---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-23-bank-zhoq-dese-kimge-barasyng-endi-qazaqstandyqtar-nesieni-3-aj-ishinde-ombudsmen-arqyly-daulasa-alady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Банк &#171;жоқ&#187; десе, кімге барасың? Енді қазақстандықтар несиені 3 ай ішінде омбудсмен арқылы дауласа алады

![Банк ЦентрКредит запустил новый продукт для самозанятых, банковская тайна](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_.jpg)

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қаулы жобасын жариялады.

[![Фото: Depositphotos.com / fizkes](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Depositphotos.com / fizkes

Егер Екінші деңгейлі банк (ЕДБ) немесе Микроқаржы ұйымы (МҚҰ) несие шартын өзгертуден бас тартса, қарыз алушы сотқа дейін банктік немесе микроқаржы омбудсменіне жүгіне алады. Бұл – бұрын болмаған заңды мүмкіндік. Бұған дейін банк "талапқа сай емессіз" деп бір ауыз сөзбен жауып тастайтын.

## Бұл қызмет тегін бе?

Банктік және микроқаржы омбудсменіне жүгіну – қарыз алушы үшін тегін. Оның жұмысын банктер мен МҚҰ-лар өздері қаржыландырады. Яғни, азамат сотқа ақша төлеп, адвокат жалдамай-ақ, дауды сотқа дейін шеше алады.Банктер жеңіп шығудың мың түрлі тетігін дайындап қойғанын осыған дейін жазғанбыз. ****

-  Ең жиі қолданылатын 3 тетік: "Талапқа сай емессіз" – себебін түсіндірмеу.
- Қазір жаңа қаулы бойынша банк бас тарту себебін жазбаша, дәлелдеп беруге міндетті.
- Уақыт созу. Азаматты 30-60 күн күттіріп, мерзім өткізіп жіберу.
- Жаңа ережеде банк 15 күн ішінде жауап беруі тиіс, ал бас тартса – омбудсменге жүгіну құқығы бар екенін өзі ескертуі керек.
-  Екі-үш банкте қарызы бар адамды әр банк жеке-жеке қысады.

Енді Finkgilik.kz / ұжымдық реттеу платформасы арқылы 2 және одан да көп кредитор алдындағы қарызды бір жерде, бір кестеге келтіруге болады. Кепілсіз несиелер үшін – бұл міндетті тетік.

## Қарапайым азаматтың құқығы қалай қорғалады?

Заң бойынша 3 қабат қорғаныс бар:1-қабат – Банкке өтініш: Қиналған жағдайда қарыз алушы шартты өзгертуді (мерзімді ұзарту, төлемді азайту) сұрай алады. 2-қабат – Омбудсмен (жаңа): Банк бас тартса, 3 ай ішінде омбудсменге жүгінесің. Омбудсмен – тәуелсіз медиатор. Ол банкке міндетті шешім шығара алады. Бұл – сотқа дейінгі соңғы мүмкіндік. 3-қабат – Ұжымдық реттеу: Егер қарыз 2+ ұйымда болса, арнайы электрондық платформа арқылы бірыңғай өтеу кестесі жасалады. Келіссең – 3 күн ішінде хаттама мен әр кредитормен медиативтік келісімге қол қоясың. Келіспесең – рәсім тоқтап, қайта жүгіне алмайсың.

Ең маңыздысы: Банк енді "омбудсменге бара аласыз" деп өзі айтуға міндетті. Айтпаса – бұл ҚНРДА тарапынан айыппұлға әкелетін бұзушылық. Омбудсмендер осы жүктемеге дайын ба?

Бүгінде бір омбудсменге мыңдаған өтініш түссе, 15 күнде шешім шығара ала ма – осыны ҚНРДА қаулысымен бірге ойластыруы керек.

---

Опубликовано: 2026-09-23T12:56:35+05:00

Обновлено: 2026-09-23T12:56:38+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-23-bank-zhoq-dese-kimge-barasyng-endi-qazaqstandyqtar-nesieni-3-aj-ishinde-ombudsmen-arqyly-daulasa-alady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.