---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-23-kamera-qate-bolsa-ajyppul-qajtarylady-tehnikanyng-aqauynan-qansha-zhuergizushi-zardap-shekti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Камера қате болса, айыппұл қайтарылады: техниканың ақауынан қанша жүргізуші зардап шекті?

![Камеры висят на столбе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/razrabotana-kamera-sposobnaya-analizirovat-do-1000-kadrov-v-sekundu-bizmedia.kz_.jpg)

Қазақстанда жол камерасы қате жазса, төленген айыппұл бюджеттен қайтарылатын болды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді. Мемлекет алғаш рет техниканың қателігін ресми мойындап отыр. Бірақ бұл шешімнің артында – мыңдаған жүргізушінің ашуы мен миллиондаған теңге заңсыз айыппұл жатыр.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/razrabotana-kamera-sposobnaya-analizirovat-do-1000-kadrov-v-sekundu-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/razrabotana-kamera-sposobnaya-analizirovat-do-1000-kadrov-v-sekundu-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

## Не болды? Алматы-Қорғас жолындағы "миллиондық" айыппұлдар

Тамыз айында Алматы-Қорғас тас жолында 100-ге жуық жүргізуші бір күнде айыппұл алды. Біреуге 118 мың, біреуге 1 миллион теңгеге дейін. Жүргізушілердің айтуынша, олар жылдамдықты асырмаған. Бірақ камера солай көрсеткен.ІІМ бұл жолы мойындады: 13 және 14 тамызда Алматы және Жамбыл облыстарында техникалық ақау болған.

Лепеханың түсіндіруінше, ІІМ Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетімен бірге жаңа автоматтандырылған жүйеге көшкен. Бұрын бұзушылық фотосы полиция қызметкеріне келетін, ол тексеріп, қолмен қол қоятын.

## Енді бәрі автоматтандырылды

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі арқылы нұсқама тікелей автокөлік иесіне кетеді.Міне, осы жерде қате кеткен. Дұрыс нұсқамада екі арка арасындағы уақыт пен орташа жылдамдық жазылуы керек. Ал қате нұсқамада – тек бір арканың жанындағы сәттік жылдамдық жазылып кеткен. Яғни, орташа жылдамдықты бұзбаған адам, сәттік жылдамдықты асырды деп айыпталған.

> «Егер нұсқаманың заң бұзушылықпен ресімделгені анықталса, төленген ақша бюджеттен қайтарылады», – деді Игорь Лепеха.

ІІМ қазір әрбір өтінішті жеке қарайтынын және қате нұсқамалар автоматты түрде жойылатынын айтты. Жүргізушіге өз кінәсіздігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл бірінші рет емес:

Бұған дейін дәл осындай жағдай Аягөзде болған. Рұқсат етілген жылдамдық 60 км/сағ болатын жерде камера 40 км/сағ деп қате орнатылған. 172 жүргізуші заңсыз айыппұл арқалаған. Кейін нұсқамалардың күші жойылып, 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылды. Демек, техникалық ақау – жүйелі мәселе.

## Жүйе неге бұрын іске қосылмады? Неге автоматтандыру адамды алып тастады?

Бұрын полиция қызметкері фотоны көзбен көріп, "бұл рас па, өтірік пе" деп сүзгіден өткізетін. Енді робот шешеді. Робот қателессе – 100 адам бір күнде жапа шегеді. Мемлекет адам факторын алып тастап, техникаға толық сенуге асықты ма?

## Қанша жүргізуші үндемей төлеп кетті?

Алматы-Қорғаста – 100 адам шағымданды. Ал шағымданбаған қанша? Көп жүргізуші "соттасып қайтем, төлей салайын" деп 118 мыңды төлеп жібереді.

## Олардың ақшасы қалай қайтарылады?

ІІМ "автоматты түрде анықтап жоямыз" дейді, бірақ тетігі сол кезде ғана пысықталған. Яғни, бұған дейін төленгендері – бюджетте жатыр.амераны орнатқан мердігер, оны баптаған маман, нұсқаманы автоматты жіберген жүйе – кім жауап береді?

 Жүргізуші 1 км/сағ асырса – айыппұл төлейді. Ал жүйе 172 адамға заңсыз айыппұл салса – "техникалық ақау" деп кешіріле ме?

**Түйін:**

Сенім – техникадан маңызды Орташа жылдамдықты өлшеу – әлемдік тәжірибе. Бұл – жол апатын азайтатын дұрыс жүйе. Бірақ дұрыс жүйені дұрыс іске қосу керек. Мемлекеттің "қате болса, қайтарамыз" деуі – дұрыс қадам, ашықтық. Бірақ халық "қате болмаса екен" дейді. Егер камераға сенім болмаса, жол ережесіне де сенім болмайды. Сондықтан ІІМ-ге қояр талап – үшеу:Қате нұсқамалардың тізімін ашық жариялау. Төленген ақшаны жүргізушінің өтінішінсіз-ақ, автоматты қайтару. Камераны орнатқан мердігердің жауапкершілігін заңға жазу. Әйтпесе, техниканың ақауынан халықтың қалтасы қағыла береді.

---

Опубликовано: 2026-09-23T11:16:53+05:00

Обновлено: 2026-09-23T11:16:55+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-23-kamera-qate-bolsa-ajyppul-qajtarylady-tehnikanyng-aqauynan-qansha-zhuergizushi-zardap-shekti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.