---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-16-qytajmen-sawda-ajnalymy-45-mlrd-qa-zhetti-uekimet-nege-dollar-emes-yuan-izdep-zhuer/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қытаймен сауда айналымы 45 млрд-қа жетті: Үкімет неге доллар емес, юань іздеп жүр?

![Флаг Китая](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/kitaj-budet-uvazhat-i-zashhishhat-princzipy-oon_bizmedia-kz_.jpg)

Қаржы министрлігі кездейсоқ Қытайға барған жоқ. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы шамамен 45 миллиард долларға жетті, ал Қазақстанның Қытай алдындағы мемлекеттік қарызы бұл сома емес, шамамен 9-10 миллиард доллар көлемінде.

[![Фото: portfolio.hu](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/kitaj-budet-uvazhat-i-zashhishhat-princzipy-oon_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/kitaj-budet-uvazhat-i-zashhishhat-princzipy-oon_bizmedia-kz_.jpg)Фото: portfolio.hu

АҚШ-та ставка 5% тұр. Доллармен қарыз алсаң, жылына 5-6% төлейсің. Ал Қытайда керісінше, экономиканы көтеру үшін ставканы түсіріп жатыр, сондықтан юаньмен қарыз – 2-3% ғана. Үкіметтің доллар нарығынан гөрі қытай юаніне бет бұруының басты себебі — юаньмен қарыз алудың әлдеқайда арзан әрі тиімді болуында. 2026 жылдың мамыр және қыркүйек айларында Қазақстан рекордтық деңгейде төмен пайызбен «панда-облигацияларын» (қытай нарығындаюаньмен шығарылатын борыштық қағаздар) сәтті орналастырды. 

**Неге доллар емес, юань?**

Tengenomika сарапшыларының [мәліметінше,](https://t.me/tengenomika/10229%20/o%20%D0%BC%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD%D1%88%D0%B5,) жаңа облигациялар бойынша мөлшерлеме жылына 1,82–1,95% аралығында болды. Бұл доллармен қарыз алуға қарағанда тиімдірек көрсеткіш. Негізгі экономикалық себептерді мынадай салыстыру арқылы көруге болады: АҚШ-тың ФРЖ-сы ставкаларды жоғары ұстап отырғандықтан, доллармен қарыз алу өте қымбат. Орташа есеппен 4,9% – 6,5% аралығында. Қытай Халық банкі жұмсақ монетарлық саясат жүргізіп, несие пайыздарын төмендеткен. Қазақстанның долларлық мемлекеттік берешегінің орташа кірістілігі шамамен 4,92%-ды құрайды. Ал қыркүйек айында шығарылған 6,6 млрд юаньдық (шамамен 983 млн доллар) суверенді облигациялардың 3 жылдық траншы 1,82%, ал 5 жылдығы 1,95%ставкамен өтті. Бұл — мемлекет үшін пайыздық төлемдерді екі-үш есе азайту деген сөз.

**Екіншісі – саяси сигнал. **

Біз 11 елмен QR біріктіреміз деп жатырмыз, оның біріншісі – Қытай. Кореямен 19 млрд-қа келістік. Енді панда-бонд шығарып жатырмыз. Бәрі бір бағытты көрсетеді: Қазақстан енді тек Батысқа емес, Шығысқа да қарыздар боламын дейді. Бұл – доллардан қашу, дедолларизация деген үлкен ойынның бір бөлігі. Қытайға да бұл керек, ол юанын әлемдік валюта қылғысы келеді.Үшіншісі – бізге енді ешкім тегін ақша бермейді. Ұлттық қорды аша берсең, халық шулайды. Ішкі нарықтан қарыз алсаң, банктердің ақшасы таусылады. Сырттан доллармен алсаң, қымбат. Сондықтан қалған жалғыз арзан терезе – Қытай.2. 

Белгілі экономист сарапшы Асқар Қысықов lsm.kz тілшісімен кездескен кезде ақшаны дұрыс жұмсау керектігін айтыпты. 

Біздің проблема – қарыз алуда емес, қарызды қайтаратын табыс жоқ.Қараңыз: Біз юаньмен қарыз аламыз.

Бірақ біз юаньмен табыс таппаймыз. Біздің Қытайға сататынымыз – мұнай, уран, мыс. Оның бәрінің бағасы доллармен есептеледі. Ал Қытайдан біз не аламыз? Киім, техника, Pinduoduo-дағы тауар. Яғни, бізге юань кірмейді, юань шығады. Сауда балансы бізде минус 11-12 млрд доллар.

Сонда ертең юаньмен алған 6,6 млрд-тың пайызын төлеу керек болғанда, біз қайдан юань табамыз? 

Тағы да теңгені юаньға айырбастаймыз. Егер ертең юань қымбаттап кетсе, біздің қарызымыз да автоматты түрде қымбаттайды.Бұл – дәл сол Pinduoduo-ның логикасы. Халық арзан деп Pinduoduo-дан алды, бірақ ақша шетелге кетті. Мемлекет те арзан деп юань алды, бірақ ертең оны қайтару үшін тағы да ақша шетелге кетеді.

Ең қорқынышты цифра – 45 млрд доллар

Экономист бір цифрды жай ғана айта салды, бірақ оның мағынасы өте ауыр: сыртқы қарыз 45 млрд доллар, оның 25 млрд-ы квазимемлекеттік секторда.Бұл деген не? Үкіметтің өз қарызынан бөлек, Самұрық-Қазына, Байтерек, ҚТЖ, ҚазМұнайГаздың қарызы бар. Олар да сырттан алған. Олар төлей алмаса, кім төлейді? Үкімет төлейді, яғни біздің салығымызбен.Ал экономист айтқан "ішкі және сыртқы қарызды қоссақ, Ұлттық қордың көлеміне жетеді" дегені – ең ащы шындық. 

**Ұлттық қорда шамамен 60 млрд доллар бар деп айтамыз. Ал қарызымыз да 60 млрд-қа жақындап қалды.**

Яғни, бір қалтада 60 бар, екінші қалтада 60 қарыз бар. Таза байлық – нөл.Сондықтан бюджеттің жартысы қарыздың пайызын төлеуге кетіп жатыр. Біз жаңа мектеп, жаңа аурухана саламыз деп юань аламыз, бірақ ақшаның жартысы бұрынғы қарызды жабуға кетеді.Еркін түйін: Арзан ірімшік қақпанда тұрадыМіне, барлық жаңалықты қоссақ, мынадай сурет шығады. Мемлекет халыққа айтады: Pinduoduo-дан көп алма, 2GIS-тегі бизнесіңді тірке, салық төле. Яғни, халықты тәртіпке шақырады.Ал мемлекеттің өзі не істеп жатыр? Өзі де қарыз алып жатыр. Айырмашылығы – халық Kaspi-ден 100 мың алса, мемлекет Қытайдан 6,6 млрд юань алады.Юаньмен қарыз – тиімді, рас. Бірақ ол тек бір жағдайда тиімді: егер сол ақшаға салынған зауыт ертең өзі юань тауып беретін болса.

Мысалы, сол 6,6 млрд юаньға Қытаймен бірге газ өңдеу зауытын салсаң – ол дұрыс. Себебі зауыт газды өңдеп, Қытайға сатады және юаньмен табыс табады, сөйтіп қарызын өзі жабады.Ал егер сол ақшаны әкімдіктердің ғимаратын жөндеуге, форум өткізуге, жалақыны жабуға жұмсасаң – онда бұл арзан қарыз емес, қымбат қақпан.Сондықтан Қысықовтың "ақылмен жұмсау керек" дегені – сыпайы ескерту емес, дабыл қағу.

---

Опубликовано: 2026-09-16T12:17:04+05:00

Обновлено: 2026-09-16T12:17:07+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-16-qytajmen-sawda-ajnalymy-45-mlrd-qa-zhetti-uekimet-nege-dollar-emes-yuan-izdep-zhuer/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.