---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-09-bajgha-bermej-muqtazhgha-beru-uekimet-nege-zhaerdemaqyny-suezgiden-oetkizbek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Байға бермей, мұқтажға беру: Үкімет неге жәрдемақыны сүзгіден өткізбек?

![Монеты тенге лежат на купюрах](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kak-vyrosli-posobiya-i-pensii-zhitelej-almaty_bizmedia.kz_.jpg)

2027 жылдан бастап жәрдемақы «бәріне бірдей» берілмейді. Үкімет «байға төлемейміз, мұқтажға көбірек береміз» деген қағидаға көшпек.

[![Фото: Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kak-vyrosli-posobiya-i-pensii-zhitelej-almaty_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kak-vyrosli-posobiya-i-pensii-zhitelej-almaty_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Bizmedia.kz

Бұл – үнемдеу емес, әділетті бөлу дейді. Үкіметтің бұл қаулыны қабылдаудағы негізгі уәжі – атаулы көмек. Бұған дейін қалай болды? Бала туды ма, көпбалалы ма – бәріне бірдей беріле берді. Айлығы 2 миллион теңге болатын кәсіпкер де, айлығы 100 мың теңге болатын жалғызбасты ана да бірдей жәрдемақы алды. Бұл – әлеуметтік әділетсіздік. Енді мемлекет былай дейді: «Бюджет шектеулі. Біз ақшаны шашпаймыз, мұқтажға жеткіземіз». Үкіметтің 4 мақсаты бар:

**1. Әділеттілікті орнату – «Ақша шынымен мұқтажға барсын»******

Бұл – ең басты ұран. Мемлекет «байларға неге төлеуім керек?» деп отыр. Егер отбасының табысы жоғары, Астанадан 3 пәтері, есепшотында миллиондары болса, оған бала күтімі үшін 50-60 мың теңге төлеу – мемлекет үшін қисынсыз. Сол ақшаны «Е» санатындағы – нанға ақша таппай отырған, шұғыл көмекке мұқтаж отбасыға берген әлдеқайда қисынды.

**2. Көлеңкедегі табысты ашу – «Қалтаңды көрсет»**

Көп адам табысын жасырады. Ресми жалақысы – 85 мың, ал картасына ай сайын 500 мың түсіп жатады, 20 миллиондық кредитін жауып отыр. Бұған дейін мемлекет оны көре алмайтын. Енді Үкімет банк құпиясын, кредиттік тарихты ашуды талап етіп отыр. Не үшін? Адамның нағыз әл-ауқатын білу үшін. Шотындағы айналым, кредиті, төлемі – адамның бай-кедейін айтып береді. Бұл – көлеңкелі экономикамен күрестің бір түрі.

**3. Бюджетті тазарту және алаяқтықты жою**

Үш ай бойы шотта қозғалыс жоқ болса, шетелге көшіп кетсе, қайтыс болған адамның атына түсіп жатса – мұндай төлемдерді тоқтату керек. Мемлекет жылдар бойы «өлі жандарға» төлеп келді. Енді цифрлық жүйе арқылы мұны автоматты тазартады.

**4. Патернализмнен кету – «Мемлекет бәріне қарыз емес»**

Бұрынғы қағида – «мемлекет бәріне беруі керек» еді. Жаңа қағида – «мемлекет тек мұқтажға көмектеседі». Министрлік өзі де мойындап отыр:

> «Бұл – бюджетті қысқарту емес», - дейді.

Рас, қысқарту емес, қайта бөлу. Байға бермей қалған ақша бюджетте қалады, ол ақшаға шынымен мұқтаждардың жәрдемақысын көбейтуге мүмкіндік туады. Бірақ халық неден қорқады?Халықтың қорқынышы орынды. Ертең «картаңда 200 мың теңге жатыр екен, сен ауқаттысың» деп танып, жәрдемақыдан айырып тастамай ма? Екіншіден, банк құпиясы деген – өте нәзік дүние.

> «Мемлекет менің қайда, қанша жаратқанымды көреді», - деген түсінік елді үркітеді.

Сондықтан Үкімет алдына үлкен міндет қойып отыр. 2027 жылға дейін осы скоринг жүйесінің әділ екенін, бір тиынға зар болып отырған ананы «бай» деп танып қоймайтынын дәлелдеуі керек. Қысқасы, идеясы – әділетті. Бірақ орындалуы – өте қауіпті. Егер жүйе қате жұмыс істесе, ең бай емес, ең аңқау, табысын жасыра алмайтын орта тап зардап шегеді.

---

Опубликовано: 2026-10-09T09:58:32+05:00

Обновлено: 2026-10-09T09:58:34+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-09-bajgha-bermej-muqtazhgha-beru-uekimet-nege-zhaerdemaqyny-suezgiden-oetkizbek/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.