---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-24-subsidiyaly-tuzaq-200-myng-biznes-nege-zhabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Субсидиялы тұзақ: 200 мың бизнес неге жабылды?

![Субсидии в размере 108,8 млрд тенге были выплачены фермерам](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/06/subsidii-v-razmere-1088-mlrd-tenge-byli-vyplacheny-fermeram-bizmedia.kz_.jpg)

2026-ның алғашқы 6 айында 200 мыңнан астам бизнес жабылды. Ұлттық статистика бюросының дерегі. Ішінде салықтық тазарту да бар, бірақ бәрі емес.Ал дәл сол кезде бір жұмыс орнының бағасы рекорд қойып жатыр.

[![Фото: © Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/06/subsidii-v-razmere-1088-mlrd-tenge-byli-vyplacheny-fermeram-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/06/subsidii-v-razmere-1088-mlrd-tenge-byli-vyplacheny-fermeram-bizmedia.kz_.jpg)Фото: © Bizmedia.kz

2025 жылы әлеуметтік осал топқа берілген гранттың шегі – 400 АЕК, яғни 1 572 800 теңге. 2026 жылы 1 АЕК 4 238 теңгеге өсіп, сол грант 1 695 200 теңге болды. Оған қоса субсидияланатын орынға ай сайын 78 640 теңгеге дейін төленеді – жылына 943 680 теңге. Екеуі – 2,5 млн. Жанама шығынмен біздің есеп бойынша – 4 млн-нан асады.

 4 млн-ға ашқан орнымыз неге 6 ай тұрмай жабылады? Біз жұмыс орнын ашып жатырмыз ба, әлде сол 200 мыңның қатарын көбейтіп жатырмыз ба?

## Жауап 5 бөлек шындықта

 Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов:"Біз 95%-ын жасап, соңғы 5%-ына шыдамаймыз. Үш жылдық еңбек көкке ұшады".Грант алынды, лента қиылды – 95% бітті. Ал сату, нарықта қалу – сол 5%. Сол 5%-да 200 мыңның көбі кетіп жатыр.

## 2. ЖАМАНДАМА, ТҮЗЕТ

Сырымбек Тау: "Жамандағанша, түзетуге тырысайық".200 мың жабылды деп жылағанша, не жетіспейді – соны табу керек.

## НЕ ЖЕТІСПЕЙДІ?

Ұзақбай Айтжанов: "Оңтүстіктегі цехқа шикізатты орталық берсе, шығын тез өтеледі. Инвестор бірінші инфрақұрылымдық климатты сұрайды". 1 572 800 теңге грант алған цехтың шикізаты келесі облыстан келмесе, грант – логистикаға кетеді. Ал логистика неге қымбат? Дүниежүзілік Банктің бағалауынша, өңірлік базаға 11,2 трлн керек. Бұл – бекітілген бюджет емес, бағыт. Бірақ бағыт анық: жол жоқ жерге грант барса, ол жабылады**.**

## ТҰЗАҚ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Қуанышбек Дүйсенов: "Мемлекет қолдауындағы орын субсидия біткенше ғана тұрады. Нарықтық емес жоғары жалақы ұсынып, маманды өзіне тартады". Механизм: 78 640 теңге субсидия барда бір орын тірі, қасындағы субсидиясыз екі орын өледі. Біз 200 мыңды осылай көбейтіп отырмыз ба? 5. 4 МЛН ҚАЙТАДЫ МА? Бейсенбек Зиябеков: "4 млн-ның 15%-ы – 606 мың теңге бірінші жылы қайтуы керек". Руслан Сұлтанов: "Біз өндірістің өзін құрдық, бірақ тереңдігін емес. Құрал-жабдық сырттан келеді, құнның бір бөлігі сыртта қалады. Компания бәсекеге емес, қолдауға бейімделеді". Яғни, 4 млн жұмсадық, бірақ түйме де сырттан келеді.

## НЕ ІСТЕЙМІЗ? 3 ҰСЫНЫС 1

1 695 200 теңге алған орын 3 жылдан кейін бар ма – ашық жариялансын. Бағасын емес, ғұмырын өлшейік  Грантты шашқанша, сол қаржының бір бөлігін қойма, тоңазытқыш, логистикаға салсақ, 200 мың азаяды.

Өнімділікке байлайық. Айлық 78 640 теңгені жалақыға емес, өнімділікке берсек, тұзақ – тірекке айналады.Түйін: Біз 4 млн-ға орын ашып жатырмыз, бірақ 200 мың орынды жауып жатырмыз. Енді ашуды емес, ұстап қалуды үйренетін уақыт.

---

Опубликовано: 2026-09-24T06:10:35+05:00

Обновлено: 2026-09-24T06:10:37+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-24-subsidiyaly-tuzaq-200-myng-biznes-nege-zhabyldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.