---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-20-prezident-toqaevtyng-zhan-ajqajy-ahilles-oekshemizding-quny-qansha/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент Тоқаевтың жан айқайы: Ахиллес өкшеміздің құны қанша?

![Президент Тоқаевтың жан айқайы: Ахиллес өкшеміздің құны қанша?](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/photo_2026-09-19_16-01-39.jpg)

20 жылда жолға 4 триллион теңге жұмсадық, бірақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше тағы да "Бұл біздің Ахиллес өкшеміз, бұл саботаж, бұл ұят" деп мәлімдеді.

[![Иллюстрация — Президент Тоқаевтың жан айқайы: Ахиллес өкшеміздің құны қанша?](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/photo_2026-09-19_16-01-39-1024x517.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/photo_2026-09-19_16-01-39.jpg)

 4 триллионға салынған жол неге әлемде 93-орында тұр және бұл өкшенің экономикаға тигізген нақты шығыны қанша?19 қыркүйекте "Таза Қазақстан" акциясында сөйлеген Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге қалаішілік және республикалық жолдардың сапасына баса назар аударуды тапсырды. Президенттің айтуынша, бұл мәселені ешкім шеше алмаған немесе шешкісі келмеген.

**Триллионның қайтарымы қайда?**

Министрліктің дерегінше, тек соңғы 10 жылда автожол құрылысына 4 трлн теңге жұмсалған. "Нұрлы Жол" бағдарламасының жалпы бюджеті 5,5 трлн теңге. 2026 жылы ғана 306,5 млрд теңге бөлініп, оның 288,1 млрд теңгесі игерілді.

Экономикада әрбір 1 теңге жол инвестициясы 1,5-2 теңге болып қайтуы керек

Бұл – мультипликативті әсер. Алайда Қазақстанда бұл әсер 0,3-ке де жетпейді. Себебі:

Материалдар импорты: Битум, арнайы техника, қоспалардың 70%-ы шетелден келеді.

Сапасыздық:

 Бір жылы салынған жол келесі жылы қайта жөнделеді. Бюджет бір жұмысты екі рет төлейді.

Коррупция:

Президенттің өзі 2023 жылы жол саласындағы "жоғары жемқорлықты" саланың тума ауруы деп атаған.Нәтижесінде Times of Central Asia басылымының жазуынша, 4 трлн теңге жұмсасақ та, Қазақстан жол сапасы бойынша 141 елдің ішінде 93-орында тұр.

Тек  өкше емес, бүкіл дене ауру

Мәселе тек жолда емес.

**Тоқаев Ахиллес өкшесі десе, экономистер Қазақстанда сол өкше біреу емес екенін айтады******

- Жеңіл өнеркәсіп 90% импортқа тәуелді.
- Азық-түлік қауіпсіздігінде бірқатар позиция бойынша тәуелділік 30-40%.
- Құрылыс материалдарының тең жартысы сырттан тасымалданады.
- Осындай жағдайда сапалы жол – артықшылық емес, қауіп.

**Ж****ақсы жолмен бірінші болып кімнің тауарын тасимыз?**

Өзімізде өндіріс болмаған соң, көрші елдердің тауарын тасимыз.  Яғни біз триллиондап жол салып, өз нарығымызды өзгелердің жаулап алуына жағдай жасап отырмыз

**4 трлн тенгеге не істеуге  болар еді**  

.Сарапшылардың есебінше, 4 трлн теңгенің жартысына 20 жеңіл өнеркәсіп фабрикасын салуға болар еді. Ол 20 жыл бойы салық төлеп, 100 мың адамды жұмыспен қамтып, импортты алмастырар еді. Жолдың мультипликаторы бір реттік болса, зауыттың мультипликаторы – ұзақ мерзімді.Президенттің "саботаж" деген жан айқайы – тек асфальтқа қатысты емес. Бұл – шикізатқа сүйенген экономикалық модельдің тығырыққа тірелгенін мойындау.

---

Опубликовано: 2026-09-20T11:08:25+05:00

Обновлено: 2026-09-20T11:08:27+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-20-prezident-toqaevtyng-zhan-ajqajy-ahilles-oekshemizding-quny-qansha/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.