---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-19-neet-urpaq-uejde-otyrghan-57-emes-bolashaghy-zhoq-10-zhyl/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# NEET ұрпақ: Үйде отырған 5,7% емес, болашағы жоқ 10 жыл

![Молодежь Алматы сможет получить до 5 млн тенге на свои проекты](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/molodezh-almaty-smozhet-poluchit-do-5-mln-tenge-na-svoi-proekty_bizmedia-kz_.jpg)

Қазақстанда әр жиырмасыншы жас – еш жерде жұмыс істемей, борттан тыс қалды.  Статистика 5,7% дейді, бірақ бұл – 5,7% адам емес, ертеңгі экономиканың 5,7%-ы жоқ деген сөз.Парламент бұл құбылысты заңға «NEET» деп енгізбекші. Бұл – диагнозды қағазға жазу. Ал ауру – қағазда емес, отбасында, колледжде, ауылда.

[![Фото: Elizeu Dias / Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/molodezh-almaty-smozhet-poluchit-do-5-mln-tenge-na-svoi-proekty_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/molodezh-almaty-smozhet-poluchit-do-5-mln-tenge-na-svoi-proekty_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Elizeu Dias / Unsplash

**Егер қазір емдемесек, 10 жылдан кейін төлемі ауыр болады**

- Бірінші төлем – экономикада. Біз индустриалды аймақ салып жатырмыз, зауыт ашып жатырмыз, бірақ сол зауытқа баратын адам жоқ. Себебі колледж бір нәрсені үйретеді, зауыт басқа нәрсе сұрайды. Диплом бар, дағды жоқ. Мемлекет ақша шашады, жастар оқиды, бірақ нарыққа қосылмайды. Нәтиже – бос тұрған жұмыс орны мен үйде отырған жастың саны бірдей өседі.
- Екінші төлем – адамда. NEET-тің көбі жалқау емес, сенімін жоғалтқан. Қарағандылық психолог Татьяна Савицкая айтқан 23 жастағы жігіттің хикаясы – соның дәлелі. Жарты жылда 4 жұмыстан кеткен, қазір депрессияда. Оған вакансия керек емес, оған «сенің қолыңнан келеді» дейтін адам керек. Біз «жұмыс бар» дейміз, ал ол «мен жарамсызбын» деп отыр. Бір адамды жұмысқа орналастыру – 200 мың теңге, ал бір адамды қоғамнан жоғалту – ертең бюджетке миллиондаған шығын, қылмыс, ажырасу, депрессия экономикасы
- Үшінші төлем – аймақта. NEET Алматыда емес, моноқала мен ауылда көп. Мегаполисте IT Hub, жастар орталығы бар, ал ауылда – ештеңе жоқ. Егер барлық мүмкіндік тек Астана мен Алматыда болса, ауылдың жасы алдымен NEET болады, сосын қалаға көшеді, сосын қалада да маргиналға айналады.

Бұл – миграция емес, тұтас буынды жоғалту.Сондықтан емдеу – төрт қадамнан тұруы керек, және ол қағазда емес, жерде болуы керек.

- Біріншіден, колледжді зауытқа байлау керек. Диплом емес, цехтағы дуальды оқыту керек.
- Екіншіден, ұзақ оқу емес, қысқа дағды керек. Бәріне 4 жылдық оқудың қажеті жоқ, 3 айда дәнекерлеуші, SMM, маркетплейс маманын дайындау – тегін әрі тез болуы керек.
-  Үшіншіден, HR-дан бұрын психолог керек. «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасына алдымен әлеуметтік-психологиялық оңалтуды қосу керек. Төртіншіден, ақшаны ауылға апару керек. Жастар орталығы Жезқазғанда, Арқалықта, моноқалада ашылуы керек, NEET сонда.

Біз осыған дейін  Димаш пен Гена  киген шапанды тігетін фабрика жоқ дедік. Бүгін одан да ауыр сұрақ қоямыз: ертең фабрика салсақ, сол фабрикаға баратын жас бар ма?Біз ұлтты қуыршақтан бастаймыз дедік. Енді ұлтты жауапкершіліктен бастауымыз керек. Әйтпесе 10 жылдан кейін зауытымыз бар, бірақ жұмысшысы жоқ, брендіміз бар, бірақ киетін ұрпағы жоқ елге айналамыз.

---

Опубликовано: 2026-09-19T11:10:33+05:00

Обновлено: 2026-09-19T11:10:35+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-19-neet-urpaq-uejde-otyrghan-57-emes-bolashaghy-zhoq-10-zhyl/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.