---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-14-ajnalaw-ulttyq-bank-nege-erezheni-oezgertti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# &#171;АЙНАЛАУ&#187;: ҰЛТТЫҚ БАНК НЕГЕ ЕРЕЖЕНІ ӨЗГЕРТТІ?

![Офис Нацбанка Казахстана](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/naczbank-kazahstana-opublikoval-otchet-po-osnovnym-makroekonomicheskim-prognozam_bizmedia.kz_.jpg)

Үкімет 2027-2029 жылдарға 5 трлн теңге көлемінде Ұлттық қор қаражатын инфрақұрылымға салуды жоспарлап отыр. Сома үлкен. Бірақ одан да үлкен сұрақ бар: бұл триллиондар нарыққа қалай келеді? Себебі Ұлттық қордың 90%-ы доллар мен бағалы қағазда. Ал біздің экономикамыз теңгемен тыныстайды. Дәл осы түйінді шешу үшін Ұлттық банк 2026 жылғы маусымнан бастап 10 жылдық ережені өзгертті.

[![Фото: Sputnik / Владислав Воднев.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/naczbank-kazahstana-opublikoval-otchet-po-osnovnym-makroekonomicheskim-prognozam_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/naczbank-kazahstana-opublikoval-otchet-po-osnovnym-makroekonomicheskim-prognozam_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik / Владислав Воднев.

"Айналау" қағидасы техникалық өзгеріс емес. Бұл – макроэкономикадағы жаңа келісім.  .Қысқасы: ескі схема бюджет үшін ыңғайлы, бірақ нарық үшін ауыр еді.

Экономикадағы **«**айналау» (немесе контрциклдік) қағидасы —мемлекеттің қаржылық саясатындағы түбегейлі бетбұрыс. Ескі схеманың «бюджет үшін ыңғайлы, бірақ нарық үшін ауыр» болуының нақты себептері мынада: Ескі жүйеде (проциклическое регулирование) мемлекет бюджетті толтыру үшін нарықтың ағымдағы жағдайына тікелей тәуелді болды. Экономика өрлеп, мұнай немесе өзге шикізат бағасы қымбаттағанда, бюджетке ақша ағылып келетін. Шенеуніктер үшін бұл өте ыңғайлы еді: ақшаны есепсіз жұмсауға, ірі жобаларды еш кедергісіз қаржыландыруға мүмкіндік туды. Бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан транш алу немесе нарықтан қосымша салық жинау тетіктері жеңіл жұмыс істеді.

**Ескі схем****а неге «нарық үшін ауыр» болды?**

Бұл жүйе бизнес пен нарыққа екі есе соққы беріп, **«**қызып кету**»** немесе «күйреу**»** әсерін тудырды: Экономика құлдыраған сәтте бюджетті толтыру үшін мемлекет салықты арттыруға немесе бизнесті тексеруді күшейтуге мәжбүр болды. Онсыз да қиналып тұрған нарыққа бұл өте ауыр тиетін.Мұнай бағасы өскенде мемлекет нарыққа миллиардтаған ақшаны (бюджет шығындарын) бірден лап еткізіп құя салатын. Бұл нарықтағы ақша массасын көбейтіп, инфляцияны шарықтатты. Бизнес пен қарапайым халық үшін тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы ауыр соққы болды.

**"АЙНАЛАУДЫҢ" ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ НЕДЕ?**

Жаңа схема 2 ағынды бөліп жіберді. Бұл – кәсіби терминмен айтқанда "бюджеттік және валюталық операцияларды декуптаждау".Ағын 1: Бюджеттік. Ұлттық банк Ұлттық қордан долларды өзі сатып алады. Маусымда $460 млн, шілде $500 млн. Алдын ала. Және сол сәтте бюджетке теңгені толық береді. Яғни жол, мектеп, су құбыры қаржыландырудан үзілмейді.Ағын 2: Валюталық. Ал сатып алған долларын ҰБ нарыққа бөліп сатады. Қыркүйектен бастап айына $200-300 млн. Жыл соңына дейін созылады. Бұл не береді? 

Біріншіден, тұрақтылық. Нарық "бүгін $1 млрд келеді" деген шокты көрмейді. Ол "әр айда $250 млн келеді" деген болжамды алады. Бағам тегістеледі.

Екіншіден, инфляцияны тежеу. Бюджетке теңге кірді. Бірақ сол теңгенің бір бөлігі ҰБ-ның долларына қайта айырбасталып, нарықтан "жұтылады". Яғни ақша массасы бақылауда болады.

Үшіншіден, сенім. Бұл – алтынмен жұмыс істеген 10 жылдық тәжірибенің көшірілуі. ҰБ алтын өндірушілерден алтынды теңгеге сатып алып, кейін оны шетелге сатып, теңгені кері алады. Осылайша "теңге басып шығару" әсерін бейтараптандырады. Енді дәл осы механизм Ұлттық қорға қолданылды.

**БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ, КІМГЕ ТИІМСІЗ?**** **​

- Мемлекетке – ақша кешікпейді. 
- Экспорттаушыға – бағам күрт құламайды. 
- Халыққа – бағаның күрт секіруі азаяды.Күрделі: 
- Спекулянттарға – бағамды бір күнде ойнату мүмкін болмайды. 
- Кейбір банктерге – валютаны арзан уақытта жаппай сатып алу мүмкіндігі азаяды.

**НЕГЕ ҚАЗІР?**

Триллиондар айналымға шыққанда бұл неге қажет болып қалды деген сұрақтың жауабы белгілі. 2027-2029 жылдары Ұлттық қордан инфрақұрылымға аса ірі трансферттер кетеді. Егер оны ескі әдіспен жіберсе, нарық көтермейді. Теңге күрт қымбаттап, кейін күрт арзандайды. Бұл – "голландиялық аурудың" классикалық белгісі."Айналау" – осы қауіптің алдын алу. Мемлекет үлкен ақшаны экономикаға "тамшылатып" жіберуді таңдады. Бір мезетте емес, 3 жылға бөліп. 

**ҚОРЫТЫНДЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯ**

"Айналау" – бұл тек техника емес. Бұл – Ұлттық банктің Үкімет пен нарық арасындағы дипломатиясы.Бір жағынан Үкіметке: "ақшаңды бер". 

Екінші жағынан нарыққа: "шок жасамаймын". 

Үшінші жағынан халыққа: "бағаңды ұстаймын".2026 жылғы маусым – осы жаңа келісімнің бастауы. Егер ол жұмыс істесе, онда Қазақстан ірі бюджеттік шығындар кезінде де макротұрақтылықты сақтай алатынын дәлелдейді.Негізгі ой: Мемлекет енді "жылдам ақша" емес, "тұрақты ақша" қағидатына көшті. Ал тұрақтылық – қымбат тұратын инфрақұрылымнан да қымбат.

---

Опубликовано: 2026-09-14T06:07:17+05:00

Обновлено: 2026-09-14T06:07:21+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/), [Тимур Сүлейменов](https://kk.bizmedia.kz/tag/timur-suelejmenov/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-14-ajnalaw-ulttyq-bank-nege-erezheni-oezgertti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.