---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-25-tengge-toerde-dollar-esikte-tur/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Теңге төрде, доллар есікте тұр

![Две пачки денег - тенге и доллар - монета 100 тенге стоит возле купюр_bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/08/dve-pachki-deneg-tenge-i-dollar-moneta-100-tenge-stoit-vozle-kupyur_bizmedia-kz_.jpg)

Он жыл бойы долларлық депозитке қойылған бір пайыздық тұмылдырық қазан айынан бастап алынып, үш пайызға көтеріледі деген хабар тарады. Бұл – жай ғана кепілдік қорының қағазындағы түзету емес. Бұл – теңгенің он жылдық тар жол, тайғақ кешуден кейінгі тәубасы іспетті. Осыған дейін теңгеге деген сенімді жасанды жолмен қалыптастыруға тырыстық. Енді нарық теңгенің нарықтың  салмағын ашып берді.

[![Источник: Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/08/dve-pachki-deneg-tenge-i-dollar-moneta-100-tenge-stoit-vozle-kupyur_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/08/dve-pachki-deneg-tenge-i-dollar-moneta-100-tenge-stoit-vozle-kupyur_bizmedia-kz_.jpg)Источник: Bizmedia.kz

Қазір сол жүз теңгенің он сегізі ғана долларда, қалғаны – теңгеде.Ресми есеп солай дейді: жалпы салымның 18,3 пайызы ғана жасыл қағазда, халықтың өзінде – 15,4 пайыз, кәсіптің қолында – 23,2 пайыз. Теңгелей шаққанда, бар-жоғы 5,9 триллион теңге.

 FusionLab-тың сауалнамасы да сол сырды ашты: жинағы бар әрбір төрт адамның үшеуі, яғни 74,8 пайызы, ақшасын көрпенің астында емес, банктің төрінде ұстайды екен.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қыркүйектегі жиында қызыл сөзді қойып, қара есепті алға тартты.Оның айтуынша, теңге жыл басынан бері он пайызға бекіп, арқасын тіктеген. Үстіне теңгелік депозит он сегіз-он тоғыз пайыз пайда берген. Қоссаң – жиырма бес-отыз пайыз. Ал доллардағы сорлы бір пайыз күйінде қалған.

> «550-ден доллар алғандар бүгін терең шығында отыр», - деді төраға ашығын айтқан.

Бүгінде жинағын доллармен сақтайтындар қалталылар. Диверсификация үшін ұстайды. Қарапайым қазақ доллар деп басын ауыртпайды?

Ұлттық банк үш пайызға рұқсат бергенімен, банктер жабыла кетпейді. Өйткені банкке доллар – пайда емес, қасірет. Банк сізден жүз доллар алса, оның он бес долларына татитын теңгені Ұлттық банкке апарып, нөл пайызбен қатырып қоюы керек.

Міне, үш пайыздық депозиттің өзі банкке алты-жеті пайыз боп қайтады.

Оның үстіне ол долларды сататын жер жоқ. 2015 жылдан бері жеке адамға доллармен несие беруге тыйым салынған. Заңды тұлғаға берсең – алатын санаулы ғана экспортшы. Сондықтан банкке доллар – мойынға ілген тас.Үш пайыздың үш қайырымы.

## Сонда Ұлттық банкке бұл үш пайыз не үшін керек?

Ол Дубайдағы долларды қайтарамын деп отырған жоқ. Оның үш қайырымы бар.Бірінші қайырым – абырой. Он жыл бойы "долларға бір пайыздан артық берме" деп жұдырықпен ұстап келдік. Бұл – нарық емес, бұйрық еді. Енді долларлану 18 пайызға түскенде, "біз енді бұйрықсыз да теңгені төрге отырғыза аламыз" дегенді әлемге, Халықаралық валюта қорына, Moody's-ке көрсеткісі келеді.

Екінші қайырым – іргедегі долларды сақтау. Бұрын бір пайыз аздық етіп, қалталы адам "онда долларды Америкаға апарам, онда төрт бүтін сегіз пайыз береді" дейтін. Енді үш пайыз болса, "ақшам көз алдымда болсын" деп қалады.

Мақсат – Дубайдағы долларды әкелу емес, Алматыдағы долларды Дубайға жібермеу.Үшінші қайырым – ең маңыздысы, алдағы күнге қам.

## Қазір теңге мықты боп тұр. Неге?

 Базалық мөлшерлеме 16,25 пайыз – қымбат. Сырттан 1,4 миллиард доллар ыстық ақша келіп, 18 пайыздық облигацияны сатып алды. Ертең мөлшерлеме он пайызға түссе, ол ақша кері кетеді, теңге босаңсиды. Сол кезде халық "алдандым" деп жаппай долларға қашпасын деп, Ұлттық банк қазірден долларға жастық салып жатыр. Бір пайыз болса, жұрт қашады. Үш пайыз болса, сабыр сақтайды. Бұл – долларға берген сый емес, теңгенің ертеңіне салған сақтандырғыш

## Біз санамаған доллар қайда жүр?

Біз қуанып жүрген 15,4 пайыз – айсбергтің төбесі ғана. Біз тек Қазақстандағы банктегі ақшаны санадық. Ал нағыз мұхит – сыртта. Орта және ірі бизнестің, үлкендердің миллиардтаған доллары Дубайдың биік мұнарасында, Лондонның банкінде, Швейцарияның сейфінде жатыр. Ол біздің 18,3 пайыз деген есепке кірмейді. Оған мұндағы үш пайыз керек емес, оның ақшасы сыртта жеті-сегіз пайыз тауып отыр. Онда салық жоқ, сұрақ жоқ, қорқыныш жоқ. Ал бізде ше? Кепілдік – небәрі 10 миллион теңге, яғни 18 мың доллар ғана, ол да теңгемен қайтарылады.

## Кәсіпкерге бұл – түйенің құлағындағы бүрге

Сондықтан біз мұғалімнің екі миллионын санап, миллиардтың тоқсан пайызы сыртта доллар боп жатқанын көрмей жүрміз. Сырттағы долларды қалай қайтарамыз? Есеп қарапайым: Дубайда жеті пайыз тауып отырған адамды елге қайтару үшін оған кемінде он төрт пайыз беру керек. Он төрт пайыздық долларлық депозит – банк жүйесін құртады. Мүмкін емес.

## Оны қайтарудың жолы басқа:

Халықтың 5,9 триллионы үшін – үш пайыз жетеді. Ол елде қалады.Орта бизнестің Дубайдағы екі-үш жүз мың доллары үшін – AIFC арқылы алты-жеті пайыздық долларлық облигация керек. Ал миллиард үшін – пайыз емес, рақым керек. Доллармен табыс әкелетін әуежай, порт, құбырдың үлесі сияқты нақты актив керек.

## Түйін

Сөздің тоқетері, теңгелік депозиттің өсуі – халықтың жеңісі. Халық шынымен теңгеге сенді.Бірақ доллар өлді деуге әлі ерте. Біз тек халықтың долларын санадық, үлкен ақша әлі сыртта, әлі долларда жүр. Ұлттық банктің қазандағы үш пайызы – сол ащы шындықты мойындап, теңгеге деген сенімді бұйрықпен емес, нарықпен, көркем мінезбен ұзаққа созудың амалы. Егер осы тесттен өтсек, нағыз сын – базалық мөлшерлеме түсіп, теңгелік депозит он пайызға түскенде басталады. Сол кезде де халық теңгеде қала ма? Нағыз сенім сонда сыналады.

---

Опубликовано: 2026-09-25T10:23:49+05:00

Обновлено: 2026-09-25T10:24:34+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-25-tengge-toerde-dollar-esikte-tur/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.