---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-30-telefonmen-1-million-emes-2-million-zhiberesing-ulttyq-bank-limitti-koeterdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Телефонмен 1 миллион емес, 2 миллион жібересің: Ұлттық банк лимитті көтерді

![Человек совершает мобильный перевод](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kakie-mobilnye-perevody-ne-budut-oblagatsya-nalogami-v-kazahstane-otvet-ministra_bizmedia.kz_.jpg)

Бұрын телефон нөмірімен 1 миллионнан артық жібере алмай, қалғанын ертеңге қалдырып, банкке барып кезекте тұратын едік. Енді сол әуре тоқтайтын болды.Қазақстан Ұлттық банкі телефон арқылы жасалатын банкаралық аударымның шегін көтермек. Бір рет жібергенде 1 миллион емес, 2 миллион теңгеге дейін жіберуге болады.

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kakie-mobilnye-perevody-ne-budut-oblagatsya-nalogami-v-kazahstane-otvet-ministra_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kakie-mobilnye-perevody-ne-budut-oblagatsya-nalogami-v-kazahstane-otvet-ministra_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

## Бұл қай жүйеге қатысты?

Күнде қолданып жүргеніміз – бір банктан екінші банкке телефон нөмірімен ақша аудару, жұрт "бірыңғай QR" деп жүрген Банкаралық мобильді төлем жүйесі. Сол жүйенің базалық шегі өседі дегені.Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов брифингте ашық айтты. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында талқылаудан өтіпті. 14 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жұрт пікірі тыңдалған. Қазір мемлекеттік органдарда келісіліп жатыр. Келісіп бітсе, қазанның соңында күшіне енеді.

Бірақ бірден ескертейік, Ұлттық банк 2 миллион деді екен деп, барлық банк ертең 2 миллионды бір-ақ жібере бермейді. Әр банктің өз тәуекел-саясаты бар. Кей банк клиентті қорғау үшін ішкі шегін әдейі төмен ұстап қалады. Яғни жүйе рұқсат берсе де, сенің банкің 500 мың немесе 1 миллион деп шектеп қоюы мүмкін.

## Неге көтерді?

Бастапқыда Ұлттық банк алаяқтан қорғау үшін 1 миллион деп шектеген еді. Қисыны бар – телефонмен оп-оңай кететін ақша неғұрлым көп болса, алаяқ түсірген шығын да соғұрлым көп.Бірақ банктер енді басқаша жұмыс істейді. Әр аударымды клиенттің әдетіне қарап тексереді. Түнде бірінші рет 1 миллион кетіп жатса – бірден тоқтатады.

Сондықтан лимитті көтерсе де, қорғаныс әлсіремейді дейді.Ал шын мәнінде 1 миллионның құны қалмады. Соңғы екі жылда бәрі қымбаттады. Бүгінгі 1 миллион – үш орташа жалақыдан да аз. Пәтердің алғашқы жарнасы да емес, көлік жөндеуге де жетпейді. Үй алып жатсаң, туысқа қарыз қайтарсаң – 1 миллионмен іс бітпейді. Екіге бөл, екі күн күт.Енді сол әуре азаяды. Егер сенің банкің рұқсат берсе – телефоннан 2 миллионды бір-ақ жібересің. Қысқасы, бұл банк байығандықтан емес, теңге жұқарғандықтан көтерілген лимит.

---

Опубликовано: 2026-09-30T12:45:36+05:00

Обновлено: 2026-09-30T12:45:39+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-30-telefonmen-1-million-emes-2-million-zhiberesing-ulttyq-bank-limitti-koeterdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.