---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-14-geosayasi-premiya-107-ny-koersetip-turghan-munaj-grafasy-bizge-ne-beredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Геосаяси премия: $107-ны көрсетіп тұрған мұнай графасы бізге не береді?

![Добыча нефти](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology.jpg)

Бүгін мұнай бағасы тағы да секірді. Brent маркасы барреліне $107.5-қа жетті. Бір апта ішінде +8%. Себебі – Сауд Арабиясындағы жаңа шабуылдар мен Ормуз бұғазындағы шиеленіс.Бағаның өсуі Қазақстан үшін әрдайым екіжақты жаңалық. Бір жағынан – Ұлттық қорға қосымша түсім. Екінші жағынан – инфляция мен геосаяси тәуекел. Қазіргі жағдайды сараптап көрейік.

[![ИИ-иллюстрация atlascompany / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology-1024x578.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology.jpg)ИИ-иллюстрация atlascompany / Freepik.com

**НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ? **

"Бағаны көтерген жагдай көз аладымызда өтіп жатыр. 

Біріншісі – Саудтың оңтүстігіне хуситтердің соққысы. 

Екіншісі, одан да маңыздысы – Шығыс-Батыс мұнай құбырының жабылуы. 

Бұл құбыр Сауд Арабиясына Ормуз бұғазын айналып өтуге көмектесетін. Қазір ол тоқтады. Сарапшылардың айтуынша, бұл әлемдік жеткізілімнің 4%-ына қауіп төндіреді. 

Қосымша, Баб-эль-Мандеб бұғазына да қауіп бар. Әлем мұнайының тағы 4-5% осы жерден өтеді.Нарық осыған "қорқып" бағаны $100-ден $107-ға көтерді.

**БЮДЖЕТКЕ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?** 

Біздің 2026 жылғы бюджет мұнайды $41 деп жоспарлаған. Ал нарықта қазір $107.5. 

Арадағы $66.5 – бұл "үстеме пайда". Ол тікелей Ұлттық қорға түседі. 2026 жылдың алғашқы 7 айында Қорға 2.44 трлн теңге түскен. Оның негізгі бөлігі – мұнай компанияларының салығы:КТС – 987 млрд теңгеСРП бойынша үлес – 228 млрд теңге/2 ай ПҚӨС – 166 млрд теңге/2 айҰлттық қордың қазіргі активі – $65.5 млрд. Мұнай $100-ден асқан сайын бұл "қауіпсіздік жастық" тезірек толады. Сонымен қатар экспорттық кедендік алым бюджетке тікелей түседі.Қысқасы: мемлекеттің қолы босап, әлеуметтік жобаларға, жолға ақша көбейеді.

**ТӘУЕКЕЛІ ҚАНДАЙ?**

Бірақ $107 – бұл мәңгілік емес. 3 нәрсеге назар аудару керек.

• Бірінші – инфляция. Мұнай қымбаттаса, бензин, тасымал, азық-түлік те қымбаттайды. Бұл әсер 2-3 айдан кейін келеді.

• Екінші – тұрақсыздық. Егер Омандағы АҚШ-Иран келіссөзі нәтиже бермесе, баға $119-ға дейін өсуі мүмкін. Ал келісім болса, $90-ға құлауы да мүмкін. Мұндай "американка" бюджетті жоспарлауды қиындатады

• Үшінші – "мұнайға тәуелділік". Баға жоғары болғанда реформаны кейінге қалдыру қаупі бар. "$41-ге жоспарлап, $107-ны жинау" деген қағиданы бұзбау маңызды.

**ҚОРЫТЫНДЫ**

Қазіргі $107 – бұл геосаяси шиеленістен келген "сыйақы". Оны дұрыс пайдалансақ, Ұлттық қор нығаяды, теңге тұрақтанады.Бірақ негізгі сұрақ басқа: бұл баға қанша уақытқа созылады? 

Егер Үкімет пен Ұлттық банк "үстеме" табысты жұмсамай, жинақтаса, онда бұл дағдарыс уақытындағы біздің негізгі қорғанысымыз болады.Қысқасы: Біз $107-ға қуануымыз керек емес. Біз оны ақылмен пайдалануымыз керек

---

Опубликовано: 2026-09-14T06:01:32+05:00

Обновлено: 2026-09-14T06:01:35+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-14-geosayasi-premiya-107-ny-koersetip-turghan-munaj-grafasy-bizge-ne-beredi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.