---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-23-tumau-vakczinasy-nege-keshikti-qazaqstan-22-mln-dozany-tolyqtaj-syrttan-alady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тұмау вакцинасы неге кешікті: Қазақстан 2,2 млн дозаны толықтай сырттан алады

![Почему вакцина «QazVac» до сих пор не сертифицирована ВОЗ, объяснили в Минздраве](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pochemu-vakczina-qazvac-do-sih-por-ne-sertificzirovana-voz-obyasnili-v-minzdrave-bizmedia.kz_.jpg)

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация науқаны белгіленген 15 қыркүйекте басталмады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 2,2 млн доза "Гриппол плюс" вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге қазан айының басында ғана жеткізіледі.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pochemu-vakczina-qazvac-do-sih-por-ne-sertificzirovana-voz-obyasnili-v-minzdrave-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pochemu-vakczina-qazvac-do-sih-por-ne-sertificzirovana-voz-obyasnili-v-minzdrave-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

Себеп – өндірушінің кестесін өзгертуі және Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығындағы тіркеу рәсімдері.Бұл кідіріс  түрлі ауруларға қарсы екпенің қанша пайызын өзімізде шығарамыз деген мәселені күн тәртібіне шығарды. Дәрі-дәрмекте отандық үлес 40,3 пайызға жетсе де, вакцина – жеке индустрия ретінде қалыптаспаған.

- Мал вакцинасы бойынша – қажеттіліктің 70 пайызын өзіміз жабамыз.
- Адамның жоспарлы 20+ екпесі бойынша – 0-5 пайыз.
- Тұмау вакцинасы бойынша – 0 пайыз. 2,2 млн дозаның 100 пайызы – ресейлік "НПО Петровакс Фарм" өнімі.
- Жалғыз отандық – QazVac, бірақ ол күнтізбеге енбеген.Неге 0%? Тұмау – штаммы жыл сайын жаңаратын, 6 айда өндіріп үлгеруі керек өнім. Ол үшін GMP зауыты, штамм банкі және ұзақ мерзімді тапсырыс керек. Бізде QazBioPharm ғылымы бар, бірақ икемді өндіріс тізбегі жоқ.

## Салдары – бір ғана жеткізушіге тәуелділік

Ол кестесін өзгертсе, қауіпті топтағы 2 миллионнан астам адамның – созылмалы науқасы барлар, жүкті әйелдер, балалар мен қариялардың – вакцинациясы кешігеді.

---

Опубликовано: 2026-09-23T11:25:53+05:00

Обновлено: 2026-09-23T11:25:56+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-23-tumau-vakczinasy-nege-keshikti-qazaqstan-22-mln-dozany-tolyqtaj-syrttan-alady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.