---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-26-su-qymbattasa-qubyr-zhangara-ma/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Су қымбаттаса, құбыр жаңара ма?

![Человек наливает воду в стакан, Тариф на воду](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/v-nekotoryh-rajonah-almaty-budet-otklyuchena-voda_bizmedia-kz_.jpg)

Алматыда 1 қазаннан бастап судың бағасы екі жарым есе өседі. «Алматы Су» мекемесі халыққа арналған жаңа бағаны жариялады.

[![Фото: iStock.com / vitapix](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/v-nekotoryh-rajonah-almaty-budet-otklyuchena-voda_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/v-nekotoryh-rajonah-almaty-budet-otklyuchena-voda_bizmedia-kz_.jpg)Фото: iStock.com / vitapix

• Бір текше метр су – 178 теңге, кәріз – 119 теңге. Екеуін қосқанда 297 теңге.

Бұрын ше? Бұрын су – 76 теңге, кәріз – 47 теңге еді. Яғни, өсім – 130 пайыздан астам.

## Қалтаға қалай тиеді?

Мәселені адам санымен емес, отбасы бюджетімен есептейік.Есептегіші бар төрт адам тұратын үй айына орта есеппен 12 текше метр су жұмсайды. Бұрын 1 489 теңге төлесе, енді 3 570 теңге төлейді. Айырмасы – 2 081 теңге.Ал есептегіші жоқтарға тіпті ауыр. Оларға норма – адам басына 15 текше метр. Енді бір адамға су мен кәріз үшін ай сайын 4 462 теңге жазылады. Бұл – бұрынғыдан үш есе көп.Көпқабатты үйдің тұрғыны үшін 2 мың теңге көп ақша емес сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ жарық та қымбаттады. 12 қыркүйектен бастап жарық 37,92 теңге болды. Пәтердің барлық ақысын қосқанда, өсім – ондаған мыңға жетеді.

**Неге өсірмеске болмады**

Үкімет пен әкімдік үш себеп айтады.Бірінші – бағдарлама. «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген бағдарлама бар. Мағынасы – халықтан жиналған ақшаны ескі құбырды ауыстыруға жұмсау.Екінші – шығын өсті. Жұмысшының жалақысы, электр энергиясы, құбырдың өзі қымбаттады. «Алматы Су» шығынды жаба алмай отыр.Үшінші – тозу.Тозу – 50 пайыздан асады. Бұл – ресми дерек

2024 жылы Алматыда су құбырының 55,6 пайызы, кәріздің 56,8 пайызы тозған деп бағаланды.

2025 жылы әкімдік «жағдай жақсарды» деп есеп берді. Сол жылы 330 шақырым жаңа су құбыры салынып, 60 шақырымы жөнделген. 306 шақырым кәріз тартылған. Соның нәтижесінде тозу:суда – 51 пайызға,кәрізде – 49,5 пайызға түскен.

**Мамандар**** «басқа амал бар еді» дейді. **

Бірақ оны ешкім жасаған жоқ.Суды үнемдету. Есептегіші жоқ үйлер әлі көп. Олар суды шашпай төгуге мәжбүр емес. Есептегіш қойса, тұтыну 30 пайызға азаяр еді.Шығынды азайту. Желідегі судың 30-40 пайызы жерге сіңіп кетеді, жетпей жоғалады. Алдымен соны тоқтату керек еді.Бюджеттен беру. Су – әлеуметтік тауар. Оны толық халыққа жүктемей, бюджеттен субсидия беруге болар еді.Бірақ ең оңай жол – бағаны өсіру болып тұр.ҚорытындыСудың бағасы өседі. Бұл – бұлтартпас жайт. Әкімдік «баға өссе, құбыр жаңарады» дейді. Халық «баға өсті, бірақ құбыр жаңармайды» деп қорқады.Сенім мәселесі осында.Егер жиналған әр теңге қайда кеткені ашық жарияланып, әр көшедегі жаңа құбырдың есебі берілсе, халық та түсінеді. Әйтпесе, қымбат су да, ескі құбыр да қатар жүре береді.

---

Опубликовано: 2026-09-26T13:00:40+05:00

Обновлено: 2026-09-26T13:00:42+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-26-su-qymbattasa-qubyr-zhangara-ma/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.