---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-26-baghasy-altyn-miy-buzyq-iphone-18-pro-qymbat-pa-aelde-qambat-pa/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БАҒАСЫ – АЛТЫН, МИЫ – БҰЗЫҚ: iPHONE 18 PRO ҚЫМБАТ ПА, ӘЛДЕ ҚАМБАТ ПА?

![Логотип Apple на магазине](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/rezultaty-pervogo-kvartala-apple-prevyshayut-prognozy-no-prodazhi-iphone-padayut-v-kitae-bizmedia.kz_.jpg)

iPhone 18 Pro мен Pro Max-тан ақау шықты. Телефон Face ID-мен бетті танымай, қатып қалады екен. Содан иесі өшіріп, қайта қосуға мәжбүр.

[![Фото: REUTERS/Gonzalo Fuentes/File Photo](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/rezultaty-pervogo-kvartala-apple-prevyshayut-prognozy-no-prodazhi-iphone-padayut-v-kitae-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/rezultaty-pervogo-kvartala-apple-prevyshayut-prognozy-no-prodazhi-iphone-padayut-v-kitae-bizmedia.kz_.jpg)Фото: REUTERS/Gonzalo Fuentes/File Photo

9to5Mac жазғандай, Apple мұны мойындады. «Бұл темірдің емес, мидың ақауы», – дейді. Яғни, аппараттық емес, бағдарламалық қате. 

Осы аптада жаңа жаңарту – iOS 27.0.1 шығып, мәселе жабылады деп уәде берді. 

Бұдан бұрын Apple Watch 12 мен Ultra 4-тегі өздігінен өшіп-қосылуды да дәл осылай жамаған.Ақау қайдан шықты?Биылғы Pro-да Face ID жүйесі түбегейлі өзгерген. Инфрақызыл көзді экранның астына, сағат тұратын жерге тыққан. Сөйтіп, Dynamic Island 25 пайызға кішірейген. Көзге әдемі, бірақ миы ілесе алмай қалған. Жаңа көз – ескі бағдарламаға сыймай, телефонды қатырып тұр.

**Apple мұны қалай түзетпек? **

Дәнекерлеуші шақырмайды, жаңа телефон бермейді. Тек бағдарламаны қайта пішеді. Телефонға желіден дәрі жібереді. Бұл – ең арзан жол. Зауытқа қайтармай, үйде отырып түзету.

Енді үлкен сұрақ: iPhone 18 Pro-ның құпиясы неде? Маркетинг пе, әлде ерекшелік пе?

Бұл – алманың ең үлкен жұмбағы. Зат сол зат, бірақ бағасы алтыннан қымбат.

• Бір iPhone 18 Pro-ның өзіндік құны – шамамен 580-620 доллар. 

• Ішіндегісі: А19 Pro чипі – 130 доллар, жаңа Face ID модулі бар экран – 150 доллар, титан қаңқасы – 70 доллар, қалғаны – жады, батарея, камера. Бәрі қосқанда 600 доллардан аспайды.

Ал дүкенде ол – 1199 доллардан басталады. Сонда 600 доллар қайда кетті?

Оның 250 доллары – маркетинг пен бренд. Реклама, презентация, қорабы, дүкендегі жарығы, блогерге бергені. Яғни, бағаның 35-40 пайызы – зат емес, ат.Тағы 200 доллары – бағдарлама, қызмет, кепілдік, зерттеу.Қалған 150-200 доллар – таза пайда.Яғни, сіз темір сатып алмайсыз, сенім сатып аласыз. «Бұл – iPhone» деген сенім.

**Қазақстанда неге 60 па****йыз қымбат?**

Америкада 1199 доллар тұратын телефон Алматыда 1900-2000 доллар. Бұл – 60 пайыз үстеме.Неге? Үш себеп бар.Бірінші – жол. Зауыт Қытайда, қойма Америкада, бізге Дубай арқылы келеді. Жол, кеден, қосымша құн салығы – бірден 25 пайыз қосады.

• Екінші – кепілдіксіздік. Ресми Apple дүкені жоқ. Ортадағы алыпсатар өз тәуекелін бағаға қосады.

• Үшінші – «понт» салығы. Қазақстанда iPhone – телефон емес, статус. Сұраныс жоғары болса, баға да жоғары болады. Нарық – осы.

**Түйін не?**

iPhone 18 Pro-ның өшіп қалуы – техникалық ақау. Кешірімді. Ал бағаның өшіп тұрмауы – экономикалық ақау емес, маркетингтің күші. Apple темір сатпайды, ол «мен ерекшемін» деген сезімді сатады. Ал біз сол сезімді Америкадан 60 пайыз қымбатқа сатып алып жүрміз.Жаңарту келген соң телефон түзеледі. Ал баға қашан түзеледі – ол басқа әңгіме

---

Опубликовано: 2026-09-26T13:39:20+05:00

Обновлено: 2026-09-26T13:39:22+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Басқалары](https://kk.bizmedia.kz/basqalary/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-26-baghasy-altyn-miy-buzyq-iphone-18-pro-qymbat-pa-aelde-qambat-pa/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.