---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-19-nesie-qalaj-oezgeredi-10-tamyzdan-bastap-ne-biluing-kerek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Несие қалай өзгереді? 10 тамыздан бастап не білуің керек

![Банк ЦентрКредит запустил новый продукт для самозанятых, банковская тайна](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_.jpg)

10 тамыздан бастап Қазақстанда несие алу ережесі өзгереді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit-те айтты. Ережені Ұлттық банк пен ҚНДРА бекітті.

[![Фото: Depositphotos.com / fizkes](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Depositphotos.com / fizkes

## Енді не болады

Енді клиент банк іздемейді, банк клиент үшін жарысады. Барлық ұсыныс бір цифрлық базарда тұрады. Бірақ сол базарға кіру үшін банк сені бұрынғыдан қаттырақ тексереді.Бұл саған қалай әсер етеді?

## Табысыңды қалай есептейді

Бұрын: картаңа 500 мың теңге түссе — табысың 500 мың деп есептелетін.  
Қазір: банк оның қайдан келгенін тексереді. Өзіңнің екінші картаңнан аудардың ба, бір ақшаны айналдырып жүрсің бе? Ондай жол жабылады. Тек соңғы 6 айдағы таза, дәлелденген орташа табыс қана есепке алынады.  
Кредиткаң бар ма — сенде қарыз бар

Бұл — ең маңызды өзгеріс.

Мысалы, Kaspi Gold-та 300 мың теңге лимитің тұр, бірақ оны пайдаланбадың. Бұрын бұл қарыз емес еді.

Енді банк оны қарыз деп санайды. 300 мыңның 10%-ы, яғни 30 мың теңге ай сайын төлейтін міндеттемең бар деп жазады. Сол 30 мың кесірінен саған жаңа несие берілмей қалуы мүмкін.

Банк енді тек өз несиесіне қарамайды. Сенің барлық қарызың — банк, МФО, бөліп төлеу, кредиттік лимит, тіпті кешіктірулерің — бір жерде жиналады. Бір жерде кешіктірсең, бәрінен бас тарту аласың.

## Ставка кімге арзандайды, кімге жабылады

Әбілқасымова айтқан цифрлық базар осы үшін керек.Егер сенде ресми табыс бар болса, кешіктіру жоқ болса, кредиткаң аз болса — саған тиімді. Банктер сен үшін бәсекелеседі. Бұрын 35% алатын несиені енді 22-25%-пен алуың мүмкін.Егер табысың көлеңкелі болса, 2-3 МФО-ң болса, соңғы 6 айда құмар ойынға 300 мың теңгеден асатын 6 төлем жасасаң — сен автоматты түрде тәуекелді клиентсің. Саған тек ақ, салық түскен ресми табысыңмен ғана қарап, көбіне несие бермейді.

## 10 тамызға дейін не істеу керек?

Пайдаланбайтын кредитка лимитін жап. 500 мың бос тұрса — ол ертең 50 мың қарыз болып көрінеді.Карта арасында ақша айналдыруды тоқтат. Табысыңды таза қалдыр.Ұсақ МФО-ларды жауып таста.  
Түйін:

Несие көп болмайды. Несие таза болады. Жақсы клиентке — арзан, жаман клиентке — жоқ.Мұнай көп болмайды дегендей, арзан несие де көп болмайды.

---

Опубликовано: 2026-09-19T08:48:45+05:00

Обновлено: 2026-09-19T08:48:47+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-19-nesie-qalaj-oezgeredi-10-tamyzdan-bastap-ne-biluing-kerek/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.