---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-21-luvr-qazaqstangha-ne-beredi-bir-koermening-artyndaghy-uelken-biznes/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Лувр Қазақстанға не береді? Бір көрменің артындағы үлкен бизнес

![Лувр временно закрыт из-за угрозы взрыва](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/10/luvr-vremenno-zakryt-iz-za-ugrozy-vzryva-bizmedia.kz_.jpg)

Лувр мұражайының бір экспонатының Қазақстанға келуі – жай мәдени жаңалық емес. Бұл – құны миллион еуро тұратын логистика, халықаралық страховка және үлкен саяси келісім.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/10/luvr-vremenno-zakryt-iz-za-ugrozy-vzryva-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/10/luvr-vremenno-zakryt-iz-za-ugrozy-vzryva-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

Франциядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Лувр президенті Кристоф Лерибомен осы жобаны талқылады.

Бірақ басты сұрақ – Лувр бізге не үшін керек және ол біздің мәдениетке қалай әсер етеді?

**1. Мұражай менеджменті: қоймадан индустрияға**

Қазақстанда мұражай әлі күнге дейін «жәдігер сақтайтын қойма» ретінде қабылданады. Ал Лувр үшін мұражай – жылына 10 миллион көрермені бар, миллиардтаған табыс әкелетін индустрия.Луврдың бір картинасын әкелу үшін біздің музейлерге қойылатын талап – бөлек әңгіме. Залдағы температура 21 градустан аспауы керек, ылғалдылық 50 пайыздан аспауы керек, жарық 50 люкстан аспауы керек. Тасымалдауға арнайы климат-жәшік, арнайы сақтандыру полисі керек.Бұл – біздің Ұлттық музей мен Ә.Қастеев музейі үшін үлкен мектеп. Біз еріксіз әлемдік стандартқа көтерілуге мәжбүр боламыз. Бұрын көрме ашу үшін афиша мен лента қию жеткілікті болса, енді музейлер маркетингті, аудиториямен жұмысты, мерч пен билет сатуды үйренуге тиіс болады. Яғни Лувр бізге картина емес, жұмыс істеу мәдениетін әкеледі.

**2. Көрермен: «Мұражай – скучно» деген түсінік кетеді**

Статистика бойынша, қазақстандықтардың 70 пайызы мұражайға жылына бір рет те бармайды. Себебі қоғамда «мұражай – мектеп оқушыларына арналған скучный жер» деген стереотип бар.Лувр бұл стереотипті бұзады. Лувр – бұл Instagram. Лувр – бұл статус. Билеті 20-30 мың теңге болса да, адамдар оны таласады. Себебі олар Мона Лизаны емес, «Мен Лувр көрмесін көрдім» деген эмоцияны, сторизді сатып алады.Бұл – өте маңызды бетбұрыс. Бір рет Луврға келген адам, ертең Қастеевке, ертең өлкетану музейіне де бара бастайды. Мәдениетті тұтыну мәдениеті осылай қалыптасады.

Бірақ мұнда үлкен қауіп бар.

Егер бұл көрме тек Астана мен Алматыда ғана өтсе, өңірдегі халық оны «бұл бізге емес, байларға арналған дүние» деп қабылдайды. Сондықтан көрменің артынан цифрлық нұсқасы, өңірлерге арналған лекциялар жүруі керек.

**3. Ақша және саясат: Бұл кімге тиімді?**

Мәдениетте тегін ештеңе жоқ. Лувр – әлемдегі ең қымбат брендтердің бірі.Франция үшін Лувр – жұмсақ күш (soft power). Олар бізге «біз ұлы мәдениетпіз» дейді. Ал біз үшін бұл – «Біз Лувр сенетіндей қауіпсіз, тұрақты, өркениетті елміз» деген әлемге жолдайтын месседж. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Францияға сапарынан кейінгі мәдени дипломатияның жалғасы да осы.Ал Бизмедиа үшін ең басты сұрақ – экономика. Бір ғана Лувр көрмесінің бюджеті – кемі 500 миллион теңге. Оның ішінде тасымал, сақтандыру, француз мамандарының гонорары, жарнама бар.

## Бұл ақшаны кім төлейді? Мемлекеттік бюджет пе, француз тарапының гранты ма, жеке спонсор ма?

Егер бұл толықтай бюджеттен төленсе, қоғамда орынды сұрақ туады: «Осы ақшаға 10 ауылдың музейін жөндеуге болар еді ғой». Сондықтан жобаның экономикалық моделі ашық болуы керек.

**Түйін:**

Луврдың Қазақстанға келуі – мақсат емес, құрал. Егер біз оны бір апталық шу үшін әкелсек – бұл қымбат PR болады. Ал егер оны музей реформасының, мамандарды оқытудың, жаңа аудитория қалыптастырудың бастауы етсек – онда бұл инвестиция болады.Мәдениетке салынған ақша ешқашан шығын емес, ол – елдің имиджіне салынған ұзақ мерзімді салым.

---

Опубликовано: 2026-09-21T12:24:57+05:00

Обновлено: 2026-09-21T12:25:00+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-21-luvr-qazaqstangha-ne-beredi-bir-koermening-artyndaghy-uelken-biznes/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.