---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-08-qalqaman-stancziyasy-99-dajyn-biraqalmaty-keptelisin-metro-nege-sheshpej-tur-pajyzben-taldau/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қалқаман» станциясы  99% дайын, бірақ Алматы кептелісін метро неге шешпей тұр? Пайызбен талдау

![Тягач в метро Алматы](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/almatinskoe-metro-vozobnovilo-rabotu_bizmedia.kz_.jpeg)

Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева "Қалқаман" станциясы 99%-ға дайын, 2026 жылдың соңына дейін ашылады деп мәлімдеді. Қазір станцияда құрылыс-монтаж біткен, іске қосу-жөндеу жүріп жатыр.

[![Фото пресс-службы акимата Алматы](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/almatinskoe-metro-vozobnovilo-rabotu_bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/almatinskoe-metro-vozobnovilo-rabotu_bizmedia.kz_.jpeg)Фото пресс-службы акимата Алматы

**Станцияның тарихы ұзақ:******

 2020 жылы басталған, 2022 жылы Наурызбай қарқынды өскен соң орнын ауыстыруға тура келген. Тоннельдер 2026 жылдың ақпанында ғана қосылды – ұзындығы 1,6 км. Соңғы бағасы – 67,8 млрд теңге. Оның 50 млрд – жер асты жұмысы, 17,8 млрд – үйлерді сүру, автоматика, іске қосу. Әкімдік қазір бірден "Барлық" базарына қарай тағы 3 станцияның құрылысын бастады. Оған 45 млрд теңгеден астам бөлініп отыр. Ұзындығы 5,3 км.

## Метро қаладағы кептеліске қанша пайыз әсер етіп тұр?

Алматы метросы күніне – 143 мың адам тасиды (2025 жылғы дерек)Барлық қоғамдық көлік күніне – 1,6 млн сапар. Яғни метро – қоғамдық көліктің 9%-ы ғана. Ал Алматыда күніне 800 мыңға жуық жеке көлік жүреді. Егер барлық сапарды (көлік + автобус + метро) қоссақ, метро қаладағы барлық қозғалыстың 2-3%-ын ғана алып тұр.Сондықтан кептеліс азаймай тұр.

Бас жоспар бойынша Алматы 2030 жылға қарай қоғамдық көлікті 2,3 млн-ға дейін өсірмекші, яғни 64%-ға арттыру жоспары бар. Ол үшін тек метро емес, LRT, BRT, SkyTrain керек. 2030 жылға қарай 20 км метро, 31 км LRT, 296 км BRT салу жоспарланған.

## Жұмсалған қаржы өзін ақтады ма?

Метро – ешқашан билеттен ақталатын жоба емес. Бұл – әлеуметтік жоба. "Қалқаманның" 1,6 км-і 67,8 млрд теңге тұрса, 1 км метро орташа 42 млрд теңге. Билет 120 теңгеден бұл ақшаны қайтару үшін станция 500 млн адам тасуы керек. Бұл 10 жылдық жұмыс. Сондықтан әлемде метроны инвестиция емес, шығын ретінде қарайды. Оның қайтарымы – бензин үнемдеу, уақыт үнемдеу, ауа тазаруы.

## Билеттің қанша пайызы субсидияланады?

Ең ауыр жері осы.Ресми дерек:Билет бағасы – 120 теңге2025 жылы метроға бөлінген субсидия – 13,3 млрд теңге, 29,9 млн сапарғаЯғни 1 сапарға бюджеттен 444 теңге қосылады.

Сонда 1 сапардың нақты өзіндік құны:

120 + 444 = 564 теңге.  Жолаушы оның 21 пайызын төлейді, Мемлекет  – 79%

Автобуста да солай: билет 120 теңге, ал нақты құны 700 теңге деп есептеледі. Айырмасын – 90 млрд теңге 2026 жылы бюджеттен жабылып отыр.

## Түйін:

"Қалқаман" – Наурызбай үшін үлкен серпіліс. Орталыққа 40 минутта жетуге мүмкіндік береді. Бірақ қала деңгейінде метро әлі 2-3% ғана кептеліс шешіп тұр. Ол толық жұмыс істеуі үшін "Барлыққа" дейінгі 3 станция (200 мың адам/тәулігіне деген жоспар бар) және "Жібек жолы – Әуежай" екінші желісі салынуы керек. Сонда ғана метро 10-12%-ға шығып, шынымен қаланы жеңілдетеді.Ал қазір бұл – 79% субсидиямен жүріп тұрған, бірақ қалаға ауадай қажет қоғамдық игілік.

---

Опубликовано: 2026-10-08T12:22:39+05:00

Обновлено: 2026-10-08T12:22:42+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Алматы жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/almaty-zhangalyqtary/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-08-qalqaman-stancziyasy-99-dajyn-biraqalmaty-keptelisin-metro-nege-sheshpej-tur-pajyzben-taldau/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.