---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-26-buu-qazaqstan-koepir-salushy-degen-baghanyng-astarynda-ne-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҰҰ-Қазақстан: «Көпір салушы» деген бағаның   астарында не жатыр?

![Создать Народный Совет Казахстана предложил Токаев](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/screenshot-2026-01-20-at-14-42-14.jpg)

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуінде Қазақстанды «көпір салушы» деп атады. Бұл сөз Нью-Йоркте, Бас Ассамблеяның 81-сессиясы аясында айтылды.Көпір деген – екі жағаны жалғайтын құрылыс. Екі жаға сенсе ғана көпір тұрады. Екі жаға жүк артса ғана көпір сыналады. Гутерриштің сөзінің астарында осы сыналатын сәт тұр.

[![Фото: Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/screenshot-2026-01-20-at-14-42-14-1024x672.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/screenshot-2026-01-20-at-14-42-14.jpg)Фото: Freepik.com

**Бүгін әлемде көпір бола алатын ел аз******

Бірі – Ресейге санкция салған, бірі – Қытаймен саудасын үзген, бірі – Батыспен араз. Қазақстан – санаулы елдің бірі, төрт тараппен де тіл табысатын. Мәскеумен де, Бейжіңмен де, Брюссельмен де, Вашингтонмен де сөйлесе алады. Гутерриш бағалағаны – осы.Ендеше сұрақ туады: осы сенімді біз неге жаратамыз?

**БҰҰ-дан бізге не керек?**

Біріншіден, бізге тыныштық керек.Айналамыз – от. Теріскейде – соғыс, оңтүстікте – Ауғанстан, батыста – Газа. Осы оттың ұшқыны бізге тимесін десек, БҰҰ-дан басқа қалқан жоқ.Сондықтан Алматыдағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орталығы бізге ауадай қажет. Ол – жай кеңсе емес, өңірдің қауіпсіздік белдігі.

**Екіншіден, бізге су керек**

Президент Тоқаев БҰҰ мінберінен Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды. Бұл – бос сөз емес. Арал кетті, Балқаш тартылып барады, Жайық азыйып барады. Су таусылса, егін де, жарық та, тіршілік те тоқтайды.БҰҰ қолдаса, су дауы – дау емес, заңға айналады.

**Үшіншіден, бізге**** дауыс керек**

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әлі бес елдің қолында. Әлем өзгерді, Кеңес өзгерген жоқ. Қазақстан «орта державалардың дауысы естілуі керек» деп жүр. Бұл – өзіміз үшін айтылған сөз. Дауысымыз естілсе ғана, шекарамыз, саудамыз, көші-қонымыз әділ шешіледі.

**Түйін**

Гутерриш «көпір салушы» деді. Көпірдің астынан су ағады, үстінен жол өтеді. Бізге керегі – суымыздың ағуы, жолымыздың жабылмауы. Осыған БҰҰ-ның қолдауы керек.

---

Опубликовано: 2026-09-26T13:07:31+05:00

Обновлено: 2026-09-26T13:07:34+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-26-buu-qazaqstan-koepir-salushy-degen-baghanyng-astarynda-ne-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.