---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-05-google-gemini-ding-tegin-nusqasyn-shektejdi-oqyrman-neden-shekteledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Google Gemini-дің тегін нұсқасын шектейді: Оқырман неден шектеледі

![Google Gemini-дің тегін нұсқасын шектейді: Оқырман неден шектеледі](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/gemini.jpg)

Google 9 қазаннан бастап Gemini чат-ботындағы қуатты модельдерді тегін қолданушылардан жауып тастайды.

[![Фото: dgl.ru](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/gemini-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/gemini.jpg)Фото: dgl.ru

Компания тегін тарифте тек ең жеңіл нұсқаны қалдырмақ. Енді тәртіп былай өзгереді:

## Тегін қолданушы неден айырылады?

Бұған дейін көпшілік тегін қолданып келген жылдам әрі сапалы Flash моделі енді ақылы болады. Тегін аккаунттарда тек Flash-Lite ғана қалады. Бұл – жауапты жылдам, бірақ үстірт беретін, ресурсты аз жұмсайтын нұсқа.

## Ақылы жазылым иелеріне не болады?

Жаңа ереже жеке аккаунттарға ғана қатысты. Оның ішінде де саты-сатыға бөлінеді: AI Plus жазылымы барлар енді Flash моделін қолданады. Ал ең қуатты Pro моделі тек AI Pro және AI Ultra жазылушыларына ғана ашық болады. Компания AI Plus қолданушылары үшін шектеуді бірден емес, кезең-кезеңімен енгізетінін айтты. Нақты мерзімі әр қолданушыға жеке хатпен хабарланады. Ойлану деңгейі деген не?

Бұдан бөлек, Google модельдердің ойлануына үш түрлі деңгей енгізеді: төмен, орташа және жоғары. Қарапайым сауалға аз ойланса, күрделі есепке көп ойланады деген сөз.Ал ең ауыр тапсырмаларға арналған Deep Think режимі көпшілікке жабық. Параллель ойлауға негізделген бұл жүйеге тек Pro және Ultra иелері ғана кіре алады. Компания не үшін бұлай шектеп жатқанын түсіндірмеді. Өзгерістер тек Gemini қосымшасын жеке аккаунт арқылы қолданғандарға қатысты.

---

Опубликовано: 2026-10-05T09:31:17+05:00

Обновлено: 2026-10-05T09:31:20+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-05-google-gemini-ding-tegin-nusqasyn-shektejdi-oqyrman-neden-shekteledi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.