---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-18-zergerlik-naryq-168-mln-dollarlyq-biznes-nege-koelengkede-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Зергерлік нарық: 168 млн долларлық бизнес неге көлеңкеде қалды?

![В течение года в Казахстане были произведены ювелирные изделия на сумму 1,2 миллиарда тенге](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-techenie-goda-v-kazahstane-byli-proizvedeny-yuvelirnye-izdeliya-na-summu-12-milliarda-tenge-bizmedia.kz_.jpg)

Қазақстандағы зергерлік бұйымдардың ішкі нарығы 168 млн долларды құрайды, бірақ отандық ресми өндірістің үлесі небәрі 4% шамасында. Бұл мәліметтер Үкіметте өткен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл кеңесінде жарияланды.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-techenie-goda-v-kazahstane-byli-proizvedeny-yuvelirnye-izdeliya-na-summu-12-milliarda-tenge-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-techenie-goda-v-kazahstane-byli-proizvedeny-yuvelirnye-izdeliya-na-summu-12-milliarda-tenge-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

• Нарық көлемі: 168 млн доллар, бір жылда +3,4% өсім. Бірақ айналымның айтарлықтай бөлігі көлеңкеде. Отандық өндіріс: 7,2 млн доллар, өсім +31%. Экспорт – 65,4 млн доллар.Көлеңкенің индикаторы – алтын сынығы:  

• Ломбардтар "Тау-Кен Алтын" зауытына 2024 жылы 3,2 тонна, 2025 жылы 3,8 тонна бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын өткізген. Тонналап алтынның ресми арнаға өтуі – сұр айналымның ауқымын көрсетеді.

**Жалпы көлеңке: **

• Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, ЖІӨ-дегі қадағаланбайтын экономика үлесі 2023 жылғы 17,58%-дан 2025 жылы 15,69%-ға дейін төмендеген.

**Салыққа әсері: бюджет не жоғалтып отыр?**

• Зергерлік – маржасы ең жоғары салалардың бірі. Бір бұйымда 3 салық жатыр: кеден бажы + ҚҚС + табыс салығы. Көлеңкеде үшеуі де төленбейді. Алтын ломбардтан шеберханаға, шеберханадан Instagram-дүкенге чексіз кеткенде, бюджет ештеңе көрмейді.Үкімет не істемек?Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жаңа ереже пысықталуда: барлық ломбард пен шеберхана алтын сынығын міндетті түрде ресми аффинаж субъектілеріне – "Тау-Кен Алтын" зауытына тапсыруы керек.

**Бұл нені білдіреді?**

• Бизнеске: Қысқа мерзімде шығын өседі. Касса, чек, аффинаж ақысы бағаға қосылады. Ұзақ мерзімде нарық тазарады, адал өндірушіге жол ашылады. 4% үлес 10-15%-ға дейін өсуі мүмкін.Мемлекетке: Әр грам алтын тіркеледі, салық салынады. Бюджетке қосымша миллиардтар түседі.Түйін: Зергерлік нарықты "ағарту" – 15,69% көлеңкені 10%-ға түсірудің ең жылдам жолы. Себебі бұл – қолма-қол ақша мен жоғары маржа қатар жүрген сала.

---

Опубликовано: 2026-09-18T09:23:29+05:00

Обновлено: 2026-09-18T09:23:32+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-18-zergerlik-naryq-168-mln-dollarlyq-biznes-nege-koelengkede-qaldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.