---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-08-almatynyng-tuerksib-awdanynda-oqityn-ult-bastamasy-ayasynda-zamanawi-kitaphana-ashyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматының Түрксіб ауданында «Оқитын ұлт» бастамасы аясында заманауи кітапхана ашылды

![Алматының Түрксіб ауданында «Оқитын ұлт» бастамасы аясында заманауи кітапхана ашылды](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/128f81c4-5e1c-4e5f-aad8-2e311f01b774.jpeg)

Алматының Түрксіб ауданында жаңа қалалық кітапхана жұмысын бастады. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

[![Иллюстрация — Алматының Түрксіб ауданында «Оқитын ұлт» бастамасы аясында заманауи кітапхана ашылды](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/128f81c4-5e1c-4e5f-aad8-2e311f01b774-1200x900.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/128f81c4-5e1c-4e5f-aad8-2e311f01b774.jpeg)

Жаңа кітапхана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға және зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт» бастамасы аясында ашылды.

Жаңа қалалық кітапхана – тұрғындардың кітап оқуына, білім алуына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне арналған заманауи мәдени-ағартушылық кеңістік. Кітапхананың жалпы ауданы 340 шаршы метр, ал кітап қоры 10 мыңнан астам басылымды қамтиды.

Мұнда оқырмандардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескеріліп, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі көркем әдебиет, балалар әдебиеті, танымдық және ғылыми-көпшілік басылымдар, сондай-ақ түрлі жанрдағы заманауи кітаптар ұсынылған.

Келушілер үшін жайлы оқу залы, кітаптарды үйге алып оқуға мүмкіндік беретін абонемент бөлімі, балаларға арналған аймақтар, компьютерлермен жабдықталған жұмыс орны, арнайы құрылғылар және кітаптарды өз бетінше алып, қайтаруға арналған «ақылды сөрелер» қарастырылған. Заманауи технология кітап алу және қайтару үдерісін оқырмандар үшін барынша ыңғайлы әрі жылдам етеді.

Жаңа мәдени кеңістік аудан тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ олардың мәдени және зияткерлік дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Қонаев атындағы бау-бақша кооперативінің аумағы, 336/37.  
Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.

Қазіргі таңда Алматыда 32 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Оның жетеуі тәулік бойы, яғни 24/7 режимінде қызмет көрсетеді.

[![Иллюстрация — Алматының Түрксіб ауданында «Оқитын ұлт» бастамасы аясында заманауи кітапхана ашылды](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/926353ca-740f-4d24-9f21-8b06b62f2044-1200x900.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/926353ca-740f-4d24-9f21-8b06b62f2044.jpeg)

Сонымен қатар тұрғындардың кітапқа қолжетімділігін арттыру мақсатында қаланың сауда орталықтарында кітап беретін екі пункт, ал келушілер көп жиналатын орындарда өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған 32 автономды кітапхана жұмыс істейді.

Жаңа кітапхананың ашылуы Түрксіб ауданы тұрғындары үшін білім мен мәдениетті дамытуға арналған заманауи кеңістік қалыптастырып, кітапхана қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

---

Опубликовано: 2026-10-08T14:20:40+05:00

Обновлено: 2026-10-08T14:20:42+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Алматы жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/almaty-zhangalyqtary/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-08-almatynyng-tuerksib-awdanynda-oqityn-ult-bastamasy-ayasynda-zamanawi-kitaphana-ashyldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.