---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-01-toqaev-bavariya-biznesin-nege-shaqyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Бавария бизнесін неге шақырды?

![Тоқаев Бавария бизнесін неге шақырды?](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/tokaev.jpg)

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Баварияға жасаған сапары – жай ғана форумға қатысу емес. Бұл – Қазақстанның неміс бизнесіне жасаған нақты ұсынысы.

[![Фото: Акорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/tokaev-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/tokaev.jpg)Фото: Акорда

Президент Мюнхенде сөйлеген сөзінде бірден Баварияның абыройын атады, өнеркәсіп пен жоғары технологияның ордасы деді.

## Бұл – дипломатиялық әдеп қана емес, астарында экономикалық логика жатыр

Бавария – Германияның ең бай, ең технологиялы өлкесі. Онда Siemens, BMW, Allianz секілді алыптар отыр. Ал Қазақстанға дәл осы – ауыр машина жасау, роботтандыру, электр техникасы керек. Президенттің сөзінің өзегі мынау:

> «Өршіл мақсатымызды "Қазақстанда Бавария технологиясымен неміс сапасына сай жасалған" деген сөзбен бейнелеуге болады».

Бұл – "Made in Kazakhstan" дегеннің жаңа формуласы. Біз шикізат сата бермей, Баварияның технологиясын әкеліп, дайын өнімді өзімізде шығарсақ деген ой. Бізде темір, мыс, алюминий, ферроқорытпа бар, бірақ оны қымбат техникаға айналдыратын технология Баварияда.

## Екінші маңызды тұс – логистика

Тоқаев бавариялықтарды Транскаспий бағытында хаб құруға шақырды. Бұл – Бавария тауары Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін орта дәлізді айтады. Егер бавариялық компания зауытын Ақтау маңына, Алматы маңына салса, ол тауарын екі жаққа да жылдам жеткізе алады.

## Үшіншісі – кадр

Президент Баварияның дуалды білім жүйесіне қызығушылық бар деді. Дуалды дегеніміз – бала бір күнде сабақта, бір күнде зауытта оқиды. Теория мен тәжірибе қатар. Бізде осы жетіспейді.Ал Алматыда Бавария өкілдігін ашу туралы ұсыныс – жұмсақ қадам. Бірден елшілік емес, бизнес өкілдігі. Яғни, келіп, көріп, сөйлесіп отырсын, бюрократиясыз деген ишара.

Бұған дейін Тоқаев Бавария Премьері Маркус Зёдермен жеке кездескені де осының алғышарты. Алдымен саяси келісім, сосын бизнес форум.Қорыта айтқанда, бұл шақырудың астарында "келіп, ақша салыңыз" дегеннен гөрі, "технологияңызды әкеліп, бізде өндіріңіз, бірге үшінші нарыққа шығайық" деген жұмсақ, бірақ прагматикалық ұсыныс жатыр.

---

Опубликовано: 2026-10-01T10:15:23+05:00

Обновлено: 2026-10-01T10:15:26+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-01-toqaev-bavariya-biznesin-nege-shaqyrdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.