---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-08-saetpaev-reforma-institutqa-ajnalmasa-zhemqorlyq-100-zhylgha-sozylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сәтпаев: Реформа институтқа айналмаса, жемқорлық 100 жылға созылады

![Человек держит за спиной пачку тенге, схема хищений](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/6-chinovnikov-nakazali-za-neobosnovannoe-rashodovanie-700-mln-tenge-bizmedia-kz_.jpg)

Қазақстанда саяси реформалар терең институционалдық өзгерістерге ұласпаса, ел ондаған жыл бойы жемқорлық пен басқару дағдарысынан арыла алмайды.

[![Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/6-chinovnikov-nakazali-za-neobosnovannoe-rashodovanie-700-mln-tenge-bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/6-chinovnikov-nakazali-za-neobosnovannoe-rashodovanie-700-mln-tenge-bizmedia-kz_.jpg)Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz

Саясаттанушы Досым Сәтпаев әлеуметтік желідегі парақшасында  тығырықтан шығудың 4 бағытын атады.

**1. Жемқорлық – басқару құралына айналған.**

Сәтпаевтың пайымынша, жүйе өзгермесе жарты ғасырда да жаңару болмайды. Себебі жемқорлық мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлшегіне айналған.

> «Егер соңғы 30 жылда қалыптасқан саяси және экономикалық жүйе сол күйінде қалса, 50 немесе 100 жыл өтсе де жемқорлық елді басқарудың негізгі құралы болып қала береді. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп», – деді ол.

**2. Күштік құрылымдар кімді қорғап тұр?******

Билік азаматтық белсенділікті балама пікір емес, кедергі ретінде көреді. Мұндай модельде күштік органдар халықты емес, жүйені қорғайды.

> «Авторитарлық жүйенің тірегі – шенеуніктер, күштік құрылымдар және олигархтар. Олар қарапайым азаматтың құқығын қорғамайды, биліктің қолындағы шоқпар рөлін атқарады. Назары – ашықтық пен әділдік талап ететін белсенділерді тұншықтыруға бағытталған».

**3. Ескі де емес, жаңа да емес – қалыпты Қазақстан керек**

Қоғамды "ескі" және "жаңа" деп бөлу – реформаны алмастыра алмайды.

**4.** **Әділ сайланған, жағымпаздар емес, халықтың мүддесін қорғайтын парламент******

Жоғары жауапкершілік + лайықты жалақы + заң алдында теңдік қағидатындағы шенеунік және әділ сот"Бізге қалыпты Қазақстан қажет".

**5. Әлсіз институт – транзиттің басты қателігі**

Сарапшы Тоқаев Назарбаевтың қателігін қайталап отыр дейді. Кез келген автократияның қателігі – мықты институттардың орнына бір мұрагерге сену.Егер сот, партиялар, тәуелсіз медиа, жергілікті өзін-өзі басқару дамымаса, билік ауысқан сайын саяси дүмпу қайталана береді.

> «Тоқаев саяси институттарды күшейтуден қорқып отыр. Күшті парламентті, еркін партиялар мен мықты сот жүйесін қаламайды, бәрін қолдан басқарғысы келеді. Саясат ашық алаңнан көлеңкелі дәлізге көшкенде, елді қауесет пен элиталық тартыс билейді», – деп түйін деді Сәтпаев.

---

Опубликовано: 2026-10-08T11:50:27+05:00

Обновлено: 2026-10-08T11:50:30+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-08-saetpaev-reforma-institutqa-ajnalmasa-zhemqorlyq-100-zhylgha-sozylady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.