---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-09-tangbasyz-tauar-oetpejdi-200-evrodan-assa-salyq-qosylady-onlajn-saudada-ne-oezgeredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Таңбасыз тауар өтпейді, 200 евродан асса салық қосылады: онлайн саудада не өзгереді

![Банковская карта и компьютер](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/01/kak-bezopasno-sovershat-onlajn-pokupki_bizmedia-kz_.jpg)

Онлайн саудада екі қатаң өзгеріс қатар келді. Бірі – Ресейге, бірі – шетелден тауар алдыратындарға қатысты.

[![Фото: Fotolia / thanatip](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/01/kak-bezopasno-sovershat-onlajn-pokupki_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/01/kak-bezopasno-sovershat-onlajn-pokupki_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Fotolia / thanatip

1. Ресей таңбасыз тауарды кіргізбейді.

31 қазаннан бастап Ресейде таңбасы жоқ тауар маркетплейске шықпайды. Wildberries, Ozon-да сауда жасап жүрген қазақ кәсіпкерлері осы кедергіге тап болуы мүмкін. Бұған дейін қазақ сатушысы ресейлік таңба алу үшін Ресейде компания ашуы керек еді.

## Енді олай емес

Қазақстан мен Ресейдің ұлттық операторлары келісімге қол қойды. «Таңба» ұйымының басқарушы директоры Алмат Исмаиловтың айтуынша, қарашадан бастап қазақ кәсіпкері Ресейде заңды тұлға ашпай-ақ, таңбаға тікелей тапсырыс бере алады.Алғашқы тізімде:көлік дөңгелегітұрмыстық химия мен әсемдік бұйымдарытәттінің жекелеген түрлеріфотоаппаратбала ойыншығысужануарға арналған жемЯғни, қарашаға дейін үлгермесеңіз, тауарыңыз Ресей алаңына өтпей қалуы мүмкін.

2. Шетелден келген сәлемдеме енді жеке зат емес.

## Екінші өзгеріс – бізге қатысты

Қазақстан ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілген түзетуді бекітті.Бұрын шетелден алдырған тауар «жеке қолданысқа арналған зат» деп саналатын. Енді ол – электронды сауда.Сіз үшін рәсімдеу қиындамайды, кедендік жұмысты тасымалдаушы өзі атқарады.Бірақ төлейтін ақшаңыз көбейеді: Тапсырыс 200 евродан асса – үстіне 5% баж және 16% салық қосыладыБұрынғы 31 келі деген салмақ шегі алынып тасталдыМысалы, 250 евроға телефон алсаңыз, 200-ден асқан 50 евроға салық есептеледі. Түзетулер ЕАЭО-ға кіретін барлық ел бекіткен соң күшіне енеді. Қазір бәрі бекітіп болған, тек Ресей қалды. Жеңілдік жүрмейтін тауарлар да бар: солярий, іштен жанатын қозғалтқыш, медициналық жиһаз, ойын автоматы, қару-жарақ, қазба сүйектері, қауіпті қалдықтар.

## Не істеу керек?

Сатушы болсаңыз – қарашаны күтпей, қандай тауарыңызға таңба керек екенін дәл қазір нақтылаңыз. Сатып алушы болсаңыз – шетелден 200 евродан қымбат тауар алдырсаңыз, үстіне 21% қосымша шығын қосылатынын есептеңіз.

---

Опубликовано: 2026-10-09T11:58:56+05:00

Обновлено: 2026-10-09T11:58:59+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-09-tangbasyz-tauar-oetpejdi-200-evrodan-assa-salyq-qosylady-onlajn-saudada-ne-oezgeredi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.