---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-28-toqaev-10-kuen-berdi-tuejin-tarqaj-ma/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев 10 күн берді: түйін тарқай ма?

![Военные погибли в Мангситауской области последние подробности_bizmedia (2)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/voennye-pogibli-v-mangsitauskoj-oblasti-poslednie-podrobnosti_bizmedia-3.jpg)

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерді түбегейлі қайта құруды тапсырды.

[![Фото: МО РК](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/voennye-pogibli-v-mangsitauskoj-oblasti-poslednie-podrobnosti_bizmedia-3-1024x768.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/voennye-pogibli-v-mangsitauskoj-oblasti-poslednie-podrobnosti_bizmedia-3.jpg)Фото: МО РК

14 сарбаздың өмірін қиған жаттығу армиядағы 30 жылдық түйткілді ашып берді. Қауіпсіздік кеңесі мен Қорғаныс министрлігі 10 күнде реформа жоспарын ұсынуға тиіс. Бұл мерзімде түйін тарқай ма?

Бірінші түйін: Қаржы Президент бірінші кезекте ақша мәселесін қозғады.

> «Бөлінген әрбір теңге қорғанысқа жұмсалуы керек. Ысырап пен талан-таражға жол жоқ», - деді.

Бұл тегін айтылған жоқ. Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігін түгел тексеріп жатыр. Көп жылдан бері қару-жарақ алу, құрылыс, оқу-жаттығуға бөлінген қаржы қайда кеткені – үлкен сұрақ.Каспийдегі оқиғаның өзі осының дәлелі. Сарбаздарда қарапайым құтқару кеудешесі болмаған. Демек, мәселе ақшаның аздығында емес, жету керек жерге жетпеуінде.

Екінші түйін: Басқару Тоқаев: "Біздің армия өткен ғасырда қатып қалған" деді. Басшылық жүйесі ескірген. Шешім қабылдау – қағазбастылық, өзара жауапкершіліктен қашу.Жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовке нақты тапсырма берілді:армияны цифрлық негізге көшіруадамды емес, технологияны алға шығарулауазымға "өз адамың" емес, істі білетін офицерді қоюБұған дейін мансап көбіне адалдыққа емес, жақындыққа қарап беріліп келді. Нәтижесі – кәсіби біліксіздік. Президент Каспийдегі оқиғаны "қылмыс" деп бағалауы – содан.

Үшінші түйін: СенімЕң үлкені – осы. Бүгінде аналар баласын әскерге жіберуден қорқады. Әлеуметтік желіде "баламды сау жібердім, табытпен алдым" деген жазба көбейді. Сарбаздар арасындағы қысым, өлім-жітім туралы хабар қоғамда үрей тудырды.Президент осыны ашық айтты: "Әскер қорқыныш пен үрейге толы жер болмауы керек. Әскер – жас жауынгерді отаншыл азамат ететін мектеп болуы керек". Әскерден қорқу – жаудан қорқу емес. Өз жүйеміздегі тәртіпсіздіктен қорқу.

## 10 күн не береді?

10 күнде жаңа армия жасалмайды. 10 күн – жоспар ұсынуға берілген мерзім. Нақты қадамдар тізімі. Бұл жоспардың тағдырын үш нәрсе шешеді: Қағаз жүзінде қалмай, іске асуы. Кінәлілердің шынымен жауапқа тартылуы. Сарбаздың өмірін бәрінен биік қою қағидасының орнығуы. Егер осы жолы да "тұжырымдама, жол картасы" деп созбалаңға салса – бұл да кезекті науқан болып қалады. Ал егер қаржыға, кадрға, тәрбиеге қатысты нақты шешім болса – түйін тарқауы мүмкін.Әскерді реформалау – министрліктің ғана емес, бүкіл мемлекеттің сынағы.

---

Опубликовано: 2026-09-28T10:42:58+05:00

Обновлено: 2026-09-28T10:43:01+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-28-toqaev-10-kuen-berdi-tuejin-tarqaj-ma/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.