---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-30-byudzhetke-syn-nege-koebejdi-murat-temirhanov-ne-dejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бюджетке сын неге көбейді? Мұрат Темірханов не дейді?

![10 тысяч тенге и монеты по 100 тенге, Более 1 млрд тенге, расходы бюджета](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/pochti-19-trillionov-nalogov-postupilo-v-byudzhet-kazahstana-v-proshlom-godu_bizmedia.kz_.jpg)

2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасына қатысты сынның көбеюі кездейсоқ емес. Оның сыры – ресми құжаттың өзінде жатыр. Бірақ бұл құжат ашық жарияланған жоқ.

[![Фото: Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/pochti-19-trillionov-nalogov-postupilo-v-byudzhet-kazahstana-v-proshlom-godu_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/pochti-19-trillionov-nalogov-postupilo-v-byudzhet-kazahstana-v-proshlom-godu_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Bizmedia.kz

Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі, қаржы талдаушысы Мұрат Темірханов осыған назар аударды: Жоғары аудиторлық палатаның бюджет жобасы бойынша толық есебі неге екені белгісіз ашық түрде жарияланбаған. Бірақ ол парламентке ұсынылды және онда қатаң сын айтылған.

Темірхановтың келтірген дәйексөзі – бюджеттің ең әлсіз жерін ашады:

> «ЖАП есепте келесі жылдарға арналған бюджетті дайындау үшін сапасыз макроэкономикалық болжауды атап өтеді. Атап айтқанда, құжатта «үкіметтің Ұлттық банк пен халықаралық институттардың болжамдарындағы айырмашылықтар ұлттық экономиканың әлеуетін қайта бағалау мүмкіндігін көрсетеді, бұл 2027-2029 жылдарға арналған жоғары бюджеттік параметрлерді қалыптастыру тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін» делінген. Бұл барлық бюджеттік жоспарлардың сапасына бірден күмән келтіретін өте маңызды ескерту», – дейді ол.

**Жай тілмен айтқанда:******

Үкімет экономиканы барнан үлкен етіп көрсетіп, соған қарап шығынды көп жоспарлап қойған.Темірханов екінші үлкен тәуекелді де атап өтеді – жоспарлардың жыл сайын қайта жазылуы: ЖАП  яғни Жоғары аудиторлық палата, бір жылға арналған бюджет бойынша жоспарлар әр түрлі Әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарында (ӨЭБИ) үнемі қайта қаралып отырғанын көрсетеді.

Бұл үкіметтің ұзақ мерзімді жоспар құру қабілетіне деген сенімді төмендетеді. Болжамдар шығыстар, Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер және мұнай емес тапшылық бойынша өзгерген – ал бұл параметрлер бюджеттің теңгерімділігіне тікелей қатысты.

## Үшінші, ең ауыр сын – салық реформасы туралы

Темірханов былай дейді: 

> «Бастапқыда бюджеттің салықтық кірістері 2026 жылы 18,9 трлн теңгені құрайды деп жоспарланған болатын. Тамызда үкіметтің бағалауы күрт 16,8 трлн-ға дейін төмендеді. Бұл жерде екі фактор рөл атқарды: кіріс бөлігін нашар жоспарлау және салық кірістерінің өсуіне салық реформасының шектеулі үлесі».

Яғни, ставканы көтергенмен, ақша көбейген жоқ. Оның үстіне, енді үкімет 2027-2029 жылдардағы кіріс базасының өсуін оптимистік етіп көрсету үшін 2026 жылғы төмендетілген көрсеткішті база ретінде алып отыр. Ал жобаның өзінде ЖІӨ-дегі салық үлесі 2027 жылы 10%-дан 2029 жылы 9,5%-ға дейін төмендейді деп тұр.

## Реформа бюджетті толтыруы керек еді, керісінше азайтып отыр

Осы жерден заңды сұрақ туады: екі аяғынан тік тұратын бюджетті қалай жасаймыз?

Егер бірінші тірек  мұнай болса, екінші тірек  – ҚҚС емес, басқа рента болуы керек. Бүгін бюджетте мұнай ғана бет түзейтін құбыла болып тұр. Ал уран, мыс, алтын, сирек металдардан түсетін рента әлі толық бюджет игілігіне жаратылған жоқ.

## Уран бағасы екі есе өскенде бюджетке түсетін үлес сол күйі қалса, бұл – жүйенің кемшілігі

 Норвегия мұнайға windfall tax енгізгендей, бізге уран мен бағалы металдарға прогрессивті НДПИ мен үстеме пайда салығы керек. Баға өскен сайын мемлекет үлесі автоматты өсетін шкала болса ғана, Ұлттық қор сиқырлы таяқ болудан қалып, бюджет шынымен екі аяғынан тұрады.

---

Опубликовано: 2026-09-30T13:01:02+05:00

Обновлено: 2026-09-30T13:01:05+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-30-byudzhetke-syn-nege-koebejdi-murat-temirhanov-ne-dejdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.