---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-02-qazaq-astyghy-qazaqtiki-emes-bolyp-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақ астығы қазақтікі емес болып шықты

![Фьючерсы на пшеницу и зерновые снижаются в Чикаго из-за рисков для поставок](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/fyuchersy-na-psheniczu-i-zernovye-snizhayutsya-v-chikago-iz-za-riskov-dlya-postavok-bizmedia.kz_.jpg)

Батыс Қазақстанда 11,2 млрд теңгенің астық схемасы әшкере болды. Ресейден арзан бидай әкеліп, қазақстандық деп қағаз түзеп, Өзбекстан мен Ауғанстанға сатқан. Айырмасы – жеңілдік тариф пен салықта.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/fyuchersy-na-psheniczu-i-zernovye-snizhayutsya-v-chikago-iz-za-riskov-dlya-postavok-bizmedia.kz_-1024x575.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/fyuchersy-na-psheniczu-i-zernovye-snizhayutsya-v-chikago-iz-za-riskov-dlya-postavok-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

## Не болды?

Қаржы мониторингі агенттігі БҚО-да 5 компанияны ұстады: «Bakery Nan», «KazGrano», «Perfect Seed», «Weizen», «Golden Grain Kazakhstan». Схема қарапайым: Ресейден арзан бидай әкелген.Атаулы адамдарға ЖШС ашқан.Қазақ шаруасынан «бидай сатып алдық» деген жалған шарт жасаған. Сол импорт бидайды «Қазақстанда өскен» деп рәсімдеген. 130 мың тонна астықты Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстанға экспорттаған.

## Бағадағы айырмашылық қайда?

Ресей бидайы – арзан.

Өйткені Ресейде экспорттық баж жоғары, ішкі баға арзан. Ал қазақстандық астық ретінде сатқанда екі жерден ұтады: Тасымалда: Қазақстан астығына ҚТЖ жеңілдік тариф береді. Импортқа – транзит бағасы қымбат. Осыдан ғана ҚТЖ 1 млрд теңгеден астам шығынға ұшыраған.

Салықта: Жалған шартпен «фермерден алдық» деп көрсетіп, салықты қағаз жүзінде жапқан. Ақшаны өз фирмаларына аударып, банкрот қылып жіберген. Мемлекетке 1,2 млрд теңге зиян.Яғни, Ресейден 1 тоннаны 70-80 мың теңгеге алып, қазақ астығы деген қағазбен 110-120 мың теңгеге сатқан. Ортадағы 30-40 мың – таза айырма, бірақ оның бәрі жеңілдік пен салықтан жеп қалу

## Бұл неге қауіпті?

Бұл жай контрабанда емес. Бұл – «шығу тегін» ұрлау. Қазақстанның астық брендіне нұқсан. Нағыз қазақ шаруасы жеңілдік ала алмай қалады, оның квотасын жалғандар жеп қояды.Егер Өзбекстан мұны білсе, ертең «қазақ астығы» дегенге күмәнмен қарайды. 

Түйін: Бұрын «Ресей бидайын қазақ деп сатады» деген әңгіме еді. Енді ол 11,2 млрд теңгелік қылмыстық іс болып дәлелденді.

---

Опубликовано: 2026-10-02T10:10:15+05:00

Обновлено: 2026-10-02T10:10:17+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-02-qazaq-astyghy-qazaqtiki-emes-bolyp-shyqty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.