---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-23-taghy-6-mlrd-dollar-qaryz-qazaqstan-aziya-bankinen-ne-ueshin-zhaene-kimning-atynan-qaryz-alady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тағы 6 млрд доллар қарыз: Қазақстан Азия банкінен не үшін және кімнің атынан қарыз алады?

![Банк ЦентрКредит запустил новый продукт для самозанятых, банковская тайна](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_.jpg)

Құрылтайда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет пен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы негіздемелік келісімді таныстырды.

[![Фото: Depositphotos.com / fizkes](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bank-czentrkredit-zapustil-novyj-produkt-dlya-samozanyatyh_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Depositphotos.com / fizkes

Ратификациядан кейін алғашқы 5 жылда көлік, энергетика, денсаулық сақтау және жасыл қаржыландыруға 6 млрд доллар тарту жоспарланып отыр. Бұған дейін 10 жылда 1,8 млрд долларға 7 жоба іске асқан.

Министрдің айтуынша, келісім бюджетке түсетін жүктемені азайтып, рәсімдерді оңтайландырады, жаңа жұмыс орындарын ашады. Алғашқы жобалар – "Жезқазған–Қарағанды", "Ақтөбе–Қарабұтақ–Ұлғайсын", "Атырау–Доссор", "Мойынты–Қызылжар" жолдары.Біз тағы кімнен қарызбыз?

## АИИБ – жалғыз емес

 Қазақстанның сыртқы қарызының 4 тірегі бар:Даму банктері: АИИБ, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ – ұзақ, арзан ақша. 15-20 жылға, төмен пайызбен. Бірақ тек инфрақұрылымға. Еурооблигациялар: Бюджет тапшылығын жабу үшін. Екіжақты қарыздар: Қытай, Жапония экспорттық агенттіктері.Жеке инвестициялар: Бірақ олар жолға емес, пайдасы тез қайтатын салаға барады.

## Неге ұлттық инвестор мұндай жобаларға келмейді?

Себебі бұл – ұзақ, қайтарымы 15-20 жылдық, әлеуметтік жүгі бар жобалар. Жол, энергетика, су – тарифпен қайтатын, бірақ бастапқы инвестициясы 500 млн – 1 млрд долларлық мега-жобалар.Ұлттық инвесторға ол қызық емес. Оған 2-3 жылда қайтатын тұрғын үй, логистика, сауда, кен байыту қызық. Ал жолға – мемлекет кепілдігі, халықаралық банк кепілдігі керек.

Сондықтан Үкімет сырттан арзан, ұзақ ақша іздейді. 6 млрд доллар – бюджеттен бірден 6 млрд бөлу емес, бюджеттің жүгін азайтып, қарызды 20 жылға созу амалы. Сұрақ – қарыздың көлемінде емес, тиімділігінде: 1,8 млрд-қа 7 жоба іске асса, 6 млрд-қа қанша жол салынады және ол жолдар ақылы болып, қарызды өзі ақтай ма?

---

Опубликовано: 2026-09-23T11:42:46+05:00

Обновлено: 2026-09-23T11:42:49+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-23-taghy-6-mlrd-dollar-qaryz-qazaqstan-aziya-bankinen-ne-ueshin-zhaene-kimning-atynan-qaryz-alady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.