---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-06-shyghysy-kirisinen-asqandy-qalaj-tabady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шығысы кірісінен асқанды қалай табады?

![Налоги бухгалтер работа](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited.jpg)

Kaspi-дегі әрбір аударымыңды салықшы көріп отыр ма? Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың жауабы – жоқ. Салықшы аударымды емес, алған пәтерің мен көлігіңді санайды. Қаржы министрлігі шығыстары кірістерінен асып түсетін қазақстандықтарды қалай анықтайтынын түсіндірді. Қолдағы басты құрал – Smart Data Finance жүйесі.

[![Фото: pressfoto / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited.jpg)Фото: pressfoto / Freepik.com

Бұл – 80 дереккөзді бір айнаға тоғыстыратын жүйе. Жылжымайтын мүлік тізілімі, көлік, жер кадастры, ХҚКО, Әділет министрлігі, банктер, брокерлер, нотариустар – бәрі осында.Механизм қарапайым. Система сіздің бір жылдағы ресми кірісіңізді – жалақы, ИП табысы, депозит пайызы – бір жаққа қояды. Екінші жаққа – сол жылы сатып алған мүлік, көлік, жеріңізді қояды. Егер шығыс кірістен асып кетсе, автоматты түрде қызыл шам жанады. Адам емес, алгоритм ұстайды

## Ал мобильді аударым ше?

Осы жерде жұрт ең көп шатасады. Тұрысов арнайы тоқталып өтті: мобильді аударым туралы ақпарат шектеулі және толық көлемде көрінбейді. Себебі банк құпиясы туралы заң бар. Салықшы сіздің досыңызға аударған 10 мың теңгеңізді күнде көріп отырмайды. Ол тек екі жағдайда көрінеді: айына 100-ден аса әртүрлі адамнан тұрақты ақша түссе – банк оны кәсіпкерлік белгісі ретінде береді, немесе сізге қатысты ресми тексеру басталса, сот шешімімен ғана. Яғни, негізгі дәлел – аударым емес, тіркелген мүлік. Аударым – жанама із, пәтер мен көлік – нақты факт.

## Тапса, не болады?

Алшақтық табылса, e-Salyq Azamat қосымшасына хабарлама келеді: «Айырмашылықты 30 жұмыс күнінде түсіндіріңіз». Егер басқа табыс көзі болса – ата-ана сыйлаған, бұрынғы жинақ, шетелден келген ақша – оны құжатпен көрсетуіңіз керек: сыйға тарту шарты, сату-сатып алу шарты, банк үзіндісі.

Түсіндіре алмасаңыз, сол түсіндірілмеген сомаға 10% жеке табыс салығы салынады. Бұл жүйе – жалақысын алып, сол жалақысына өмір сүретін адамға емес, табысын жасырып, қымбат мүлік алатындарға қарсы жасалған. Қысқасы, салықшы енді қалтаңды емес, ізіңді санайды.

---

Опубликовано: 2026-10-06T12:11:42+05:00

Обновлено: 2026-10-06T12:11:45+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-06-shyghysy-kirisinen-asqandy-qalaj-tabady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.