---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-22-tuendegi-shugha-qatang-zhaza-bektenov-qamaudy-tapsyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түндегі шуға – қатаң жаза: Бектенов қамауды тапсырды

![Түндегі шуға – қатаң жаза: Бектенов қамауды тапсырды](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/bektenov.jpg)

Түнде жұрттың ұйқысын бұзып, көшеде ары-бері зырылдап жүрген көлік пен мотоцикл иелері енді айыппұлмен ғана құтылмайды.

[![Фото: Официальный Telegram-канал Правительства РК](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/bektenov-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/bektenov.jpg)Фото: Официальный Telegram-канал Правительства РК

Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне оларды міндетті түрде қамауға алуды тапсырды. Биылдың өзінде 372 осындай дерек тіркеліп, 55 адам қамалып үлгерген.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов түн тыныштығын бұзу мәселесін қатаң көтерді. Ол Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен түнгі шумен қалай күресіп жатқанын сұрады.

> «Көлік пен мотоцикл жүргізушілерінің, әсіресе түнгі уақытта қатты шу шығаруына қатысты қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Бұл мәселені біз сіздермен бірнеше рет талқыладық. Қатаңырақ шаралар қабылдау қажет. Өйткені түнде олар тұрғындардың тыныштығын бұзады», – деді Бектенов.

ІІМ басшысы Ержан Сәденовтің айтуынша, полиция бұл бағытта тәулік бойы жұмыс істейді. Құқық бұзушылар бейнебақылау камералары және азаматтардың 102 нөміріне түсірген шағымдары арқылы анықталады.

> «Жыл басынан бері осындай 372 факт тіркелді. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 55 адам қамауға алынды. Автомобильдер мен мотоциклдер айыппұл тұрағына қойылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты күшейте түсетін боламыз», – деді министр.

Алайда Премьер-министр айыппұл салу жеткіліксіз деп санайды.

> «Тиісті тапсырыс бұрын берілген. Мұндай жағдайларда айыппұл салумен шектелмей, құқық бұзушыларды міндетті түрде қамауға алу қажет», – деп тапсырды ол.

Айта кетейік, елімізде жол апаттарының саны азайғанымен, патрульдік полицияның техникалық жарақтануы әлі де төмен. Ресми дерекке сәйкес, патрульдік автокөліктердің 86%-ында заң бұзушылықты тіркейтін мобильді кешен жоқ.

---

Опубликовано: 2026-09-22T07:52:19+05:00

Обновлено: 2026-09-22T07:52:21+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-22-tuendegi-shugha-qatang-zhaza-bektenov-qamaudy-tapsyrdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.