---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-19-eski-avto-qoqys-emes-shikizat-qytaj-men-resej-modeli-almatygha-ne-beredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ескі авто – қоқыс емес, шикізат. Қытай мен ресей моделі алматыға не береді?

![В 2024 году в Мангистау растаможено почти 10 тысяч автомобилей на 97,3 миллиона долларов, В Казахстане в марте зарегистрировано 170 тысяч автомобилей](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/01/closeup-shot-black-car-parking-lot-with-blurred-background.jpg)

Алматы ӘКК-нің ескі көліктерді сатып алу жобасы – әлеуметтік акция емес, циркулярлы экономикаға өту әрекеті. Мәселе – оны қандай модельмен жасаймызда.Әлемде екі модель бар.

[![Фото: wirestock / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/01/closeup-shot-black-car-parking-lot-with-blurred-background-1024x683.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/01/closeup-shot-black-car-parking-lot-with-blurred-background.jpg)Фото: wirestock / Freepik.com

1. Қытай моделі – Resource RecoveryҚытай жылына 15-18 млн көлікті утилизациялайды. Бұл – мемлекет үшін екінші металлургия.2024 жылғы дерек: бір жеңіл көліктен орта есеппен 700 кг қара металл, 100 кг түсті металл, 200 кг пластик және 20 кг қауіпті қалдық шығады. 10 млн көлік = 10,3 млн тонна болат.Ең қымбат бөлігі – батарея. Қытайдың GEM, Brunp зауыттары литийді 99,6%, кобальтты 98% қайтарады. 1 тонна NMC батареясынан $8 000 - $12 000 табыс түседі.Сондықтан Пекин субсидия береді: ескі көлігін өткізіп, электрокар алғанға – 20 000 юань ($2 750), ДВС алғанға – 15 000 юань. Нәтижесінде 2025 жылдың I жартысында 3,7 млн көлік жаңарды. Бұл – автоөнеркәсіпке тікелей сұраныс.

**2. Ресейде 2010 жылдан келе жатқан утиль бағдарламасы – өндірісті қорғау құралы**.

Механизмі:

утильсбор (база 20 000 рубль, бірақ коэффицентпен 1 млн-ға дейін) жиналып, тек Ресейде құрастырылған 66 модельге жеңілдік ретінде қайтарылады. 2024 жылы утильсбор 70-85% көтерілді, бұл Қытай импортын тежеді.Нәтиже: 2010-2011 жылдары бағдарлама АвтоВАЗ-ды сақтап қалды, бірақ шикізатты қайта өңдеу тиімділігі төмен – көп зауыт әлі шредерлеуден аспайды.

**Алматы үшін** **қайсысы** ** тиімді?**

Алматыда 650 мың көліктің 40%-ы – Euro-3-тен төмен. Бұл – 260 мың бірлік, шамамен 180 мың тонна металл, 52 мың тонна пластик, яғни кен орны.Егер Қытай моделімен жүрсек:Қарағандыдағы Qarmet-ке 180 мың тонна арзан лом. Жезқазғанда салынып жатқан мыс-литий кластеріне батарея шикізаты Ауаға – жылына 390 мың тонна CO2 аз.

**Егер Ресей моделімен жүрсек:**

Жеңілдік тек отандық Allur, SaryarkaAvtoProm-ға ғана жарайды. Шикізат шетке кетпейді, бірақ қайта өңдеу тереңдігі аз

**Түйін**

ӘКК "бюджеттен ақша бөлінбейді" деп отыр. Демек, қаржыландыру – утильсбор немесе жасыл облигация арқылы болмақ. Егер тетік Қытайдағыдай – шикізатты қайта сатудан табыс табатын модель болса, бағдарлама өзін-өзі ақтайды. Егер Ресейдегідей – тек жаңа көлік сатуды қолдау болса, бюджетке салмақ түседі.Алматыға керегі – екіншісі емес, біріншісі.

---

Опубликовано: 2026-09-19T09:41:48+05:00

Обновлено: 2026-09-19T09:41:51+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Авто](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/avto/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Өмір салты](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-19-eski-avto-qoqys-emes-shikizat-qytaj-men-resej-modeli-almatygha-ne-beredi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.