---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-22-17-trln-nyng-4-bombasy-mikroqarzhy-nege-zharylugha-dajyn-tur/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 1,7 ТРЛН-НЫҢ 4 БОМБАСЫ: МИКРОҚАРЖЫ НЕГЕ ЖАРЫЛУҒА ДАЙЫН ТҰР?

![Люди с ручкой и калькулятором в руках смотрят на статистику](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/nekotorye-banki-mfo-i-strahovye-kompanii-oshtrafovali-na-189-millionov-tenge_bizmeda.kz_.jpg)

1,7 трлн теңгенің микроқаржысы 4 есе өсті. Бірақ бұл өсу емес, 4 жарылуға дайын бомба. 900 млрд тұтынушылық тұзақта, алаяқтық кредит тоқтаған жоқ, тәуекел қағазда ғана, ал адалдық мәдениетке айналмаған.Алматыда өткен Орталық Азия микроқаржыландыру форумына қатысқан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов нарықтың соңғы 5 жылдағы дамуын қорытындылады.

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/nekotorye-banki-mfo-i-strahovye-kompanii-oshtrafovali-na-189-millionov-tenge_bizmeda.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/nekotorye-banki-mfo-i-strahovye-kompanii-oshtrafovali-na-189-millionov-tenge_bizmeda.kz_.jpg)Фото: Freepik

Дерек бойынша, қазір нарықта 214 МҚҰ қалды.

• Активтері 4 есеге жуық өсіп, 1,7 трлн теңгеге, ал несиепортфелі 3,5 есе өсіп, 1,5 трлн теңгеге жеткен. 

• Оның 40%-ы – 580 млрд теңгеден астамы бизнеске берілген.Бірақ осы өсудің артында Агенттіктің өзі мойындаған 4 жүйелі проблема бар.

• 1-бомба: 900 млрд тұтынушылық тұзақтаПортфельдің 60%-ы – 900 млрд теңге – халыққа берілген кредит. Бұл – тойға, телефонға, айлыққа дейін берілген, экономикаға өнім бермейтін ақша.Модель өзгермеген: 50 мыңды 30 күнге 15% қосып беру. Жылдық – 300-400%. Адам жаба алмай, екінші МҚҰ-дан алады. Агенттікке түсетін шағымның 70%-ы – осыдан.

• 2-бомба: Алаяқтық кредит тоқтаған жоқАгенттік 3-бағыт ретінде «алаяқтық кредиттерге қарсы күрес» деп отыр. Бұл – мойындау.МҚҰ-лар ЖСН мен селфимен 5 минутта кредит береді. Алаяқ біреудің атына 100 мың рәсімдей салады. Адам қарызы барын 6 айдан кейін біледі. Ал 2020 жылдан бері 800-ден астам МҚҰ жабылды, олардың базасы қайда кетті? Клиентті кім қорғайды?

• 3-бомба: Тәуекел тек қағаздаАгенттік: «Формальды сақталуын ғана емес, нақты сапасын бағалаймыз». Яғни қазір бәрі формальды.214 МҚҰ-ның көбі – 5-10 адамдық ұйым. Скоринг Excel-де, резерв минимум. Ішінде портфелінің 20-30%-ы шіріген «зомби-МҚҰ»-лар бар.Сондықтан «уәжді пайымдау» енгізіледі – қағазың дұрыс болса да, моделің нашар болса, лицензияң қайтарылады.4-бомба: Адалдық мәдениет емес4-бағыт – «іс-қимылды қадағалау». Жарнамадан бастап, коллекторға сатқанға дейін тексеріс.Қазір жарнамада «0% 7 күнге!», шартта – жылдық 365%. Коллектор «туыстарыңа айтамыз» деп қорқытады. Агенттіктің «адалдық бизнес-модельдің бөлігі болсын» деуі – адалдықтың әлі мәдениетке айналмағанын мойындауы.

Түйін1,7 трлн – өсу емес, қауіптің көлемі. Реттеуші «реактивтіден алдын алуға көшеміз» деді. Ертең капитал талабы күшейеді, ұсақ МҚҰ жабылады, ШОБ-қа кредит қиындайды.Осы 4 бомба залалсыздандырылмаса, келесі дағдарыс банктерден емес, микроқаржыдан басталады.

---

Опубликовано: 2026-09-22T08:44:00+05:00

Обновлено: 2026-09-22T08:55:13+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-22-17-trln-nyng-4-bombasy-mikroqarzhy-nege-zharylugha-dajyn-tur/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.