---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-29-eski-uejding-iesi-dalada-qalmaj-ma-renovacziyagha-engen-41-tuezetu-neni-bildiredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ескі үйдің иесі далада қалмай ма? Реновацияға енген 41 түзету нені білдіреді

![Жилой дом с трещиной](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/nazvany-rajony-astany-gde-pervymi-snesut-vethoe-zhile-bizmedia.kz_.jpg)

Алматыда 2030 жылға дейінгі реновация бағдарламасына 41 түзету енгізілмек. Қағазда бұл жай ғана сан, ал шын мәнінде ескі үйде отырған «мыңдаған менің үйім не болады?»  деген сұраққа жауап іздеп отыр.

[![Фото: Sputnik / Михаил Воскресенский](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/nazvany-rajony-astany-gde-pervymi-snesut-vethoe-zhile-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/nazvany-rajony-astany-gde-pervymi-snesut-vethoe-zhile-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik / Михаил Воскресенский

ӘКК төрағасы Марат Байдурин баяндамасында бағдарламаның бұрынғы олқылығы мен жаңа кепілі ашық көрінді. Ең бірінші өзгеріс – мерзімге қатысты. Бағдарлама бойынша биыл бұзылуы керек үйлердің бір бөлігі 2027-2029 жылдарға жылжытылмақ. Бір қарағанда кейінге шегеру сияқты. Бірақ Байдурин оның себебін ашық айтты – қалада қоныс аударатын дайын қор жетіспейді.Осыдан келіп екінші мәселе туындайды:

## Мерзім жылжыса, жоспар қысқармай ма?

Қорытынды меже сол күйі – 2030 жылға дейін 676 үй. Демек қала «жоспарды қуып» адамды далаға шығармайды, алдымен баратын үйін дайындап алады. Бұл – асығыстықтан гөрі жауапкершілік. Ал дайын үй болмаған жерде бағдарлама тоқтап қалмай ма деген заңды сұраққа үшінші өзгеріс жауап береді. Ол – «Алматы Реновацияның» рөлін күшейту. Бұған дейін компания тек инвесторға қарыз беретін болса, енді өзі үй салып, өзі инженерлік желісін тарта алады.

Байдуриннің айтуынша, инвестордың қаржысы таусылып, құрылыс тоқтап қалса да, үйді «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» аяқтайды. Мүлік жүз пайыз қорғалады дегені осы. Осыдан кейін соңғы, тұрмыстық сұрақ қалады: үйім бұзылып, жаңасы біткенше мен қайда тұрамын?Мұнда да үш нақты жол ұсынылды.

- Біріншісі – инвестор ескі пәтеріңді сатып алады.
- Екіншісі – қоныс аудару қорынан бірден басқа пәтер береді.
- Үшіншісі – жаңа үй біткенше уақытша жалдамалы пәтердің ақысын төлеп береді.

Қорыта айтсақ, 41 түзету – қағаздағы техникалық өзгеріс емес. Бұл – «үй саламыз» деген уәдеден «адам далада қалмайды» деген кепілдікке көшу. Егер 676 үйдің нақты тізімі мен көшіретін қор ашық жарияланса, бұл кепілдік қағазда қалмай, елдің сеніміне айналады.

---

Опубликовано: 2026-09-29T09:34:17+05:00

Обновлено: 2026-09-29T09:34:20+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Алматы жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/almaty-zhangalyqtary/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-29-eski-uejding-iesi-dalada-qalmaj-ma-renovacziyagha-engen-41-tuezetu-neni-bildiredi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.