---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-22-chek-zhoghaldy-dep-qutylyp-ketpejsing-tutynwshyny-qorghajtyn-zang-qalaj-oezgeredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Чек жоғалды деп, құтылып кетпейсің: Тұтынушыны қорғайтын заң қалай өзгереді?

![ККМ выдает чек, ИИН](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/cheki-kkm-v-kazahstane-dolzhny-vydavatsya-na-gosudarstvennom-yazyke-po-trebovaniyu-grazhdan_bizmedia-kz_.jpg)

Қазақстанда «чек жоқ, қайтара алмайсың» деген желеумен тұтынушыны қақпақыл ететін заман аяқталуы мүмкін.

[![Фото: rcpp.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/cheki-kkm-v-kazahstane-dolzhny-vydavatsya-na-gosudarstvennom-yazyke-po-trebovaniyu-grazhdan_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/cheki-kkm-v-kazahstane-dolzhny-vydavatsya-na-gosudarstvennom-yazyke-po-trebovaniyu-grazhdan_bizmedia-kz_.jpg)Фото: rcpp.kz

Мәжілісте тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға түбегейлі өзгерістер дайындалып жатыр. Жұмыс тобын басқарып отырған депутат Никита Шаталовтың айтуынша, жаңа заң сатушының емес, сатып алушының жағында болмақ.

• Енді заң тауарға ғана емес, қызметке де жүредіҚазіргі заң көбіне дүкеннен зат алған адамды ғана қорғайды. Ал сұлулық салоны шашты күйдіріп жіберсе, құрылысшы үйді дұрыс салмаса, такси қызметі дөрекі болса – тұтынушы әлсіз.Жаңа нормада бірыңғай базалық қорғаныс енгізіледі. Тауар алдың ба, жұмысқа тапсырыс бердің бе, қызмет пайдаландың ба – бәрібір. Құқығың бірдей қорғалады.

• «Ұсақ қаріп» пен «чек жоқ» енді сатушыны құтқармайды. 

Бұл – ең басты жаңалық.Көп компания келісімшартқа «Компания жауап бермейді», «Қайтаруға жатпайды» дегенді ұсақ қаріппен тығып қояды. Енді тұтынушының құқығын шектейтін кез келген шарт заңсыз деп танылмақ.

Дәл солай, жоғалған чек те жосықсыз сатушының қалқаны болмайды. Егер сатып алғаныңды басқа жолмен дәлелдей алсаң – банк қосымшасы, бейнекамера, куәгер – сатушы жауапкершіліктен құтыла алмайды.

«Орындаушының жауапкершілігін алдын ала алып тастаған ұсақ қаріп немесе жоғалған чек енді жосықсыз сатушыны қорғамайды», – делінген заң жобасының тұжырымдамасында.Бұрын чек – сатушының қолындағы құрал еді. Енді бәрі өзгереді.

3. Тұтынушылар омбудсмені пайда боладыЗаңда жаңа фигура – Тұтынушылар құқығы жөніндегі омбудсмен енгізілмек.

Ол не істейді?

• Нарықтағы жүйелі былықтарды жинап, мемлекет алдына қояды; 

• Ережелерді жазуға қатысады;

• Қажет болса, сотта тұтынушының атынан өзі қатыса алады.Яғни, дүкенмен жалғыз алысуға тура келмейді.

• 4. Сотқа жеткізсең – айыппұл төлейсіңКәсіпкерлерді тәртіпке келтіретін тағы бір тетік.

• Егер сатып алушы барлық сатыдан өтіп, арызданса, ал сатушы мәселені даусыз шешуден бас тартса және іс сотқа жетсе – сатушы сатып алушының пайдасына қосымша айыппұл төлейді.

Мақсат – бизнесті «соттасып көрелік, шаршап қалар» деген пиғылдан арылту. Дауды ерте шешкен тиімді болмақ.

**Бизнес қысылып қалмай ма?**

Депутат Шаталовтың сөзінше, заңның мақсаты – бизнесті тұқырту емес, ойын ережесін түсінікті ету.

> «Тұтынушы – нақты қорғаныс тетігін алуы керек, ал кәсіпкер – түсінікті, тұрақты ережемен жұмыс істеуі тиіс. Теңгерім сақталады», – дейді ол.

Заң жобасы қазір талқылауда. Оған сарапшылар, кәсіпкерлер қауымдастығы және тұтынушылар ұйымдары қатысып жатыр.Бір анығы: «чегің қайда?» деп дөрекі сөйлейтін сатушылардың заманы өтіп барады.

---

Опубликовано: 2026-09-22T08:38:00+05:00

Обновлено: 2026-09-22T08:53:08+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Алматы](https://kk.bizmedia.kz/tag/almaty/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-22-chek-zhoghaldy-dep-qutylyp-ketpejsing-tutynwshyny-qorghajtyn-zang-qalaj-oezgeredi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.