---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-30-zhumangharin-alangdamangdar-dedi-biraq-byudzhetting-11-pajyzy-qaryz-toeleuge-ketip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жұманғарин &#171;алаңдамаңдар&#187; деді. Бірақ бюджеттің 11 пайызы қарыз төлеуге кетіп жатыр

![Серик Жумангарин, Инфляция в Казахстане к 2028 году составит 5-7%](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/11/inflyacziya-v-kazahstane-k-2028-godu-sostavit-5-7_bizmedia-kz_.jpg)

Өткен аптада Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайдағы брифингте елдің неге сырттан қарыз ала беретінін түсіндірді.

[![Серик Жумангарин. Фото: Официальный Telegram-канал Правительства РК](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/11/inflyacziya-v-kazahstane-k-2028-godu-sostavit-5-7_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/11/inflyacziya-v-kazahstane-k-2028-godu-sostavit-5-7_bizmedia-kz_.jpg)Серик Жумангарин. Фото: Официальный Telegram-канал Правительства РК

Қолда бармен ғана шектеліп отыра берсек, даму баяулайды, сырттан ақша тартып, тәуекелін есептеп жұмсасақ – өсім тез болады дейді.Министрдің цифры – нақты. 1 шілдеде мемлекеттің қарызы 38,5 триллион теңге, бұл ЖІӨ-нің 20,9 пайызы ғана. Заңдағы шегіміз – 32 пайыз, одан аспай тұрмыз. Қарыздың 75 пайызы сырттан емес, іштен алынған. Оның үстіне Ұлттық қор деген жастығымыз бар. Жапонияда қарыз 200 пайыздан асса, АҚШ-та 126 пайыз, біз 20 пайызбен жүрміз деп, жұрт алаңдамасын деді.

## Бірақ министр айтпаған екінші шындық бар

Қарыз аз болғанымен, оны күтіп ұстау қымбат.ОЭСР-дің 2025 жылғы дерегін экономист Андрей Чеботарев талдап берген. Қазақстан бюджетінің таза пайыздық шығынға кететін үлесі – 11,1 пайыз. Бұл ЖІӨ-нің 3,8 пайызы. Орташа ОЭСР елінде бұл көрсеткіш 4,9 пайыз ғана, АҚШ-та 10,7 пайыз. Яғни қарызымыз аз болса да, пайызын АҚШ-тан да көп төлеп отырмыз. Мұны Жұманғариннің өзі де мойындады, базалық мөлшерлеме 16,25 пайыз болғандықтан, облигация қымбат дейді.Ал бұл – тек пайызы ғана.

Қаржы министрлігінің жоспарында 2026 жылы тек үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге 3,47 триллион теңге қаралған. Депутат Дания Еспаева айтқандай, қарызды қайтаруды қоссаң, 30 триллиондық бюджеттің 40 пайызы қарыз жабуға кетеді.

## Неге бұлай?

Себебі бізде ұзақ ақша жоқ. Зейнетақы қоры, банк, сақтандыру – бәрі қысқа ойлайды. Бүгін салса, ертең пайда көргісі келеді. Ал жол, су, жарық деген – 10-15 жылда ғана ақталатын жоба. Дамыған елде зейнетақы қорлары 30 жылға ақша салады, мемлекет кепілдік береді, заңы тұрақты. Бізде заң ауысып тұрады, тарифті ертең өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан отандық инвестор ұзаққа бармайды, оның орнына мемлекет сырттан арзан қарыз іздейді.

Экономика ғылымының докторы Бейсенбек Зиябеков айтқандай, қарыздың қауіпсіздігі көлемімен өлшенбейді, қайда жұмсағаныңмен өлшенеді. Егер алынған қарыз зауытқа, жолға емес, күнделікті шығынды жабуға, "ұстағанның қолында, тістегеннің аузында" кетіп жатса, ертең оның ауыртпалығы бюджетке де, теңгеге де түседі.Сондықтан Жұманғариннің "алаңдамаңдар" дегені – алаңдатпау емес, алаңдап жүріп санап жұмсау дегені.

---

Опубликовано: 2026-09-30T13:15:28+05:00

Обновлено: 2026-09-30T13:15:31+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-30-zhumangharin-alangdamangdar-dedi-biraq-byudzhetting-11-pajyzy-qaryz-toeleuge-ketip-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.