---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-24-zhemge-uejrengen-torghaj-267-myng-tengge-masyldyqty-emdej-me/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жемге үйренген торғай: 267 мың теңге масылдықты емдей ме?

![Пособия на более чем 60 млрд тенге получили многодетные семьи](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/03/posobiya-na-bolee-chem-60-mlrd-tenge-poluchili-mnogodetnye-semi-bizmedia.kz_.jpeg)

Министрлік жұмыссыздық төлемін 6 айдан 3 айға қысқартпақ. Ең жоғарғысы 422 мыңнан 267 мыңға түседі. Уәжі – халықты масылдықтан арылту. Бірақ халықты жемге үйреткен кім? Және жемді алып қойса, торғай ұшып кете ме, әлде аштан өле ме?

[![Фото: Zakon.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/03/posobiya-na-bolee-chem-60-mlrd-tenge-poluchili-mnogodetnye-semi-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/03/posobiya-na-bolee-chem-60-mlrd-tenge-poluchili-mnogodetnye-semi-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Zakon.kz

## Цифр  – шындықты айтады

Бірақ мұнда шындықтың жартысы ғана ашылып түр. Министрліктің логикасында қисын бар.2024 жылы жұмыстан айырылғандарға 79,3 млрд теңге төленген. 2025 жылы – 118,5 млрд. Бір жылда 50%-ға өсім. Алушылар саны да 275 мыңнан 331 мыңға жеткен. Яғни, жүйе тесік. Әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова айтқандай, біреулер таныс кәсіпорынмен келісіп, жарнаны 6 ай төлеп қойып, сосын жарты жыл жәрдемақы алып отырады. Кейбір әкімдіктер "ақша игерілді" деп көзбояушылық жасайды.Осы жерден министрлік "халық жемге үйреніп барады" деген қорытындыға келеді.

## Жартылай шындықтан – толық шындыққа

Торғай неге жемге үйренді? Ал енді осыдан келесі сұраққа көшейік. Жарайды, халық жемге үйренді делік. Ал ол жемді шашып отырған кім? Министр Ертаевтың өзі Үкімет алдында бір қызық цифр айтты. Биыл электронды биржада 845 мың бос жұмыс орны бар екен. Бірақ соның 30-40%-ына адам табылмай жатыр. Сондықтан амалсыз 300 мың шетелдік жұмысшы әкелуге мәжбүрміз.Байқадыңыз ба? Жұмыс бар, бірақ біздің адам жарамайды. Неге жарамайды? Себебі біз соңғы 20 жылда жұмыссыздықпен күресті тек қағазбен жүргіздік. "Жұмыспен қамту-2020", "Жол картасы", "Еңбек", "Жастар практикасы", "Күміс жас"... Бағдарлама көп, бірақ артында зауыт жоқ.Маманды қайта оқытамыз. Ал ол қайта оқып келгенде баратын өндіріс жоқ. Сөйтіп ол не істейді? Алыпсатар болады. Қытайдан әкеліп, Ресейге сатады. Ел базарға айналды. Польшаның алмасын, Испанияның қауын-қарбызын жейміз.Осы жерден үшінші, ең ауыр сұрақ туады.

3. Зауытсыз қайта оқыту – масылдықтың жаңа түрі емес пе?Бұл – ең маңызды переход.Біз "масылдық" деп үйде жатқан адамды айтамыз. Ал мемлекеттің миллиардтарын алып, адамды қайта оқытқан болып, қағазға қол қоя салатын жүйе ше? Ол масылдық емес пе?Мысалға, Шымкенттің шаруасын алайық. Бір жылы бәрі жаппай мақта егеді. Келесі жылы бәрі қарбызға көшеді. Өнім көп, бірақ өткізетін нарық, сақтайтын қойма, өңдейтін зауыт жоқ. Ақыры қарбызды тегін таратады. Алматыда пиязды да тегін таратқанын көрдік.Яғни, адамды еңбекке шақырамыз, бірақ еңбегін сататын нарық жасамаймыз.Осы жерде министр Ертаевтың аттан ауып кету қаупі бар.

4. Ертаев күресті себептен емес, салдардан бастап отыр.Жәрдемақыны 3 айға қысқартсаң, адам 4-ші айда жұмысқа жүгірмейді. Ол кедейлік қақпанына түседі. Ал кедейлік – тұқым қуалайды.Баласы үйірмеге бармайды. Ауылдағы сапасы төмен мектепте оқиды. Ертең ол да нарыққа жарамайды. Сөйтіп білім теңсіздігі – таптық теңсіздікке айналады.Масылдықпен күресемін деп, кедейлікті көбейтіп аламыз. Бұл – ең қауіптісі.

## Сонда не істеу керек? Жемді қалай жинап, дән себу керек?

*  Бірінші көпір: Ақшаны қолға емес, балаға бер. Әлеуметтік көмек алатын отбасына ақша ұстата бергенше, баласына тегін үйірмеге, спортқа, жекеменшік мектепке жолдама бер. Бұл – масылдықты емес, мүмкіндікті көбейтеді.

* Екінші көпір: Қайта оқытуды зауытпен жалға. Грантты "оқыттық" деген қағаз үшін емес, "мына зауытқа жұмысқа аламын" деген келісімшартпен бер. Ауылда шағын фабрика, өткізу кооперативі, кластер аш.Үшінші көпір: Жұмысты жем етпе, дән ет. Адамға балық берме, қармақ бер деген бар ғой. Біз қазір балықты да, қармақты да бермей, "жүзіп үйрен" деп жатырмыз.

**Қорытынды:**

Халықты жемге үйретуді қою керек – дұрыс. Бірақ жемді жинамас бұрын, далаға дән себу керек. Әйтпесе торғай ұшып кетпейді, сол жерде аштан өледі.

---

Опубликовано: 2026-09-24T10:51:56+05:00

Обновлено: 2026-09-24T10:51:58+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-24-zhemge-uejrengen-torghaj-267-myng-tengge-masyldyqty-emdej-me/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.