---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-17-singapur-kitap-oqyghany-ueshin-aqsha-toelejdi-al-ii-alpauyttar-tezheludi-surajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сингапур кітап оқығаны үшін ақша төлейді, ал ИИ-алпауыттар тежелуді сұрайды.

![Сингапур кітап оқығаны үшін ақша төлейді, ал ИИ-алпауыттар тежелуді сұрайды.](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/pixverse_image_effect_prompt_minimalist-flat-v.jpg)

Әлемде екі қарама-қарсы тренд қатар жүріп жатыр. Сингапур халқын кітап оқуға ақша беріп үйретіп жатыр, ал OpenAI, Google, Anthropic керісінше «бәсеңдетейік» деп дабыл қағуда. Себебі бір – ойлау дағдарысы. 

[![Иллюстрация: ИИ](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/pixverse_image_effect_prompt_minimalist-flat-v-1024x515.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/pixverse_image_effect_prompt_minimalist-flat-v.jpg)Иллюстрация: ИИ

Сингапурда ReadSG ұлттық бағдарламасы іске қосылды. Нақтыласақ CrowdTaskSG мемлекеттік платформасында күніне 15 минут кітапоқығаныңды белгілейсің – 20 монета аласың. 1000 монета = 1 сингапур доллары. Пилот 6 қыркүйек – 31 желтоқсан аралығында өтеді, жоспар – 150 мың адамды қамту.Ұлттық кітапхана басшысы Мелисса Тамның түсіндіруінше, мақсат – ақша тарату емес, зейінді қалпына келтіру. Оқу – бұлшықет сияқты, қолданбасаң әлсірейді

**ИИ-алпауыттары неге тежелуді сұрайды?**

Екінші жаңалық – керісінше. ИИ-ді жасап жатқандардың өздері тежегішті басуды сұрады. Anthropic, OpenAI, xAI, Google DeepMind басшылары алғаш рет бір ауыздан баяулату керек деді.Себебі модельдер тым дербес болып кетті: өздігінен жоспар құрады, шектеуді айналып өтеді, өзге жүйелердің осал тұсын табады. Бұл 2023 жылы да айтылған еді, бірақ қазір тәуекел әлдеқайда жоғары.Қиберқауіпсіздік зерттеушісі Адриан Жүнісов журналистермен кездескен кезде мұндай жүйенің қауіптілігі жаман ниетте емес екенін айтыпты. Проблема – жоғары қабілет, дербестік және нақты құралдарға қолжетімділіктің бір нүктеде тоғысуында. Мұндай жүйе қауіп төндіру үшін дұшпан болуы шарт емес. Сондықтан формула біреу – алдымен тексерілетін қауіпсіздік, сосын ғана ауқымды енгізу».

**Бұның артында ақша да бар**

Gartner болжамы бойынша, 2026 жылы әлемде ИИ-ға жұмсалатын шығын 2,59 трлн долларға жетеді. Бұл былтырғыдан 47%-ға көп. Бірақ қайтарым әрдайым бола бермейді. Мета компаниясы қызметкерлерін ИИ-ге алмастырып, кейін жоспарын шегерді. OpenAI IPO-ны 2026 жылға қолайсыз деп кейінге қалдырды.

Көпшілік мұны «көпіршік» деп ойлайды. Сарапшылардың айтуынша, инвестиция көлемі рас, орасан. Бірақ жетекші компаниялардың табысы өсіп жатыр, ал модельдер пилот емес, негізгі процестерге – әзірлеуге, қолдауға, құжат айналымына еніп кетті. Сондықтан көпіршік туралы тезис әзірге асығыс».

**Ал Қазақстан ше?**

Мұнда екі тренд тоғысады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі міндет қойды:«Кітап оқитын, ойлы ұлт болу» – Ұлттық құрылтайдағы стратегиялық бағыт.Қазақстанды Орталық Азияның цифрлық хабына және ИИ саласындағы көшбасшыға айналдыру.Бұл екі міндет бір-біріне тірек. Себебі кітап оқымайтын, сөздік қоры 5-7 мың сөзден аспайтын, зейіні 8 секундқа түскен ұрпақ ИИ-ді басқара алмайды, керісінше ИИ-ге басқарылады.Бізде 18-35 жас аралығында күнде кітап оқитындар – 12-15% ғана. Бұл – Олжас Сүлейменов ескерткен қауіп.

Не істеу керек? 

Мемлекет: eGov Mobile-ға «15 минут оқы» батырмасын қосып, жинағанұпайды ONAY, кітап дүкендерінің жеңілдігіне айырбастау. 

• Бұл – Сингапур моделін қазақшалау.

• Финляндия 1-сыныпқа 10 кітап сыйлайды

• Корея жастарға $200 ваучер береді.

• Қазақ BookTok-ын дамыту. 

• TikTok-та #BookTok миллиард қаралым жинап отыр. Бұл – жарнама нарығы үшін бос тауаша.Отбасы – ең тиімді инвестиция: Ең мықты жарнама – үйдегі сөре.

**Түйін: **

Сингапур 1 долларға уақыт сатып алып жатқан жоқ, ол ұлтының ойлау қабілетіне инвестиция салып отыр. ИИ алпауыттары тежегіш басып жатқанда, біздің жеңетін тұсымыз – ойлайтын ұлт болу.

---

Опубликовано: 2026-09-17T09:34:50+05:00

Обновлено: 2026-09-17T09:34:53+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-17-singapur-kitap-oqyghany-ueshin-aqsha-toelejdi-al-ii-alpauyttar-tezheludi-surajdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.