---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-01-qor-sarqyluda-qazaqstan-zhanga-munaj-gaz-izdep-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қор сарқылуда: Қазақстан жаңа мұнай-газ іздеп жатыр

![Нефтяная вышка](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/mirovye-potrebiteli-uvelichivayut-spros-i-czena-na-neft-rastet_bizmedia.kz_.jpg)

Қазіргі жұмыс істеп тұрған кен орындарының дені – бұрыннан игерілген, жетілген аймақтар. Олар өз қорын 70 пайызға дейін өндіріп тастады.

[![Фото: AP Photo / Matthew Brown ](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/mirovye-potrebiteli-uvelichivayut-spros-i-czena-na-neft-rastet_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/mirovye-potrebiteli-uvelichivayut-spros-i-czena-na-neft-rastet_bizmedia.kz_.jpg)Фото: AP Photo / Matthew Brown

Сондықтан енді миллиардтаған тонналық жаңа жобалар әзірленіп жатыр. Бұл туралы KIOGE 2026 көрмесінің пленарлық отырысында "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Ысқазиев айтты.

Оның сөзінше, Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ секілді алып жобаларды есептемегенде, ұлттық компанияның өзінде жұмыс істеп тұрған 65 кен орны бар. Соның 90 пайызға жуық өндірісі 12 негізгі кен орнына тиесілі.

> «Осы 12 кен орны бойынша талдау жасадық. Қазіргі қарқынмен жобалық алу коэффициентіне жете алмайтынымызды көрдік», – деді Қ.Ысқазиев.

Осыған байланысты жаңа стратегия бекітілді. 12 кен орнындағы 143 нысанның ішінен игеруге ең перспективалы 32 нысан іріктеліп алынды. Онда мұнай беру коэффициентін арттыратын жаңа әдістер қолданылмақ. Бұл алдағы уақытта қосымша 155 миллион тонна мұнай әкеледі деп күтілуде.Жұмыс істеп тұрған 12 кен орнына жаңа IT-шешімдер де енгізіледі. Мысалы, Шығыс Молдабекте сандық егіз пилоттық жобасы іске қосылды.

> «Бұл жерде тек өндіріс емес, әлеуметтік мәселе де бар. Бұл – Батыс Қазақстандағы ескі аудандар, кенттер мен елді мекендер, мұнайшылар шоғырланған жер», – деді спикер.

## Жаңа қор қайда?

Модератордың сұрағына жауап бере отырып, Ысқазиев елдегі және "ҚазМұнайГаз" тобындағы жетілген кен орындары қорын шамамен 70 пайызға өндіргенін растады.

> «Бұрын Кеңес Одағында Жаңажол, Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өріктау сияқты палеозой шөгінділеріндегі ашық кен орындары болған. Алдағы онжылдыққа қор жасау үшін ауқымды геологиялық барлау бағдарламасын дайындадық. Қазір оны Энергетика министрлігімен пысықтап жатырмыз», – деді ол.

## Бағдарлама екі бөліктен тұрады

**Біріншісі** – "ҚазМұнайГаз" 23 жоба бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарт алу үшін жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 3D-сейсмика жүргізу, терең ұңғымалар бұрғылау бар. Негізгі басымдық – Каспий маңы ойысының палеозой шөгінділері. Мұндағы геологиялық әлеует – 4,7 миллиард тонна шартты отын.

**Е****кіншісі** – ауқымды сейсмика. 60 мың шаршы шақырым аумақта 2D-сейсмикалық барлау жүргізу жоспарланған. Бұл – оңтүстік, шығыс және Каспий маңының солтүстігі. Мұндағы әлеует – 60 миллиард тоннаға дейін шартты отын.

> «Қазір біз әлемнің ірі компаниялары – Shell, Chevron, Sinopec және CNOOC-пен бірлесіп, геологиялық барлау және сейсмика бойынша консорциум құру бағдарламасымен жұмыс істеп жатырмыз. Алдымызда үлкен сын тұр. Халықаралық компаниялармен бірге сейсмика жүргізіп, палеозойға терең ұңғымалар бұрғылаймыз», – деп түйіндеді Ысқазиев.

---

Опубликовано: 2026-10-01T07:39:32+05:00

Обновлено: 2026-10-01T07:39:35+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-01-qor-sarqyluda-qazaqstan-zhanga-munaj-gaz-izdep-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.