---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-26-ken-bizdiki-pajdasy-kimdiki-mys-zauytyn-kim-salady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Кен біздікі. Пайдасы -кімдікі? Мыс  зауытын кім салады 

![Строительный план стройки](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/05/from-people-near-drafts-laptop-1-edited.jpg)

Екі жыл бұрын Үкіметте бір қол қойылды. Премьер Олжас Бектенов пен Қытайдың China Nonferrous-ының басшысы Си Чжэнпин мыс туралы келіскен. Қуаты жылына 300 мың тонналық зауыт. Бірі – Абайда, бірі – Балқашта. Екеуі де катодты мыс құяды.

[![Фото: Magnific](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/05/from-people-near-drafts-laptop-1-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/05/from-people-near-drafts-laptop-1-edited.jpg)Фото: Magnific

Экономист Айдархан Құсайынов: «Бұл – кеншіліктен өндіріске көшу. Бірақ кірпішін қаламас бұрын, бағасының қазығын қағу керек», – дейді

.Қытайдың тегін бағасы – бізге темірқазық емес

Мыс концентратын өңдеу ақысы нөлге түседі деген бір ауыз сөзге сарапшылар назар аударып жатыр. Экономист Құсайыновтың айтуынша, концентрат деген – таза мыс емес, аралас қамыр. Ішінде алтын бар, күміс бар, күкірт бар. Қытай зауыты «мысыңды тегін балқытып берейін» дейді де, ішіндегі алтын-күмісті өзіне қалдырады. Пайдасын содан алады. Яғни, тегін өңдеу емес, алтынды ішіне бүгіп қалу.

**Бұл – базардағы уақытша арзан**

Бүгін зауыты босап тұрған қытай демпинг жасайды, ертең сұраныс өссе, бағаны еселеп алады. Спот нарық – желөкпе. Жел тұрса бар, тұр­маса жоқ.Ал біз салатын зауыт – желөкпе емес, 40 жылдық қара шаңырақ. Оның тағдырын бір күндік желмен өлшеуге болмайды.Бос жынысты тасу – кедейлік тасу

• Екінші есеп – жол есебі. Концентратты Қытайға апарғанша, осында пісіріп апарған арзан. Жолдан үнемделген ақшаның өзі – зауыттың пайдасы болады.Толық тізбегі жоқ ел – кенін игердім деп айта алмайды. 

«Жерімде алтын көп» деп кеуде қағу үшін, алтынды бөліп алатын қолың болуы керек. Болмаса, мақтан – бос мақтан.Бұл – мұнай зауыты емесКөбі шатасады: «Мұнай зауыты зиян, мыс зауыты да зиян болмай ма?» дейді.Құсайынов: 

**«Екеуі – екі бөлек әлем» **

.Мұнай зауыты – ішке қарайды. Бензинін іште сатады. Ішкі баға арзан, сондықтан мемлекет оны субсидиямен сүйеп тұрады.Мыс зауыты – сыртқа қарайды. Концентраты да, дайын мысы да сыртқа кетеді. Бағасы – Лондон биржасындағы баға. Сондықтан ол мемлекеттің мойнында емес, нарықтың мойнында өмір сүре алады.Сондықтан экономист: «Зауытты мемлекет емес, бизнес салуы керек. Кенші салсын, мыс тұтынушы салсын, металлург салсын. Мемлекет ақша бермесін, ереже берсін», – дейді. 

.Қандай ереже?

Тарифтің тілі – тұрақты болуы керек. Ол инвестицияны қайтаратындай, жолдан үнемделгенді қосатындай, алтын-күміс, күкірт қышқылының ақысын қосатындай, түтінін тазартатындай болуы керек.Біз жарықтың тарифін жылдар бойы жасанды арзан ұстап едік, соңында бағаналар тозып, шамымыз сөнді. Құсайынов «мыста сол шалағайлықты қайталамаңдар» дейді.ТүйінҚазақстанға екі мыс зауыты – сән емес, салт. Кенді шикі сатқан ел – ешқашан байымаған.Егер екі зауыт тұрса, бұрын сыртқа кететін алтын, күміс, күкірт қышқылы елде қалады. Экспорттың үштен бірі емес, төрттен үші елде қалады. Бұл – шикізаттан өңделген елге көшу.Бірақ ол үшін Қытайдың бүгінгі тегін бағасына қызықпай, өзіміздің ертеңгі ережемізді жазуымыз керек.Зауытты – бизнес салсын. Ережені – мемлекет берсін.

---

Опубликовано: 2026-09-26T13:20:00+05:00

Обновлено: 2026-09-26T14:50:57+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-26-ken-bizdiki-pajdasy-kimdiki-mys-zauytyn-kim-salady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.