---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-09-orta-daelizdegi-zhel-resejsiz-zholdy-45-zhylda-sala-almadyq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Орта дәліздегі жел: Ресейсіз жолды 4,5 жылда сала алмадық

![Флаг России на фоне неба](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/rossiya-gotova-otvetit-na-konfiskacziyu-aktivov-zapadom-mid-bizmedia.kz_.jpg)

Украина мен Ресей Еуропа нарығынан кетті, болат, көмір, астық бағасы шарықтады. Қазақстан үшін бұл тарихи терезе еді. Бірақ 4,5 жылда Орта дәліз кеңеймегендіктен, босаған орынды Түркия, Үндістан, Қытай алып кетті.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/rossiya-gotova-otvetit-na-konfiskacziyu-aktivov-zapadom-mid-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/rossiya-gotova-otvetit-na-konfiskacziyu-aktivov-zapadom-mid-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

## Болат нарығы босады, бірақ біз кіре алмадық

Тамыз-қыркүйекте Ресей зымырандары Украинаның барлық болат зауытын қиратты. ВВС жазғандай, Украинада металлургия тоқтады. Бұрын бұл сала ЖІӨ-нің 10%-ы, экспорттың үштен бірі еді.Оған дейін санкция салдарынан Ресей болаты да Еуропадан ығысқан. Еуропаның өзі газ қымбаттап, болат өндірісін азайтқан. Нәтиже – Еуропада болат тапшы, баға қымбат. Теорияда Qarmet үшін үлкен мүмкіндік.Бірақ іс жүзінде кірмедік. Себебі жол жоқ. Ресей темір жолы мен порты жабық. Орта дәліз (ТМТМ) тар: Ақтау – Баку – Грузия – Еуропа бағыты қымбат, баяу Каспийде кеме, портта инфрақұрылым аз Грузия порттары дайын емес.  Бос орынды Түркия, Үндістан, Қытай, Корея алды.

**Көмір, астық, мұнай – бәрінде бір кедергі**

Көмір: 2022 жылы ЕО Ресей көмірінен бас тартқанда баға аспанға шықты. Екібастұз көміріне сұраныс зор болды. Бірақ тасымалдайтын құрғақ жүк кемесі болмады. Еуропа көмірді Колумбия, ОАР-дан алды. Терезе жабылды

**Астық:******

Қара теңізде тасымал тұрып қалғанда Египет, Иранда нан қымбаттады. Қазақстан бидайын сол жаққа сата алар еді. Бірақ Каспий-Иран дәлізі дамымаған, Иран санкцияда. Нәтижеде Орталық Азияда да арзан ресейлік бидайдан жеңіліп отырмыз.

**Мұнай:** ****

Экспорттың 80%-ы КТК-мен, ол Ресей жерімен өтеді, Украина шабуылынан бірнеше рет тоқтады. Каспий арқылы баламаны көбейте алмадық.Жанармай: Үш зауытымыз бар, көршілерге бензин, дизель сатып хаб бола алар едік. Оның орнына экспортқа тыйым салып, нарықты Ресейге бердік.

**Сирек металл:**

Батыс литий, кобальт үшін Қытайдан құтылғысы келеді. Бізде қоры бар, бірақ 4,5 жылда бірде-бір өңдеу зауыты салынбады, бәрі қағаз жүзінде.

## Түйін: 4,5 жыл неге жетпеді?

Соғыс басталғалы 4,5 жыл өтті. Бұл – жол салуға жететін уақыт. Бірақ Астана инфрақұрылымдық тәуелділіктен шыға алмады.Босаған Еуропа нарығын икемді елдер алды. Қазақстанға тек жанама пайда – мұнай, металл бағасы өссе, қазынаға аздап түседі. Ал стратегиялық қорытынды біреу: Ресейсіз жол салмайынша, кез келген геосаяси мүмкіндік біз үшін тек жел болып өте береді.

---

Опубликовано: 2026-10-09T09:52:30+05:00

Обновлено: 2026-10-09T09:52:33+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-09-orta-daelizdegi-zhel-resejsiz-zholdy-45-zhylda-sala-almadyq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.