---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-30-rublge-tusau-resej-nege-qolma-qol-aqshagha-tyjym-saldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Рубльге тұсау: Ресей неге қолма-қол ақшаға тыйым салды

![Российский рубль](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/rubl.jpg)

Ресей жеке тұлғаларға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақшаны ЕАЭО елдері мен ТМД-ның бірқатар мемлекетіне алып шығуға тыйым салды, бизнеске шек мүлде жабылды.

[![Фото: РИА Новости / Константин Михальчевский](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/rubl-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/rubl.jpg)Фото: РИА Новости / Константин Михальчевский

Ресми себеп – көлеңкелі айналыммен күрес. Ал оның артында санкция қыспағындағы өтімділікті іште ұстап қалу және Қазақстан арқылы өтетін сұр схемаларды жабу жатыр.

## Арғы жағындағы есеп

Ресей үшін 1 миллион рубль – үлкен ақша емес. Мәскеудегі орташа жалақының үш-төрт айлығы ғана. Бірақ шекарадан күніне жүз адам 100 мың доллар баламасын алып өтсе, бұл айына 300 миллион доллар қолма-қол ағын деген сөз. Бұл ақша ешқандай банк есебінде көрінбейді, салыққа ілінбейді, қайда кеткені белгісіз.Сондықтан бұл шешімді валюталық шектеу деп емес, қаржылық бақылаудың жаңа кезеңі деп оқу керек.

## Неге дәл қазір?

Үш себеп тоғысты.

Біріншісі – рубльдің құбылмалылығы. Бағам 80-нен 100-ге секіргенде қолма-қолмен алыпсатарлық күшейеді. Қолма-қолды шектесең, сұранысты азайтасың.

Екіншісі – ЕАЭО ішіндегі тесік. Ресейден Қазақстанға дейінгі жолда кеден жоқ, бақылау тек Ресей шыға берісінде ғана. Осы тесік арқылы рубль шығып, доллар болып қайта кіретін. Енді осы тесікке тығын тығылды. Тізімге ЕАЭО-дан бөлек Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстанның қосылуы – рубль ағыны бұрылып кеткен балама жолдарды да жабу.

Үшіншісі – бюджет тапшылығы. Ресей бюджеті 2025-2026 жылдары мұнай бағасының түсуінен қысым көрді. Ішкі салық жинауды күшейту керек. Қолма-қолмен жүретін бизнесті безналға көшірсең ғана салық жинайсың.

## Қазақстан не ұтады, не ұтылады?

Қысқа мерзімде ұтылыс бар. Шекара маңындағы саудада рубльмен есеп айырысатын ұсақ кәсіпкерлер қиналады. Ақша аударымы қымбаттайды.Орта мерзімде ұтыс бар. Біріншіден, еліміздегі айырбас нарығы тазаланады. Қолма-қол рубль көп болғанда оның бағамын қолдан түсіріп, алыпсатарлық жасау мүмкіндігі болды. Енді ол азаяды.

Екіншіден, Қазақстан арқылы өтетін транзиттік көлеңкелі капитал азаяды. Бұл Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты үшін жақсы. Өйткені белгісіз шыққан ақша – инфляцияны да, теңгені де болжауды қиындатады.Сондықтан Ресейдің бұл қадамын рубльдің күшеюі деп емес, әлсіздігін мойындауы деп түсіну керек. Ықпалды валюта өзіне шек қоймайды. Шекті әлсіздігін жасыру үшін қояды.

---

Опубликовано: 2026-09-30T12:41:30+05:00

Обновлено: 2026-09-30T12:41:33+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-30-rublge-tusau-resej-nege-qolma-qol-aqshagha-tyjym-saldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.