---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-05-nesie-arzandaj-ma/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Несие арзандай ма?

![Под ставку – 30,4% выдавали банки Казахстана кредиты ИП в ноябре](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/pod-stavku-304-vydavali-banki-kazahstana-kredity-ip-v-noyabre_bizmedia-kz_.jpg)

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға түсірді.

[![Фото: РИА Новости / Алексей Сухоруков](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/pod-stavku-304-vydavali-banki-kazahstana-kredity-ip-v-noyabre_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/pod-stavku-304-vydavali-banki-kazahstana-kredity-ip-v-noyabre_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Алексей Сухоруков

Содан кейін Қаржы нарығын реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов шығып:

> «Базалық мөлшерлеме – ақшаның бағасы. Ол түссе, несие де арзандайды», – деді.

Естуге жағымды. Бірақ сол агенттіктің басшысы Мәдина Әбілқасымова бұдан бір апта бұрын керісінше сөйледі: 

> «Біз базалық мөлшерлеме мен халыққа берілетін несиелер арасында аз байланыс көріп отырмыз».

Бір мекеме, екі түрлі сөз. Қайсысы шын? Шындық – екіншісі. Байланыс шынымен жоқ. Қазір заң бойынша банк қаншаға дейін қоя алады? кепілсіз тұтыну несиесі – 46%-ға дейінкепілді несие – 35%-ға дейінипотека – 25%-ға дейінАл нақты нарықта қанша болып тұр? Тамыз айының дерегі:жеке адамдарға орташа – 21,9%заңды тұлғаларға – 19,3% Көріп тұрсың ба? Заң 46% рұқсат беріп тұр, банк 21,9% қойып отыр. Ортасында 24 пайыз бос орын бар.Сондықтан базалық мөлшерлеме 16,25%-дан 15,25%-ға түссе де, банкке ешкім "сен де түсір" дей алмайды. Ол заңды бұзбайды.

## Неге банктер өздігінен түсірмейді?

Банк ақшаны қайдан алады? Халықтың депозитінен және мемлекеттік қағаздан. Бүгін Қаржы министрлігі нарықтан 18,93%-бен қарыз алып жатыр. Шетелдік сол 18,9%-ға келіп жатыр. Банкке 18,9%-дық, тәуекелсіз табыс тұрғанда, ол неге бизнеске 15%-бен, тәуекелмен несие береді? Бермейді. Сол себепті бизнес несиесі 19,3%-дан төмен түспей тұр. Тәуекел қымбат.

Банк 21,9% қойып отыр, өйткені оның ішінде 5-6% – қайтармай кету тәуекелі. Қазақстанда кепілді өндіру ұзақ, банкроттық заңы жұмыс істемейді. Сондықтан банк бәріне бірдей жоғары қоя салады. Әбілқасымова осыны айтты: "Кей банктер қарыз алушының тәуекелін бағаламайды, шекті мөлшерлемені қоя салады". Бәсеке жоқ.

Нарықта 3-4 ірі ойыншы. Kaspi, Halyk, BCC, Freedom. Бәрінің мөлшерлемесі шамалас. "Кім арзан береді" деген жарыс емес, "кім тез береді" деген жарыс.ҚНДРА неге "арзандауы мүмкін" деп сеніп айтып отыр? Семіз айтып, арық шығып қалмай ма?Бұл жерде ҚНДРА-ның амалы жоқ.Жоғарыдан қысым бар: "Базалық түсті, неге несие түспейді?" деген сұрақ бар. Президент те, Үкімет те осыны сұрайды.Төменнен қысым бар: банктер "бізге тиімсіз" дейді.Сондықтан Қизатов "арзандауы мүмкін" деді. Назар аудар – "арзандайды" емес, "мүмкін" деді. Бұл – жауапкершіліктен қашу.Ал шын жұмыс – Әбілқасымова айтқан жерде. Ол әдістемені өзгертпек.

**Бұрынғы әдіс: "46%-дан аспа" деп төбе қою.******

**Жаңа әдіс: "Нарықтағы орташаға қарап шек қою".******

Мысалы, орташа нарық 22% болса, шекті 46% емес, 27-28% қылу. Сонда банк 21,9% емес, 18% ұсынуға мәжбүр болады.Бірақ мұның да қаупі бар. Егер шекті күрт түсірсе, банктер тәуекелі жоғары клиенттерге – табысы аз, несие тарихы жоқ адамдарға – несие бермей қояды. Сонда несие арзандайды, бірақ қолжетімсіз болады. Дәл осы жерде ҚНДРА семіз айтып, арық шығып қалуы мүмкін.Сонда несие қашан арзандайды?Үш шарт қатар орындалса ғана:1. Шекті мөлшерлеме түссе. 46% деген кеңістікті 27%-ға қысса.

## Түйін

Базалық мөлшерлеме 16,25% болды деп несие ертең 15% болмайды. Қазіргі 21,9% – базалықтың емес, мемлекеттің қымбат қарызының және 46% деген бос шектің бағасы. ҚНДРА-ның "арзандауы мүмкін" дегені – тілек. Ол тілек шындыққа айналуы үшін олар батыл қадам жасап, 46% деген төбені кесуі керек. Кеспесе – сөз күйінде қалады

---

Опубликовано: 2026-10-05T11:41:42+05:00

Обновлено: 2026-10-05T11:41:44+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-05-nesie-arzandaj-ma/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.