033-ке дейін біз тізгінді ұстайтын миды дайындамасақ, қара алтынның тізгіні тағы да өзге қолда қалады. Ал ол кезде жоғалтатынымыз – тек ақша ғана емес, ұлттық экономиканың дербестігі болады.

---

Опубликовано: 2026-09-13T09:38:46+05:00

Обновлено: 2026-09-13T09:38:48+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-13-2033-zhylgha-dejin-munajdy-kim-basqarady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.