---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-08-swift-te-dollar-52-yuan-326-qazaqstan-qaj-konturda-zhuerne-bolyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# SWIFT-те доллар 52%, юань 3,26%: Қазақстан қай контурда жүр?Не болып жатыр?

![Доля использования евро в расчетах через SWIFT достигла исторического минимума в июле - Bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/08/dolya-ispolzovaniya-evro-v-raschetah-cherez-swift-dostigla-istoricheskogo-minimuma-v-iyule-bizmedia.kz_.jpg)

2026 жылғы тамызда SWIFT арқылы жаһандық төлемдерде юань үлесі 3,26%-ға жетті. Бұл - соңғы жылдардағы максимумы.

[![Фото: REUTERS / Chris Helgren / File Photo](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/08/dolya-ispolzovaniya-evro-v-raschetah-cherez-swift-dostigla-istoricheskogo-minimuma-v-iyule-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/08/dolya-ispolzovaniya-evro-v-raschetah-cherez-swift-dostigla-istoricheskogo-minimuma-v-iyule-bizmedia.kz_.jpg)Фото: REUTERS / Chris Helgren / File Photo

Бірақ сол есепте доллар да рекорд жаңартты - 52,09%. Айырма - 16 есе. SWIFT сыртында басқа ойын жүріп жатыр. Қытай өз контурын CIPS, своп-желілер және екіжақты келісімдер арқылы кеңейтуде.

## Цифрлар сөйлейді:

SWIFT: Юань - 5-орын (3,26%), 2020 жылы 1,5% болған. Өсім бар, бірақ жылына 0,1-0,2% ғана.CIPS: 124 ел, 193 тікелей қатысушы, 1573 жанама қатысушы. 10 жыл бұрын 19 және 176 ғана болған. Күндік рекорд - 1,22 трлн юань (2026 ж. сәуір). Своптар: 32 орталық банкпен келісім. 2026 ж. Q1-де сұраныс 111,6 млрд юаньға жетті, +45%.Мұнай юані: Ресей мен Иран - негізгі қолданушы. Сауд Арабиясы мен БАӘ әлі тест режимінде.

## АҚШ не істеп жатыр?

Вашингтон тактиканы өзгертті. Енді "доллардан айырамын" деп қорқытпайды, тікелей баламалы инфрақұрылымның ішіндегі ойыншыларды ұрады.2026 ж. 24 тамыз - Economic Outcast операциясы (Иран табысына қарсы) Қыркүйек - ВТБ банкіне санкция, себебі риал/рубльмен балама жүйе құрған2025 ж. сәуір - иран мұнайын тасыған қытайлық кемелерге санкция Логика: Төлем қай валютада болғаны маңызды емес, АҚШ қаржы жүйесіне жанассаң – соққыға ілігесің.Қазақстан қайда? 31 шілде 2026: Ұлттық банк пен Қытай ХБ 7 млрд юаньға (525 млрд теңге / $1 млрд+) дейінгі свопты 3 жылға ұзартты.Цифрлық теңге + цифрлық юань пилотын іске қосу келісілді. Ұлттық банк CIPS басшылығымен кездесті.Жыл соңына дейін – Qazaqstan-Қытай арасында QR-төлемдер интеграциясы.KASE-де теңге/юань T+0, T+1, T+2 режимінде саудаланады.

## Сонда не?

SWIFT ішінде доллар гегемониясы сақталады – 70%+ доллар+еуро. Юаньның өсімі SWIFT сыртында, долларға жолы жабық елдер мен Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" серіктестері есебінен болып жатыр. Қазақстан үшін бұл екі контурлы ойын: ресми статистикада бәрі доллармен көрінеді, ал нақты саудада юань контуры қалыптасып жатыр. Бірақ бұл контур да санкциядан қорғамайды – АҚШ енді сол контурдың ішіндегі банк пен тасымалдаушыны қудалайды.

---

Опубликовано: 2026-10-08T11:01:51+05:00

Обновлено: 2026-10-08T11:01:53+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-08-swift-te-dollar-52-yuan-326-qazaqstan-qaj-konturda-zhuerne-bolyp-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.