---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-06-bazalyq-moelsherleme-tuese-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Базалық мөлшерлеме түсе бастады

![Знак процентов](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/inflyacziya-v-kazahstane-mozhet-snizitsya-do-88-v-2024-godu-bazovaya-stavka---do-125_bizmedia.kz_-1.jpg)

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімі банк несиесінің құнына әсер ете бастады. Дегенмен үдеріс біркелкі емес.

[![Фото: DilokaStudio / Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/inflyacziya-v-kazahstane-mozhet-snizitsya-do-88-v-2024-godu-bazovaya-stavka---do-125_bizmedia.kz_-1-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/inflyacziya-v-kazahstane-mozhet-snizitsya-do-88-v-2024-godu-bazovaya-stavka---do-125_bizmedia.kz_-1.jpg)Фото: DilokaStudio / Freepik

Экономист Руслан Сұлтановтың дерегінше, оң өзгеріс әсіресе бизнеске берілетін несиеден айқын көрінеді. Маусымнан бері базалық мөлшерлеме 18%-дан 17%-ға, шілдеде 16,75%-ға, қыркүйекте 16,25%-ға дейін төмендеді. Соған ілесіп қаржы нарығындағы қысқа ақша да арзандады. Мамырда 17,7% болған TONIA индикаторы қыркүйекте 16,0%-ға түсті.

## Бизнес арзандықты сезіне бастады

Заңды тұлғаларға теңгемен берілген жаңа несиенің орташа мөлшерлемесі үш ай қатарынан төмендеді. Мамырда 20,3% болса, тамызда 19,3% болды. Яғни үш айда бизнес несиесі 1 пайыздық тармаққа арзандады.

Тізбек былай: Алдымен базалық мөлшерлеме түседі, содан кейін қысқа ақша арзандайды, соңында бұл бизнеске берілетін несиеге жетеді. TONIA осы тізбектің алғашқы белгісі. Ал халыққа ше?Жеке тұлғаларға берілетін несие әлі арзандаған жоқ. Тұтыну несиесі маусымда 22,7%-дан 20,9%-ға дейін түскенімен, шілдеде 21,6%-ға, тамызда 21,9%-ға қайта көтерілді.

Себебі бұл жерде базалық мөлшерлеме емес, борышкердің тәуекелі мен банктің маржасы шешуші рөл атқарады.Қазір бизнестің банк алдындағы қарызы 23 трлн теңгеден асады. Бұған дейін депутаттар мемлекеттен қолдау алған банктер бизнеске несие беруге асықпай отыр деп сынаған.

## Бұл нені білдіреді?

Бизнес несиесінің арзандауы – TONIA түскенінің заңды жалғасы. Банк қысқа ақшаны арзанға алып, оны бірден компанияға сатады. Ал халық несиесінде тізбек ұзын: адамның кредит тарихы, мерзімнің ұзақтығы, банктің өз маржасы қосылады. Сондықтан базалық мөлшерлеме түссе де, тұтыну несиесі бірден арзандамайды. Бірақ бетбұрыс басталды.

---

Опубликовано: 2026-10-06T09:20:00+05:00

Обновлено: 2026-10-06T09:20:03+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-06-bazalyq-moelsherleme-tuese-bastady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.