---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-07-tapshylyqtan-asyp-syrtqa-satugha-koeshemiz-qazaqstan-2030-zhyly-zhanarmaj-eksporttamaq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тапшылықтан асып, сыртқа сатуға көшеміз: Қазақстан 2030 жылы жанармай экспорттамақ

![Работник нефтедобывающей вышки](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/09/eksperty-prognoziruyut-snizhenie-czen-na-neft-do-60-dollarov-za-barrel_bizmedia-kz_.jpg)

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі пысықтала бастағанын хабарлады.

[![Фото: РИА Новости/Илья Питалев.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/09/eksperty-prognoziruyut-snizhenie-czen-na-neft-do-60-dollarov-za-barrel_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/09/eksperty-prognoziruyut-snizhenie-czen-na-neft-do-60-dollarov-za-barrel_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости/Илья Питалев.

Зауыт алаңы ретінде Ұлытау, Атырау және Маңғыстау облыстары қарастырылуда. Қазір консультанттар жұмыс істеп жатыр, жыл соңына дейін техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталады деп күтілуде. 

Одан бөлек, қолданыстағы зауыттардың қуатын арттыру жоспары бар. Атап айтқанда, Шымкент зауытының қуатын 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін екі есе ұлғайту көзделіп отыр. Оның техникалық-экономикалық негіздемесі де жыл соңына дейін әзірленіп, нақты іске көшу жоспарланған. Ал Атырау зауытын 2 миллион тоннаға кеңейтіп, дизель отынын тазартатын қосымша желі салу ойда бар.

Министр мұның бәрі ішкі қажеттілікті толық жабуға мүмкіндік береді деп отыр.Оның дерегінше, былтыр 18,4 миллион тонна мұнай өңделіп, 15,5 миллион тонна дайын өнім алынған. Бұл ішкі сұраныстың 90 пайыздан астамын жабады. Дегенмен авиаотын мәселесі әлі шешілген жоқ.

Еліміз жыл сайын Ресейден 300 мың тоннаға жуық авиаотын тасиды. Себебі еліміздегі 25 шағын зауыттың ешқайсысы Кеден одағының талап ететін 4-сыныптан кем емес сапаға сай отын шығармайды.

---

Опубликовано: 2026-10-07T12:37:23+05:00

Обновлено: 2026-10-07T12:37:25+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [мұнай](https://kk.bizmedia.kz/tag/munaj/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-07-tapshylyqtan-asyp-syrtqa-satugha-koeshemiz-qazaqstan-2030-zhyly-zhanarmaj-eksporttamaq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.