---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-21-trilliondar-bar-oesim-zhoq-qazaqstan-investicziyany-qajda-zhoghaltyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Триллиондар бар, өсім жоқ: Қазақстан инвестицияны қайда жоғалтып жатыр?

![Экономист объяснил, почему укрепление тенге не связано с ростом цен на нефть](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/alexey-demidov-x7vnwode0z8-unsplash.jpg)

Қазақстан жыл сайын негізгі капиталға 11 трлн теңгеден астам қаржы құяды, Ұлттық қорда 102 млрд доллар жатыр, банктерде триллиондаған өтімділік бар.

[![Фото: Alexey Demidov / Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/alexey-demidov-x7vnwode0z8-unsplash-1024x683.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/alexey-demidov-x7vnwode0z8-unsplash.jpg)Фото: Alexey Demidov / Unsplash

Бірақ экономика 3-4 пайыздан артық өспейді. Boston Consulting Group-тың жаңа зерттеуі осы парадоксқа диагноз қойды: Қазақстанның проблемасы – ақшаның жоқтығында емес, бар ақшаны жаңа экономика құра алатындарға жеткізе алмауында.

1. **Қазақстандық инвестиция моделі қалай жұмыс істейді?**

2025 жылдың 8 айындағы ресми статистика инвестициялық модельдің жабық екенін көрсетті.11,5 трлн теңгенің 63,4%-ын компаниялар өз қалтасынан салған, 23%-ын бюджет берген. Банктердің үлесі – небәрі 3,5%.Нарықтық экономикада банк – экономиканың қаны. Ол халықтың депозитін алып, кәсіпкерге несие етіп береді. Бізде бұл тізбек үзілген. Банктер тұтыну несиесін бергенді жөн көреді, ал ұзақ мерзімді өндірістік несие бермейді.Нәтижесінде кімде бар – сол ғана инвестициялайды. ҚазМұнайГаз, ERG, ірі агрохолдингтер өз ақшасына дамиды. Ал кепілі, тарихы жоқ жаңа бизнес ақшасыз қалады

2. **BCG не дейді?**

BCG Investment Pathways зерттеуі екі түрлі проблеманы ажыратады.Біріншісі – жинақтау проблемасы. Елде ақша жоқ. Африка елдеріне тән.

Екіншісі – бөлу проблемасы. Ақша бар, бірақ ол бір жерде қамалып қалған. Ресурстық мемлекеттерге тән.Қазақстан – дәл екінші топта. Елде Ұлттық қор, ЕНПФ, Самұрық-Қазына, банктердің активтері бар. Бірақ бұл ақша өндірістік жобаларға жетпейді. Ол АҚШ-тың қазынашылық облигацияларында, депозиттерде, Астана мен Алматыдағы тұрғын үй нарығында тұр.

Ресми түрде капитал көп, бірақ жеке экономика үшін қолжетімді ұзақ ақша жоқ.

**3. Ақша қайда кетеді және ICOR деген не?**

Инвестицияның құрылымы оның тиімсіз екенін дәлелдейді.2025 жылы инвестицияның 19,4%-ы жылжымайтын мүлік операцияларына, 18%-ы көлік пен қоймаға кеткен. Ал ақпарат және байланысқа – 1,6%, ғылым мен технологияға – 0,3% ғана.Біз болашақтың салаларына емес, рентасы бар ескі салаларға инвестиция салып жатырмыз.Оның қайтарымын өлшейтін халықаралық көрсеткіш бар – ICOR (Incremental Capital-Output Ratio). Ол 1% өсім үшін қанша инвестиция керек екенін көрсетеді.

Дамыған елде ICOR – 3-4. Яғни 3 доллар салып, 1 доллар өсім аласың.Қазақстанда ICOR соңғы жылдары 6-7-ге жетті. Біз өсу үшін екі есе көп ақша жағамыз. Бұл – инвестицияның тиімсіз екенін білдіреді.Неге? Себебі банктегі 16% депозит тұрғанда, қайтарымы 10% болатын заводты ешкім салмайды.

**4. Неге шетелдік инвестиция құтқармайды?**

Дәстүрлі жауап – «шетелдік инвестор әкелеміз» деген. Бірақ BCG оған күмәнмен қарайды.Шетелдік капитал технология әкеледі, бірақ мультипликаторы төмен. Ол көбіне жабық контурда жұмыс істейді: шетелдік компания шетелдік жабдық әкеледі, шетелдік мердігерді жалдайды, пайданы шетелге алып кетеді.Қазақстанда қалатыны – салық пен жұмыс орны ғана. Жаңа жеткізу тізбегі, жергілікті инжиниринг қалыптаспайды.Сондықтан шетелдік инвестицияның көлемі емес, оның жергілікті экономикаға сіңуі маңызды.

**Қорытынды: Не істеу керек?**

Мәселені «инвестиция аз» деп емес, «инвестиция жете алмай жатыр» деп қою керек.Бірінші – Ұлттық қор мен ЕНПФ-ты тек сыртта сақтамай, ел ішіндегі ұзақ ақша көзіне айналдырудың тетігін табу.Екінші – банктердің инвестициядағы үлесін 3,5%-дан кемінде 25%-ға жеткізу. Ол үшін мемлекет кепілдік қорларын күшейтуі керек.Үшінші – табысты триллион теңгемен емес, ICOR-мен, яғни тиімділікпен өлшеуді бастау.Әйтпесе Қазақстан жыл сайын рекордтық инвестиция туралы есеп беріп, сол баяғы шикізат экономикасы болып қала береді.

---

Опубликовано: 2026-09-21T13:00:28+05:00

Обновлено: 2026-09-21T13:00:31+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-21-trilliondar-bar-oesim-zhoq-qazaqstan-investicziyany-qajda-zhoghaltyp-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.