---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-10-bir-sebettegi-munaj-balamasy-zhoq-zholdyng-baghasy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бір себеттегі мұнай: Баламасы жоқ жолдың бағасы

![Добыча нефти](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology.jpg)

24 шілдеде түсте Новороссийскідегі диспетчер КТК-ны жапты. 1500 шақырым жердегі Теңізде өндіріс 12 сағатта 925 мыңнан 406 мың баррельге құлады. Мұнайды құятын ыдыс болмады. Сол бір түйме 30 жыл бойы 80 пайыз мұнайын бір құбырға байлаған Қазақстан үшін "баламасы жоқ жолдың" бағасын көрсетті.

[![ИИ-иллюстрация atlascompany / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology-1024x578.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology.jpg)ИИ-иллюстрация atlascompany / Freepik.com

**Бұл кездейсоқ апат емес**

Бұл жүйенің заңдылығы. КТК – жай құбыр емес, Ресей жерімен 1500 шақырым жүріп өтіп, Новороссийскідегі үш айлақ арқылы әлемге шығатын жалғыз күре жол. 1997 жылдан бері біздің барлық мұнай саясаты соған байланған.

**Алматыдағы KIOGE-да сол жүйенің екі дауысы естілді**

Біріншісі – КТК өкілі Қайыргелді Қабылдин. Ол "баламаның қажеті жоқ" деді. Оның уәжі – артық мұнай жоқ. Үш алып – Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ – КТК-ға сыйып тұр. Ормұз жабылса, ешкім жаңа бұғаз қазып жатқан жоқ.Екіншісі – сарапшы Нұрлан Жұмағұлов "балама керек"дегенді ашып айтты. Оның уәжі – артық тәуекел бар. Ешкім Украинадағы соғыстың қашан бітетінін білмейді. Ол соғыс Ұлы Отан соғысынан да ұзаққа кетті.

**Сандар екінші дауыстың жағында тұр**

2025 жылы КТК-ға 4 рет дрон тиді. 2026 жылы – 8 рет. Тек шілдеде 3 күн қатарынан ASIA мен NISSOS IOS танкерлері жанды. Екі айлақ өртенді. КТК 3 күнге тоқтады. Өндіріс бір күнде 180 мың баррельге қысқарды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов "3,5 миллион тонна мұнайды өндірмей, жерде қалдырдық" деді. Жылдық жоспар 98 миллионнан 96 миллион тоннаға түсті. Тек экспорттық баждан бір айда 300 миллион доллар шығын болды. Бір дронның бағасы – бір облыстың бюджеті.Бұған темірдің тозғанын қос. Жұмағұловтың айтуынша, КТК-ның бір айлақ қондырғысына 20 жылдан асты. Ол теңіз тұзында шіріп тұр. Ауыстыру керек. Ал дайын жаңа қондырғы БАӘ-де шаң басып жатыр. Иранға байланысты теңізбен әкеле алмайды. Оны күзететін кемені бомбалап тастаған. Ресейде балама кеме жоқ. КТК-ны тек сыртқы дрон емес, ішкі тозу да құлатып тұр.

**Тәуелділік дегеніміз – 80 пайыз ғана емес. Ол – тізбекті тәуелділік**

КТК тоқтаса, Теңіз тоқтайды. Теңіз тоқтаса, тауарлық газ тоқтайды. Газ тоқтаса, Ресейден импорт өседі. Пропан жетпей, KPI зауыты тоқтайды. Күкірт қышқылы тоқтайды. Бір құбырдың тағдыры бүкіл өнеркәсіптің тізбегін үзіп жібереді. Бұл каскадты біз 2025 жылдың басында көрдік.Сондықтан қазір 8 акционер дауды қойды. Олар – ҚазМұнайГаз, Chevron, ExxonMobil, Shell, Eni, Total. Олар австриялық ILF-қа тапсырыс берді. Баламаның ТЭО-сы жасалып жатыр.

Қорытындысы қараша-желтоқсанда шығады.Жобаның өзі – Ескенеден Маңғыстауға дейін 37 миллион тонналық құбыр. Одан әрі Каспийдің табанымен Бакуге дейін суасты құбыры. Немесе алып танкер флоты. Мақсат – 35 миллион тоннаға дейін әкету. Бұл қазіргі Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы кетіп жатқан 1,3 миллион тоннадан 30 есе көп.Бұл қымбат. Каспийдің астымен труба тарту арзан емес.

Бірақ министр Ақкенженов "маған Баку-Супса өмірлік қажет" деп отыр. Оның қуаты – 5 миллион тонна. "Егер сол жол болғанда, 3,5 миллион тонна жоғалған мұнайды Ақтау арқылы жіберер едім" деді. Ол түсінеді. Балама КТК-ны алмастырмайды. Ол оны сақтандырады. Сақтандыру ешқашан арзан болмайды. Бірақ сақтандырусыз қалу одан да қымбат.Ал **КТК-ны кім қорғайды? **

Бұл сұрақ экономикадан да ауыр. Ресей СІМ "біз Астанамен бірге қорғап жатырмыз" дейді. Ал сарапшы Марцинкевич "Chevron Ресейден ПВО сатып ала ма?" деп сұрайды. "Америкадан алса, ҰҚШҰ рұқсат бере ме? Оны кім басқарады?" КТК – тек темір емес. Ол – Ресей мен Батыс бір үстелде отырған жалғыз стол. Сол столды қазір дрон атқылап жатыр.

**Түйін біреу ғана. **

Қабылдин бүгінгі мұнайды ойлап "орын бар" дейді. Жұмағұлов ертеңгі тәуекелді ойлап "орын жоқ" дейді. 24 шілде көрсетті. Бір себеттегі мұнайдың бағасы – бір түймеге байлы. Сондықтан екінші жол салу – шығын емес. Бұл – тәуелсіздіктің сақтандыру полисі.

---

Опубликовано: 2026-10-10T12:57:25+05:00

Обновлено: 2026-10-10T12:57:28+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-10-bir-sebettegi-munaj-balamasy-zhoq-zholdyng-baghasy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.