---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-01-avtokoelik-aekeludi-retteu-baghany-oesirmejdi-atameken-alangynda-tuesindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Автокөлік әкелуді реттеу бағаны өсірмейді – «Атамекен» алаңында түсіндірді

![Автокредиты в Казахстане выросли почти на 30% за год, догнав ипотеку по объемам выдачи](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/car-model-calculator-coins-white-table-edited-1.jpg)

«Атамекен» ҰКП алаңында автокөлік әкелу және ресімдеу тәртібіне қатысты үлкен сараптамалық кездесу өтті.

[![Фото: xb100 / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/car-model-calculator-coins-white-table-edited-1-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/car-model-calculator-coins-white-table-edited-1.jpg)Фото: xb100 / Freepik.com

Оған Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс, Сауда, Экология министрліктері, ІІМ және салалық қауымдастықтар қатысты.Басты жолдау: жаңа салық, жаңа тыйым жоқ, бар тәртіп реттеліп жатыр.

Нарықтағы "көлік қымбаттайды, әкелу жабылады" деген әңгімеге қатысты мемлекеттік органдар бірауыздан: базалық талаптар бұрын да болған, қазір тек шашыраңқы нормалар бір-біріне сәйкестендіріліп жатыр деді.

1. Жеке және коммерциялық әкелу ажыратылады. Жеке тұлға өзі үшін әкелсе: Жолаушы кедендік декларациясы толтырылады. Төлем ЕАЭО-ның бірыңғай ставкасымен есептеледі. 3 жасқа дейінгі көлік – құнына қарай, 3 жастан асқан көлік – қозғалтқыш көлемі мен жасына қарай.Кәсіпкер сату үшін әкелсе: Бұл – коммерция. Тауар декларациясы керек. Кедендік алым + баж + ҚҚС + 3000 текше см-ден асатын көліктерге акциз төленеді.

2. Экология және жас бойынша шек. Көлік министрлігі ұсынған жаңа талап тек алғаш рет елге кіріп жатқан көліктерге қатысты: Экологиялық сыныбы – Еуро-5 және одан жоғары болуы керек. Шығарылғанына 5 жылдан аспауы керек. Бұрын тіркелген көліктерге қолданылмайды. Мақсат – 20 жылдан аса мініліп келе жатқан ескі паркті (елде 5,6 млн көліктің 44%-ы – 20 жастан асқан) жаңарту.

3. ЭПТС және жылына бір көлік. Өнеркәсіп министрлігінің түсіндірмесі бойынша: ЭПТС (көліктің электрондық паспорты) кедендік декларациядағы иесінің атына сәйкес рәсімделеді. Бір жеке тұлға жылына 1 көліктен артық жеке пайдалануға әкеле алмайды – жүйеде шек қойыладыДұрыс реті: Қауіпсіздік сертификаты (СБКТС) -> кәдеге жарату төлемі -> бастапқы тіркеу төлемі -> кедендік ресімдеу -> мемлекеттік тіркеу

4. Кәдеге жарату төлемі өскен жоқ. Экология министрлігі: төлем мөлшері де, тетігі де өзгерген жоқ. Операторға өтінім -> есепшот -> төлем -> сертификат. Тек реті нақтыланды: 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап жеке тұлға кәдеге жарату сертификатын кедендік ресімдеуге дейін алуы керек. Заңды тұлғалар үшін бұрынғыдай – бастапқы тіркеуге дейін немесе сатқанға дейін.

5. Неге қатаңдатып жатыр? Алаяқ схемалар көбейді. Қазақстандық Автомобиль Одағының дерегінше, ашық емес жолмен әкелінген көліктердің көбі іздеуде жүрген, шетелде кепілде тұрған болып шығып жатыр. Нәтижесінде сатып алған қазақстандық көлігінен де, ақшасынан да айырылады.Сондықтан басты талап – мөлдір импорт. Сатып алушы көліктің тарихын, заңды тазалығын тексере алатын құралдар дамуы керек.

Түйін: Мемлекеттік органдардың ортақ ұстанымы – жеке адам өз қажеті үшін көлік әкелуге құқылы. Ал сату үшін әкелу – кәсіпкерлік, оның талабы бөлек. Қазіргі жұмыс – бағаны өсіру емес, осы екі жолды ажыратып, техникалық, экологиялық және кедендік талаптарды бір жүйеге келтіру.

---

Опубликовано: 2026-10-01T09:57:05+05:00

Обновлено: 2026-10-01T09:57:08+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Авто](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/avto/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-01-avtokoelik-aekeludi-retteu-baghany-oesirmejdi-atameken-alangynda-tuesindirdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.