---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-07-avtonesie-bombasy-24-trillionnyng-artyndaghy-qauip/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Автонесие бомбасы: 2,4 триллионның артындағы қауіп

![Как оплачивать дорогостоящую автостраховку частями в Казахстане - Bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/kak-oplachivat-dorogostoyashhuyu-avtostrahovku-chastyami-v-kazahstane-bizmedia.kz_.jpg)

Қазақстанда автокредит ипотекамен иық тірестіріп келеді, бірақ портфель сапасы ертең жарылуы мүмкін бомбаға айналып отыр. Бұл туралы Ұлттық Банктің 2025 жылғы қаржылық тұрақтылық туралы есебінде айтылды. Реттеуші мұны «кейінге қалдырылған нашарлаудың алғышарттары» деп атады.

[![Фото: Fotolia/alexstr.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/kak-oplachivat-dorogostoyashhuyu-avtostrahovku-chastyami-v-kazahstane-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/kak-oplachivat-dorogostoyashhuyu-avtostrahovku-chastyami-v-kazahstane-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Fotolia/alexstr.

## ИПОТЕКАМЕН ТЕҢЕСКЕН ӨСІМ

Соңғы үш жылда автонесие нарығы жарылып өсті:2023 жылы – 1,4 трлн теңге 2024 жылы – 1,8 трлн теңге2025 жылы – 2,4 трлн теңге Ұлттық Банктің өзі «бұл көлемді ипотекамен салыстыруға болады» деп отыр. 2023-2025 жылдары портфель 2 еседен астам өсіп, 4 триллионнан асты. Жеке тұлғаларға берілген барлық несиенің ішіндегі автонесиенің үлесі 8 пайыздан 16 пайызға – екі есе өскен. Ұлттық Банк ашық жазады: бұл өсімді «жаңа көліктерге КДН (қарыз жүктемесі коэффициенті) бойынша берілген жеңілдіктер мен дилерлердің жеңілдетілген бағдарламалары» қолдап отыр. Яғни жеңілдіктің өзі нарықты қыздырған. Есептегі түйін: «КДН жеңілдігімен ынталандырылған өсім портфель сапасының кейінге қалдырылып нашарлауына жол ашады».

## СТАТИСТИКА ӘДЕМІ, БІРАҚ ШЫНДЫҚ БАСҚА

Қағазда бәрі жақсы көрінеді:90 күннен аса кешіккен қарыз (NPL90+) – 5%-дан 4,1%-ға түскен3-кезеңдегі проблемалық қарыздар – 6,3%-дан 5,3%-ға түскен. Бірақ Ұлттық Банк: «NPL статистикасының жақсаруы сапа жақсарды деген сөз емес» деп ескертеді. Себебі банктер проблемалық қарызды баланстан жасырын шығарып тастаған. 2023-2025 жылдары есептен шығарылған қарыз үлесі екі есе өсіп, 2,9 пайызға жеткен – бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.Осыны қосқанда, 2025 жылдың соңындағы нақты проблемалық берешек – барлық автокредит портфелінің 7 пайызы.

## МЕРЗІМ ҰЗАРДЫ, КӨЛІК ҚЫМБАТТАДЫ

Екі қауіпті өзгеріс қатар жүріп жатыр:

- Мерзім өсіп кетті. Берілген несиенің 60 пайыздан астамы – 5 жылдан ұзақ мерзімге. 2026 жыл басындағы портфельдің 73,1 пайызы осындай ұзақ қарыздар.
-  Сұраныс қымбат көлікке ауды. 2025 жылы құны 15 млн теңгеден асатын көліктерге 50,7 мың несие берілген. Бұл алдыңғы екі жылдың жиынтығынан көп. Тек осы санаттың көлемі 627 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 157 пайызға өскен.Ұлттық Банк: «Бұл баға сегментіндегі күрт өсім портфель үшін қосымша тәуекел тудырады» деп отыр.

## СОҢЫ НЕ БОЛАДЫ?

Реттеушінің түйіні: қазіргі қарқын – санның өсуі, мерзімнің созылуы, қымбат көлікке ауысу – қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Қарыз алушының қабілетін қатаңырақ тексеру керек. Қарапайым тілде: бүгін бәрі несие алып, қымбат көлік мініп жүр. Ертең сол көлік ескіріп, қарызы бітпей, төлей алмай қалса – бомба жарылады

---

Опубликовано: 2026-10-07T12:44:51+05:00

Обновлено: 2026-10-07T12:44:55+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-07-avtonesie-bombasy-24-trillionnyng-artyndaghy-qauip/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.